Ресейлік сарапшы: Қазақстан одақтас емес!
Ресейлік сарапшылар мен саясаткерлер Қазақстанның Батыс тарапынан салынған санкцияларды ұстануына қатысты көзқарасына үлкен түсініспеушілік білдіруде. Тіпті сес көрсету деңгейіндегі сұхбаттар беріп, бағдарламаларында шолулар жасауда.
Он күн бұрын Қазақстанның қорғаныс министрі мен АҚШ-тың арнайы өкілдерінің бірі Джуди Куо кездесіп, екі ел арасындағы әскери ынтымақтастықты дамытуға қатысты келіссөздер өткізді .Тараптар әріптестік, өзара тәжірибе алмасу, бітімгерлік миссиясы бойынша тіл үйрету және мамандарды дайындауға қатысты талқы өткізген. Қазақстан мен Ұлыбритания арасында да аталмыш бағыттағы келіссөздер өтуі мүмкін. Бұл ақпараттардың барлығы да Ресей тарапынан қандай да бір сатқындық іспеттес қабыл алынуда.
Мысалы ресейлік Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің халықаралық қатынастар, саясаттану және шетелдік аймақтану факультетінің доценті Вадим Трухачев былай дейді: "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың не айтатынын күтейік. Алайда оның үнсіздігі үлкен сұрақтарды туындатуда. Тіпті Қазақстан Ресейдің одақтасы ма деген сұрақ та көкейде тұр.
Әрине, бұның ЕЭО мен ҰҚШҰ-ға келетін зияны бар. Дегенмен шындыққа тура қарап, Қазақстан нақты қандай екенін көре білуіміз керек. Қазақстан бізге жау емес, бірақ ол одақтас та емес".
Осылайша тағы бір ресейлік сарапшы Қазақстанды "одақтас емес" деп атады.
Abai.kz