Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2919 0 пікір 19 Мамыр, 2022 сағат 13:32

Тергеудегі Боранбаев және Ресейдегі McDonald’s

Ресейге салынған санкцияларға байланысты әлемдік брендтер Ресей аумағынан кетіп жатыр. Мыңнан астам компания Ресей нарығынан кеткен, жұмысын уақытша шектеген немесе Ресейге өнім жеткізуге тыйым салған.

Ресей нарығындағы ең ірі компанияның бірі жылдам тамақтанудың әлемдік нышаны саналатын McDonald's компаниясы. 16 мамыр күні McDonald’s Ресейден түбегейлі кететінін мәлімдеген болатын, бұған дейін ол жұмысын уақытиша тоқтатқан еді. Компанияның Ресей аумағында 850 мейрамханасы мен 62 мың жұмысшысы бар.

Bloomberg басылымының мәліметінше McDonald’s компаниясы Ресей нарығында қалуды жөн деп санамайды. Наурыз айында Ресей аумағындағы мейрамханаларды жапқан McDonald’s қызметкерлеріне айлық төлеуді тоқтатпаған болатын. Ендігі сатып алушы компания келісімге сай қызметкерледі жұмыстан айырмауы тиіс және келісім уақыты аяқталғанға дейін айлық төлеуге міндетті деген шарт енгізбек. Компания өзінің "М" айрықша белгісін барлық мейрамханалардан шешіп тастамақ.

Ресейден кететін McDonald’s мейрамханаларын The Bell басылымының жазуы бойынша не Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы саналатын Қайрат Боранбаев, не Новокузнецк кәсіпкері Александр Говор сатып алуы мүмкін. Келісім жайлы нақты ақпарат бүгін, яғни 19 мамыр күні жарияланады деп күтілуде. Қайрат Боранбаев бұған дейін McDonald'sтың Свердловск, Орынбор, Челябинск, Курганск, Түмен және Кировск облыстарындағы мейрамханаларын басқаратын компанияға иелік еткен еді. Сонымен бірге ол  Беларусь пен Қазақстанлағы McDonald's франшизасының иегері. Алайда Боранбаев Қазақстанда істі болып, тергеуде жатқандықтан оның бұл келісімді жасау мүмкіндігі де аз.

Компанияны сатып алуы мүмкін екінші үміткер Александр Говор McDonald's  Новосибирск, Бердск, Томбы, Кемеров, Новокузнецк, Барнаул, Красноярск қалаларындағы 25 мейрамханасына иелік еткен. "НефтеХимСервис" компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі саналады.

Сарапшылар McDonald's мейрамханаларын кім сатып алса да, ол ендігі таңда Ресей нарығында дами алмайтынын айтады. Олардың болжамы бойынша 850 мейрамхананың 500-ден астамы жабылуы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470