Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2938 0 пікір 19 Қазан, 2012 сағат 09:57

КСРО-ның әскери билеті қолданыста жүр

Қызыл жұлдызды әскери билетті көр­ген адам «Кеңес Одағы кезінде Отан алдын­дағы борышын өтеген болар» деген ойда қалары сөзсіз. Бірақ бір топ құжат ішінен қолға түскен әскери билет 2003 жылы бе­­рілген екен. Көріп көзіміз шарасы­нан шық­­ты. Неге Отан алдындағы борышын өтеген Қазақстан азамат­тарына ондаған жылдар өтсе де қызыл әскери билет бе­рі­ліп келген?

Қызыл құжат сыртында «СССР, Военный билет, Ми­нистерство обороны» деп жазулы тұр. Бұл -Кеңес Одағы­ның құжаты. Билет 2003 жы­лы берілді десек, тәуелсіз Қа­зақстанда 10 жыл­дан астам уақыт бойы неліктен әскери билет жа­салмаған? Әр бетіне балға мен орақ суреті басылған билет неге күні бүгінге дейін қолда­ныста жүр? Сұрақтар сан түрлі, бірақ бұл мә­селенің жауабын жергілікті әскери қыз­мет­кер­лер айта алмады. Ал әскери билет иесі Сұлтанбек Молбаев: «Біз­дің топтағы барлық сарбаздарға қызыл билет берілді. Бірақ тәуелсіздіктің на­қы­шы бар өз әскери құ­жа­ты­мыздың болғаны жақ­сы еді» дейді.
Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының өз төл­құжаты, жеке куәлігі бар. Кейбірі сан мәрте ал­масты. Тек ер-азаматтардың өз жерінде Отан алдындағы борышын өтеп, «СССР» деген жаз­басы бар әскери билетпен жүргені қорғаныс са­ласына сын емес пе?!

Алтынай САҒЫНДЫҚОВА

Ақтөбе

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377