Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
46 - сөз 4035 21 пікір 4 Мамыр, 2022 сағат 14:55

Қазақ тілі олардың балаларына мұқтаж емес...

Мен ауылдағы таза қазақ мектебінің түлегімін. Оқу бітіріп бірінші жұмысыма кіргенде орысша екі ауыз сөзді дұрыс айта алмаушы едім. Яғни ішкі дүнием, болмысым таза қазақи.

Сол қазақи болмысыммен өмір бойы мұнай саласында қызмет етіп келем. Жәй мердігер компанияда қарапайым жұмысшы да, елдегі ең ірі мұнай компаниясында бөлім басшысы да болдым. Қазір жұмысым шетелде, басқа елдің ұлттық компаниясында шақырылған маманмын.

Егер біреулер айтқандай қазақ мектебі сапалы білім бермейтін болса қазақ мектебін бітірген мен қалай жүрмін? Ешқандай арнайы мектепте емес, тіпті гимназия да емес, жәй сыныпта оқыдым. Қазір үш тілде еркін сөйлеймін, ал ең бастысы - өз ана тілімде еркін және сүйсініп сөйлеймін.

Бұрын балаларын орысшаға беріп жатырғандарға ренжитін едім, патриоттық сезімдерін оятуға тырысушы едім. Қазір маған бәрібір. Оқыта берсін. Балалары болашақта Қазақстанда тұратын болса тілден қиналады. Себебі ана тіліміз уақыт өте іс жүзінде мемлекеттік тілге айналады. Оны білмейтіндер жұмысқа кіре алмайтын болады, ал кіре қалса өсе алмайды. Мен үшін бұл анық нәрсе.

Астанадағы айқайды көрдім. Мектеп директоры да, қатысқан депутаттар да өте жақсы айтты. Бірақ олардың орнында мен болсам ана екі әйелді баларыңды қазақшаға беріңдер деп үгіттемес едім. Қазақ тілі олардың баларына мұқтаж емес, керісінше олар мұқтаж болады. Өрге сүйрегенде жүрмесе таңдау өздерінікі.

Арман Рахмет

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1992