Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1990 0 пікір 14 Қазан, 2012 сағат 07:21

БАӘ Президенті мен ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Шымкентте кездесті

Шымкент қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімовтің кездесуі болды.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, тауар айналымын ұлғайту, келісімдік-құқықтық базаны жаңғырту жайында да әңгіме өрбіді. Бұрынғы Кеңестік кеңістікте тұңғыш рет Қазақстанда жұмыс істей бастаған «Әл-Хилял» банкінің қызметі оң бағаланды. Шымкентте бұл банк өкілдігі ашылған болатын. Сонымен қатар, Әмірліктің демеушілігі арқасында 3 мың адамға арналып мешіт салынып жатыр. Облыс орталығында шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян қоры тұрғызған 120 орындық перинатальды орталық жұмыс істейді. Екі ел арасында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктер Іскерлік кеңесі арқылы шағын және орта бизнес өкілдерінің әріптестік қарым-қатынасын жаңғырту, оларға қолайлы жағдай жасау және қолдау көрсету керектігі де айтылды. Кездесу барысында сан сала бойынша екіжақты ынтымақтастықты алдағы уақытта жандандыру қажеттігі кеңінен айтылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439