Интернет-конференция: Молдияр Серікбаев
Интернет-конференциямыздың кезекті қонағы - геолог-картограф Молдияр Серікбаев. Қазақ жеріндегі елді-мекендер мен жер-судың көне әм тарихи атауын жақсы білетін шежіре қарт «Аbai.kz» ақпараттық порталының оқырмандары тарапынан болатын сауалдарға жауап беруге келіп отыр.
Молдияр аға 1933 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Жаңаталап жеті жылдық мектебінде сауат ашып, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауылында Абай атындағы он жылдық мектепті тәмамдаған. 1951 жылы С. М. Киров атындағы Университеттің геологоия-география факультетінің геология бөліміне түсіп, аталған оқу орнын 1956 жылы 26 маусымда тәмамдаған. Мамандығын куәландыратын дипломы қолына тиісімен Екатеринбург қаласында орналасқан КСРО-ның құрылыс минситрінің жанындағы Орал геолнерудтресстің геологиялық экспедициясына қызметке тұрады.
1958 жылдан бастап 1972 жылға дейін жерді картаға түсіру экспедициясында геолог болып қызмет атқарды. Бұл экспедицияның құрамында Ленинградтан, Мәскеуден, Воронежден, Самарқанттан, Киевтен, Львовтан жоғары оқу орындарын бітірген кешенді білімі бар геологтар жұмыс істеді.
1972-1991 жылдар аралығында Қ. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдыр иниститутында бас маман, жетекші инженер болды.
1991-1993 жылдар аралығында геология министрлігінің қазақ геология қорында жетекші маман болып істеді.

Картография-геодезия қорының шақыруы бойынша ол 1994-95 жылдары қазақ тілінде әкімшілік-аумақтық карта жасап шықты. 1995-2003 жылдар аралығында 14 облыстың аумақтық-әкімшілік картасын жасады. 2003 жылдан 2006 жылға дейін Қорғаныс министрлігінің картография саласымен айналысатын орталығында болып, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қытаймен және Орта Азия елдерімен шектесетін аймақтарын қамтыған 26 парақтан тұратын аумақтық-әкімшілік картасын қағазға түсірді.
«Қазақтың ұлттық шекарасы жоқ, - дейді Молдияр Серікбайұлы. - Қазіргі шекараның белдеуінде қазақтың этнографиялық, археологиялық, этникалық, тарихи ескі ата-қоныстары еш қарастырылмады. Бұл мәселені ешкім ескерген жоқ».
«Елді мекендердің аттарын қойған кезде тарихи, табиғи атауларды, жер-сулардың бұрынғы аттарын ескеріп қою керек. Мәселенки, Еңбекшіқазақ ауданындағы (Алматы облысы) Маловодное беріге дейін Атамқұл ауылы болып келген. Атамқұл Әжібай деген сушы-тоғаншының баласы екен. Қызылжар да табиғи ат. Осындай атауларды қалпына келтіреміз десек кім қолымыздан қағып отыр?» - дейді қонағымыз.
Молдияр ақсақалға сауал қойып, ой бөлісемін десеңіз, мархамат, құрметті оқырман.
«Abai.kz»