Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3165 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 15:55

Ерлерін ескермеген ел бола ма?

 

Осыдан 200 жыл бұрын Ырғыз, Торғай, Тобыл, Есіл өзендері арасын мекен еткен қалың қазақ ішінде ағайынды қос жігіт - Салпы-Мүсіреп аты қатар айтылатын болған. Екеуі де айтқандары қата кетпес батагөй, құралайды көзге атқан мерген әрі батыр, мәрт, нағыз сайыпқыран азаматтар екен. Мылтықтарын оқтап тұрып атып жіберіп, оқ қолдауынан десе қолдауға, шабынан десе шапқа, көзінен десе көзінен, ал бір құлағынан кіріп, бір құлағынан шығады десе тура солай айнымай оғы тиген, берген баталары сол айтылған қалпында орындалып отырған осы екеуін жұртшылық бірінен бірін бөлмей Мүсіреп-Салпы деп қатар айтып, екеуін де әулие деп құрметтепті.

 

Осыдан 200 жыл бұрын Ырғыз, Торғай, Тобыл, Есіл өзендері арасын мекен еткен қалың қазақ ішінде ағайынды қос жігіт - Салпы-Мүсіреп аты қатар айтылатын болған. Екеуі де айтқандары қата кетпес батагөй, құралайды көзге атқан мерген әрі батыр, мәрт, нағыз сайыпқыран азаматтар екен. Мылтықтарын оқтап тұрып атып жіберіп, оқ қолдауынан десе қолдауға, шабынан десе шапқа, көзінен десе көзінен, ал бір құлағынан кіріп, бір құлағынан шығады десе тура солай айнымай оғы тиген, берген баталары сол айтылған қалпында орындалып отырған осы екеуін жұртшылық бірінен бірін бөлмей Мүсіреп-Салпы деп қатар айтып, екеуін де әулие деп құрметтепті.

Қостанай облысындағы Әу­лиекөл ауданының қақ ортасында Кеңес өкіметі орнағанға дейін ескіден келе жатқан көне зиратқа осы Мүсіреп әулие жерленгенін көне көздер айтып жүріпті. Кеңес өкіметі орнаған соң да біразға дейін қастер­леніп келген зират соғыс аяқ­тал­ған соң сыпырылып, орнына мектеп салынады. Бірақ тапа-тал түсте мектеп өзінен өзі өр­теніп кетеді. Артынан ол орын­ға монша салады. Моншаның да ғұмыры қысқа болып, ол да алдыңғының кебін құшады. Сал­ған құрылыс баяндамайтын болған соң оның орнына стадион салынады. Бірақ жеткін­шектердің бірінен соң бірінің аяқ-қолдары сына берген соң сасқан халық не істейміз дегенде, өзге дінді бір кемпір до­ңызды сойғызып, алаңды айналдырып оның қанын шашу керек деп өзі ойға алған шарасын орындайды. Таң атысымен зират орнынан батысқа қарай бе­тін түзеп бір түйе боздай жөне­леді. Әулиекөлдіктер болса содан былай түйе боздап бет ал­ған көлді «Әулиекөл» атап, қан­ша заман өтсе де әулие аталары жатқан жер турасындағы әфса­наны ата-әжелері немере­леріне жеткізіп отырған.

«Жас өспей ме, жарлы байымай ма?», дейді халық. Бүгінгі күні тәуелсіздіктің тәтті дәмін 20 жыл татқан, құлақтарында ата-әжелері айтқан әңгімелер қалған есті ұрпақ өткенін түген­деп, бүгінгісін қаттап жатқан жұртшылық биыл жаз аяқасты болған бабалар рухын тіріл­тейік деп, зират орнын қоршап, әулие басына ескерткіш қоюды ұйғарыпты. Оны ауданның басшылары мен қосшылары жөн көріп, осы шара үшін арнайы «Әулиекөл» аудандық қоры ашы­лып, оның есебінен белгі салдыру ұйғарылады. Аудан әкімі Жомарт Мирасұлының қол­дауымен бой көтерген осы ескерткіштің жуырда ашылуы өткізілді.

Белгінің ашылу салтанатын жүргізген әрі осы істің бастамашысы болған әулиекөлдік қа­дірменді ақсақал Сағындық Қа­жымағамбетұлы: «Жыртыл­ға­ны­­мызды бүтіндеп, жоғалтқа­ны­мызды тауып, шашылғаны­мызды теріп алатын ұрпақтың барлығы, біз ұлы бабалары­мыз­дың жалғасымыз деген жастар­дың өсіп келе жатқаны біздер­дей ақсақалдардың бойына қуат, ойына қанат бітіретінін қалай айтпасқа. Ал кейінгі ұр­пақтарға ақ алмастай асылдары­мыздың әзіз есімдерін әспеттеп, қадір-қасиетін өзіміз біліп қой­май, өзгеге де таныту, әруақтар­ды қастерлей білетін жұрт деп біздің ауданды айтуға әбден болады» деп соңғы жылдар ішінде ауданда атқарылған жақсы істерді жұртшылық есіне бір салып, алда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов пен батыр Сұлтан Баймағамбетовке ескерткіш қою жоспарланып отырғанына ел-жұрт атынан ризашылығын жет­кізген.

Белгіні аудан әкімі Жомарт Мирасұлы мен қадірменді ақ­сақал, әулие ұрпағы Жұмақан Садуақасұлы ашты. Әруақтарға дұға бағышталған соң әулие ұрпақтары атынан Еңбек сіңір­ген дәрігер Асқар Байжұманов, Әулиекөл халқы атынан аудан­дық ардагерлер ұйымының төр­ағасы Әкімбек қажы, ақын На­ға­шыбай Мұқатов сөз сөйледі. Соңынан әруақтарға арнап ұр­пақтары ас берді.

Осылайша, Әулиекөл орта­лы­ғында Мүсіреп Алдабер­ген­ұлы мен орны жоғалған зиратта жерленген басқа да әруақтарға арналған белгі қойылып, ба­тысқа қарап боздап кеткен боз інгеннің бетін қайтадан елді мекенге бұрғызып, көл басына боз інгеннің де тас мүсінін орнатты әулиекөлдік есті жұрт.

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377