Сенбі, 23 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 3667 6 пікір 8 Сәуір, 2022 сағат 14:08

«Өртенген резиденцияны сүруге 6 млрд теңге керек»

«Қасіретті қаңтар» оқиғасынан кейін экономикаға келген шығын орасан. Бұл қираған ғимарат, өртенген дүкен, тоналған банктен бөлек елге келмей қалған бірнеше млрд долларлық инвестициялар десек те болады. Ал енді ғимараттарды қалпына келтіруге кететін қаржы мөлшері белгілі бола бастады. 

Алшматы қаласында қаңтарда зардап шегіп, өртеніп кеткен ғимараттың бірі президент резиденциясы еді. Оған демонтаж жасау үшін 6 млрд теңге кететіні айтылуда. Қаржы вице-министрі Татьяна Савельеваның сөзінше қаңтарда айтқан президент тапсырмасын орындауға 1,8 трлн теңге қаржы бөлінбек. Бұл қаржыға аймақтар мен кәсіпкерлікті қолдау кіреді. Өзге де экономикаға қатысты міндеттерді орындау қарастырылуда. Бөлінген қаржы үш мақсатта жұмсалмақ.

«Бірінші мақсатта қаңтардағы оқиғалардың салдарын жою үшін 31 млрд теңге қаржы бөлінбек. Оның ішінде Алматы қаласы мен өзге аймақтардағы зардап шеккен кіші бизнес өкілдеріне 21 млрд теңге бөлінеді. Жалпы бизнесті қолдау үшін экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 45 млрд теңгедей қаржы қажет. Үкімет резервінен қазірдің өзінде 24 млрд теңге қаржы бөлінді», - дейді ол.

Қаңтарда зардап шеккен әкімшілік, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіруге бөлінген қаржы мөлшері 10 млрд теңге көлемінде.

«Инфрақұрылымды қалпына келтіруге жалпы қажеттілік 22 миллиард теңгені құрайды. Қазірдің өзінде үкімет резервінен 12 миллиард теңге бөлінді, қалған 37 миллиард теңгені де үкіметтен резервке қойдық. Құжаттар бар. Нақты қарастырылған жағдайда бұл қаражаттың барлығы бөлінеді. Алматыдағы президент резиденциясына ғимараттар мен құрылыстарды демонтаждау үшін 6 млрд теңге жоспарланған», - деді ол.

Қаржының екінші бөлігі күштік құрылымдардың дайындығын арттыру мен жарақтандыруға бөлінбек. Оған қосымша 441 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр екен. Оның ішінде 4,1 млрд теңге компенсация ретінде беріледі.  Әскери техникаларды жөндеу, әскери нысандар мен күштік құрылым ғимараттарын жөндеуге қаржы бөлінеді. Күштік құрылым қызметкерлерінің саны мен жалақысын арттыру үшін қосымша 92 млрд теңге қарастырылған. Әскери қызметкерердің жалақасы 20%-40% артады.

Бұған дейін аймақтарға қаңтардағы шығынды қалпына келтіру үшін 75 млрд теңге қажет екені айтылған еді.

Ка Мырза

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383