Жұма, 22 Қараша 2024
Арылу 5856 8 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 13:49

Қазақ тілді мазақ киноларға тоқтау бар ма?

Осы мәселені әлеуметтік желіде Мұрат Есжан бауырымыз көтерді. Енді сол жазбаға кезек берейік:

«Тым жылауықтыққа салынып, жоқтан өзгеден астар іздеуді аса ұнатпаймын. Дегенмен бір нәрсе көзіме түсе береді. Қазақтар түсіретін комедияларда (киносы бар, сериалы бар) неге қазақша сөйлейтін кейіпкерлер кедей, ақымақ, сауатсыз, қара жұмыс істеуші, топырлатып бала туып, соларды баға алмай жүрген, үйсіз-күйсіз боп келеді де, орысша сөйлейтін кейіпкерлер бай, ақылды, заманауи етіп көрсетіледі?

Біреу әдейі істеп отыр деп конспирологияға салынғым жоқ, сатира театрлары дәуірінен қалыптасып, квн-ді көктей өтіп, киноға мұра болған клише ме деп ойлаймын. Десе де, соны түсіріп жатқанда неге бір адам, мейлі режиссер, мейлі актер, «әй, мынау қалай?» демейді екен? Жасап жатқан да, түсіп жатқан да қап-қара қазақтар емес пе? «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» деген осы екен ғой.

Әгәрәки сондай кино, сериалды білсеңіз осы жазбаның астына атын атап, түсін түстеп жазып кетіңізші. Ең болмаса, жинап-тернеп мақала жазайық», - дейді.

Осы жазбаға өз түсініктемесін қалдырған Гульшат Ади болса: «Алакөзова Баянның бастауы, кинода екі тілде сөйлеуді сол шығарды білуімше, қалай құтыламыз енді...», - деп әлем елдерінде жоқ шұбарланған қос тілділікке тосқауыл қоюға шақырады.

«Сонда ұлттық сипаты жоқ кинолардан қалай құтыламыз?» деген ортақ сауалға Алаш болып жауап іздейтін кез туды.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257