Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3564 0 пікір 26 Қазан, 2012 сағат 11:19

Құрбан айт: Мереке қарсаңындағы масқара

Бүгін - барша мұсылман қауымының Құрбан айт мерекесі. Күллі мұсылман елдері Алладан нығмет етілген үлкен мерекеге өткізу үстінде. Жаратқаннан медет сұрап, дұға тілектерін оқыса, бес парыздың бірі саналатын қажылықтың да өтелетін уақыты. Бұл адам баласына деген Жаратушы тарту еткен үлкен сый. Дегенмен,  осы үлкен мереке басталар алдында Талдықорғанда қазақ, мұсылман десе пейілі тарылып, ұлы орыстық шовинизм дертіне шалдыққан Селюнин деген жасанды журналист-кәсіпкер шығаратын «Талдыкорганская Жизнь» газетінің ашықтан-ашық сайқымазағына айналдық па деп ойлаймын. Оған төмендегі жазғаным дәлел бола алады.

Алматы облысы, Талдықорған қаласында «Талдыкорганская Жизнь» қоғамдық-жарнамалық  газет бар. Міне сол газеттің бейсенбі, 25 қазан күні жарық көрген №12 санының бірінші бетінде бүкіл мұсылман қауымға жаға ұстатар жарияланым орын тепті.  Ресми тілде жазылған құттықтауда өрескел қате кеткен. Анығында қате емес, әдейі жасалған  қорлау ма деп ойлайсың. Селюнин бастаған журналистсымақтар талдықорғандықтарды «Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын» деп жетісулық мұсылман халқын масқаралапты. Газеттің бірінші бетіне айшықты етіліп:  «Ид мубурак!» деп жазылыпты. Еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан бауырлас мұсылман қауымының сөзі болар деп, өз тарапымыздан бірер елдің сөздігін, діни кітаптарды  сараладық. Алайда дәл осы мерекемен құттықтауға қатысты мұндай  сөзді таба алмадық. Дінбасылардан да сұрадық, олар да жағаларын ұстап отыр. Сонда қалай, бұл сауатсыздық па, жоқ әлде қасақана жасалған арандатушылық па?! Өздеріңіз күнде естіп жатырсыздар. Әлемнің әр түпкірінде санасында сандырақ бар арандатушылар Пайғамбарымызды мазақ етіп, құранды өртеп, мұсылмандардың ар намысын таптауда. Ал, осы даудың жалыны басылмай тұрғанда кезеңде жоғарыдағыдай сұмдықтың облыс орталығында жарық көретін жекеменшік газетте қалайша жарияланғанын және нені  көксегенін түсінбедік.  Баспасөзде кеткен әріп қатесі десең, кооректордан бастап редакторға дейін қадағалайтын бірінші бетте үлкен шрифтпен басылғандығынан бола қисынға келмейді. Сонымен бүкіл мұсылман Айт мерекесін емес, ид мерекесін тойлайтындай күй кештік. Айтып айтпай не керек...

Ә. Сана

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300