Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3556 0 пікір 23 Шілде, 2009 сағат 16:17

Мұнайлы Астанада мұз айдыны салынып қос құрлықты жалғастырған қос көпір ашылды

22-ші шілде күні Атырау қаласында екі көпір және мұз айдыны ашылды.

Қаланың Еуропа бөлігіндегі Әлиев көшесі мен Азия бетіндегі Сатыбалдиев көшелерін байланыстыратын көпірге «Сұлтан Бейбарыс» атауы берілді. Бұл көпір ірі жобаның бастауы: аталған көпір арқылы өтетін, Атырау әуе жайынан бастап темір жол вокзалына дейінгі аралық ендігі жерде «Сұлтан Бейбарыс даңғылы» деп аталатын болады.

Енді бұл аралықты, яғни, қаланың бір шетінен келесі шетіне жүрдек автокөлікпен бар болғаны 8-10 минутта жүріп өтуге болады. Ал, Сатыбалдиев пен Әлиев есімдері қаланың өзге бөліктеріндегі көшелердің біріне беріледі. Болашақта осы даңғылды қаланың орталық бөлігіне айналдыру көзделіп отыр. Оны бойлай бизнес және ойын-сауық орталықтары, әлеуметтік маңызды ғимараттар, жалпы айтқанда заманауи инфрақұрылым бой көтермек.

Салтанатты шарада атыраулықтарды құттықтап сөз сөйлеген Бергей Сәулебайұлы, облыста жоспарланған бес көпірдің екеуінің халық игілігіне айналғалы отырғанын, қалған үшеуінің құрылысы таяу мерзімде аяқталатынын хабарлады.

Сондай-ақ, қалада салынып біткен ірі спорт ғимараттарының бірі де тұрғындарға есігін айқара ашты. Ол - мұз айдыны сарайы. Аталған ғимарат, өткен аптада ғана пайдалануға берілген Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың дәл қасында орналасқан. Бұл кешенге қалалық ономастикалық комиссия және қалалық мәслихат шешімімен Халық Қаһарманы, қазақтың қайсар ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың аты берілді. Екі қатарлы ғимараттың үлкен мұз алаңы мен көрермендер орнынан басқа, қажетті құрал-жабдықтармен толықтай жарақтандырылған жаттықтырушылар кабинеті, спортшылардың дайындық залы секілді 20-ға жуық бөлме бар.

Мұз айдынының сапасын Астанадан келген мәнерлеп сырғанау шеберлері «Нью-Йорк, Нью-Йорк» әніне негізделген әдемі композицияларымен тексерсе, «Атырау» хоккей клубы мен «КазТрансГаз» командасы спортшылары жолдастық кездесу өткізіп, көрерменге әдемі ойын өрнегін паш етті.

«Тұсау кесілген» үшінші нысан - Авангард мөлтек ауданы мен Тұрғындар қалашығын байланыстыратын көпір болды. Лента қию рәсімі қала әкімі Сәлімжан Нақпаев пен қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Тайыр Ғұмаровтың еншісіне тиді. «Мұнайшы» атауы берілген бұл көпір де қаладағы көлік қозғалысын едәуір жеңілдететін болды.

Көпірлердің көлемдік көрсеткіші:

«БЕЙБАРЫС СҰЛТАН» көпірі:

Жалпы ұзындығы: 800 метр;

Көпірдің ұзындығы - 380, 74 метр, ені - 22 метр;

Төрт жолақты көлік жолының ені - 16 метр, екі қапталдағы жаяу жүргіншілер жолының ені - 2,5 метр;

«МҰНАЙШЫ» КӨПІРІ:

Жалпы ұзындығы: 693 метр;

Көпірдің ұзындығы - 483,1метр, ені - 17 метр.

Төрт жолақты көлік жолының ені - 14 метр, екі қапталдағы жаяу жүргіншілер жолының ені - 1 метр;

МҰЗ АЙДЫНЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ:

Жалпы аумағы: 6000 ш.м.

Мұз айдынының аумағы: 1880 ш.м.

Сыйымдылығы: 800 көрермендік орын.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610