Жексенбі, 24 Қараша 2024
2700 5 пікір 29 Наурыз, 2022 сағат 14:31

Нұрқаділовтің өліміне қатысты тергеу әлі басталмады

Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты тергеу басталмағанын айтты. Бұл туралы Usbanov ARNASY жазады. 

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов 3 наурыз күні әкесінің қастандықпен өлтірілгені жайлы қылмыстық іс қозғауын сұрап, Бас прокуратураға өтініш жазған болатын.

«Бас прокуратура Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр деген ақпарат тарап кетті. Бас прокуратура бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. Қайрат Нұрқаділовтің арызы ведомствада әрі қарауда жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алматы облысының бұрынғы әкімі, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов саяси режимге қарсы батыл мәлімдемелер жасаған кейін 2004 жылы қызметінен алынады.

Көп ұзамай Нұрқаділов Қазақстандағы коррупцияға қарсы қоғамдық комитет құратынын жариялап, «Әділетті Қазақстан үшін» оппозициялық қозғалысының құрылтай комитеті құрамына кіреді.

2005 жылы 12 қарашада оның өлі денесі өз үйінен табылды. Басынан бір, кеудесінен екі рет атып, «өзін-өзі өлтірді» деген ресми мәлімдемеге көпшілік сенбейді. Заманбек Нұрқаділовтың өлімі әлі күнге жұмбақ күйде қалып отыр.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560