"Зейнатақыма күн көре алмайтын едім"
Қазақстанның еңбек сіңірген шебері Дәулет Тұрлыханов журналист Аман Тасығанның TALK LIKE бағдарламасында зейнетақысының мөлшерін айтты.
"Менің алатын зейнетақым — 57 мың теңге. Кәсіпкерлік жұмыспен айналыспасам, күн көре алмайтын едім, бала-шағамды асырай алмайтын едім. Әрине, ішім жанып тұрады, кілемге барып жұмыс істесем деген. Бірақ бала-шағаны кім асырайды, кім көріктендіреді?! Айына, жылына демалысқа, курортқа бару үшін де ақша керек қой.
Енді мен туған-туыстан, бала-шағадан демалып келейін деп ақша сұрап жүрмеймін ғой. Сондықтан кәрілікті жақсы қарсы алсам, ешкімге тәуелді болмай, керек кезде жұбайымды алып Дубайға, Сарыағашқа барып келсем, соған мүмкіншілік болса деп ойлаймын. Ал балалар өз аяқтарын өздері алып кетсе біз үшін одан артық бақыт жоқ", - деді Дәулет Тұрлыханов.
Бүгінде Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті қызметін атқаратын Дәулет Тұрлыханов зейнетақыға тәуелді емеспін дейді.
Abai.kz