Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Күбіртке 4833 9 пікір 29 Наурыз, 2022 сағат 13:38

Қазақстан ақпараттық соғысқа дайын ба?

Саясаттанушы Досым Сәтпаев Қазақстан ақпараттық соғыста қорғансыз екенін айтыпты. 

«Қазақстанның басшылығына ескерткім келеді. Қазақстан аумағында ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Ақпараттық соғыс Қазақстан қоғамын екіге бөлді. Қазақстан билігі болып жатқан оқиғаларға дайын әрі мұқият болуы керек. Өйткені, қазір азаматтық белсенділерге ғана емес, Қазақстанның өзіне «қоқан-лоқы» жасалып жатыр. Сондықтан, ақпараттық соғысқа дайын болыңыздар. Жайбарақат жүретін кез емес, ешкім одан 100% қорғана алмайды.

Өкінішке орай, бұған өзіміз жол беріп алдық. 30 жыл бойы Қазақстанның медиасын өз қолымызбен жойып, ал, бос қалған вакуумды үгіт-насихатын жүргізетін ресейлік арналар толтырды», - дейді Сәтпаев.

Ол медиа саласы әлсіз Қазақстанды тас сауыты жоқ тасбақаға теңеген.

«Егер Қазақстанның медиа құрылымдары мықты болса, бұл кез келген насихатқа қарсы қуатты қару болар еді. Ол бізде жоқ. Біз қорғансызбыз. Мен мұны сауытсыз тасбақа деп атаймын. Егер ертең бізге гибридті ақпараттық соққылар жасалса, онда біз оған төтеп бере алмаймыз. Қарсы тұра алмаймыз. Өйткені, Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғайтын адамдар жанымыздан табылмайды.  Мемлекеттің Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғайтын, әсіресе ақпараттық салада қорған болатын бірде-бір қуатты құралы жоқ», - дейді саясаттанушы.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1518
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3294
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5869