Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Анық 3410 0 пікір 16 Наурыз, 2022 сағат 17:03

Жолдау: Ассамблеяның рөлі мен парламенттегі орны

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі сайлау жүйесіне жіне өкілді билік тармағын қайта құруға ерекше көңіл бөлді. Мемлекет басшысының өкілеттігі неғұрлым басым болса, ол соғұрлым шексіз билік иесіне айналатынын айтты президент. Ол сондықтан да президентті көп өкілеттігінен айырған дұрыс деп есептейтінін, осылайша қоғамды демократиялануға жетелейтінін атап өтті.

«Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруымыз керек. Сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтамыз. Шын мәнінде, елімізде өкілді билік тармағы мықты болуы қажет», - деді президент. Тоқаев ең алдымен Сенатты жасақтау тәртібін өзгерту керек екенін айтты. Бүгінде жоғары палата жоғарғы палата 49 депутаттан құралған. Әр өңірден екі сенатор сайланады,  15 сенаторды мемлекет басшысы тағайындайды. Бұл құрылым әдетте аймақтардың ерекшелігін ескеріп, заң шығару ісіне  мемлекет басшысының тікелей ықпал етуіне мүмкіндік берді. Ендігі кезекте бұл құрылымның ескіргенін ескеріп, өзгерту жұмыстары жүргізілмек. Сондықтан президенттің Сенаттағы квотасын бақылаудың құралы етпей, Парламентте өкілдері аз әлеуметтік топтардың үні мен ой-пікірін ескеру тетігі ретінде қарастырған жөн деп шешті. Президент сенаттағы квотасын 15 депутаттан 10 депутатқа азайтты. Сонымен қатар, олардың бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы сайламайды, тек ұсыныс беретін болды. Ешкімге жасанды артықшылық бермеген соң. Парламенттің төменгі палатасында елміздің түрлі саяси көзқарастағы азаматтарының үні естілетін болады. Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасын алып тастады.

«Менің ойымша, бұл – саяси жағынан да, заңдық тұрғыдан да дұрыс қадам. Бұл квота Сенатқа ауысады және 9-дан 5 депутатқа дейін кемиді. Соның нәтижесінде Мәжілістегі депутаттардың жалпы саны азаяды. «Аз болса да, саз болғаны» жақсы. Мұндай өзгеріс түрлі этностық топтарға мандат беріп, олардың үні жоғарғы палатада естілуіне мүмкіндік жасайды. Жалпы, Сенаттың жоғарғы палата ретінде жұмыс істеуін дұрыс әрі орынды деп санаймын», - деді бұл туралы Президент.

Бір жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау өтті. Сайлауға президент Қасым-Жомарт Тоқаев, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.

«Бүгін Конституциямыз бойынша Қазақ­стан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 кандидатқа дауыс бердік. Ассамблеямыз 25 жыл­дан бері еліміздегі этнос­тар мен діндерді бір-біріне жақын­дас­тыратын, төзімділікке тәрбие­лейтін, бірлікті насихаттайтын, елімізді алға жетелейтін бірегей органға айналып келе жатыр»,- деген еді Елбасы.

Сол сайлауда Сауытбек Абдрахманов – 298, Аветик Амирханян – 270, Ильяс Буларов – 274, Наталья Дементьева – 292, Юрий Ли – 282, Вакиль Набиев – 285, Шамиль Осин – 271, Владимир Тохтасунов – 277, Абилфас Хамедов 290 дауысқа ие болып Мәжіліс депутаттығына  өтті.

Енді биылдан бастап Президенттің тапсырмасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан 5 депутат сайлана алады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлемдегі қос палаталы парламенті бар Еуропа елдерін мысалға алды.

«Ал, Сенаттың өкілеттігін Конституциялық кеңес пен Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымына ұсынылатын кандидаттарға келісім беру құқығымен толықтырған жөн. Бұл өзгеріс саяси жүйедегі тепе-теңдік және тежемелік механизмдерін елеулі түрде нығайта түседі, заң шығару үдерісін едәуір жеңілдетеді. Сонымен қатар, төменгі палатаның құзыретін кеңейту қажет”, - деді президент.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сайлау тәртібі туралы ғана емес, үйлесімді аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды.

«Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатын болады", - деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Мемлекет басшысы партияларды тіркеу рәсімі бұрынғыдан жеңілдейтінін  айтты. Ол: «тіркеу шегін 4 есеге, яғни 20 мыңнан 5 мың адамға азайту керек. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетіледі. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азаяды", - деді. Сондай-ақ Президент әлеуметтік желіде үгіт-насихат жүргізуге заң бойынша рұқсат беруді ұсынды. Байланыс технологиялары белсенді дамып жатқан заманда кандидаттар мен партиялардың әлеуметтік желідегі белсенділігінің маңызы зор екендігін айтты. «Алайда, әлеуметтік желідегі үгіт-насихат қолданыстағы заңнама арқылы реттелмеген. Тиісті регламент пен ережені бекіте отырып, әлеуметтік желіде үгіт-насихат жүргізуге заң бойынша рұқсат беруді ұсынамын. Сондай-ақ, байқаушылардың қызметін заңмен реттеу керек. Бұл институт та ашық сайлау жүйесінің ажырамас бөлігі саналады", - деп сөйледі Президент.

Президенттің сөзінше, заңнамаға мемлекет басшысының облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кем дегенде екі кандидатураны балама ұсыну құқығын реттейтін түзетулер қажет. Осылайша, «Президент облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерін мәслихаттардың қарастыруын ескеріп тағайындайды", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Тоқаев жекелеген адамдардың сайлау барысына ықпал етуіне жол бермеу үшін сайлау қорына салынатын соманың жоғарғы шегін анықтау керек екенін атады.

«Конституция және халықаралық құқық бойынша Қазақстандағы кез-келген сайлау – біздің ешкім араласуға қақы жоқ ішкі ісіміз. Бірақ, бұл норма сайлау нәтижесіне шетелден ықпал етуге әрекет жасау ықтималдығын жоққа шығармайды.

Қазір әлемде түрлі гибридті қауіптер, оның ішінде сайлау технологияларын қолдану арқылы жасалатын қатерлер көбейіп келеді. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, елімізде өтетін сайлауларға шетелдердің араласуына қандай да бір мүмкіндік бермеу үшін заңнамалық деңгейде нақты шаралар қабылдауға тиіспіз»,-деді өз сөзінде Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, азаматтардың билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берілу керек. Мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және өңірдегі тұрмыс сапасын жақсартуға әсер етеді. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063