Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2858 0 пікір 26 Қараша, 2012 сағат 09:29

Маңғыстаудың әкімі Мұхамеджанов Президент сенімінен шыға алмады, әрі қарай не болмақ?

Маңғыстау облысын басқаруға Бауыржан Мұхамеджановтың жіберілгенге де жылға жуық уақыт өтіпті. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға орын алған өңірге Елбасы сеніп тағайындаған әкім ел есінде қандай айшықты ісімен қалды?

Жарасы жазылмаған Жаңаөзенде, жалпы облыста қандай да бір өзгерістер болды ма? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеп көрмекпіз.

Біздіңше, Бауыржан Мұхамеджанов есімі маңғыстаулықтардың қала берді бүкіл республика халқының есінде тек қаланың атын өзгертуге қатысты мәселемен ғана қалатын сыңайлы. Себебі, жергілікті халықтың әл-ауқаты әлі де болсын сын көтермейді.

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайына жүргізілген салыстырмалы талдаудың нәтижесі көңіл көншітпейді. Өкінішке қарай, 2012 жылдың жартыжылдығындағы мәліметтер мақтауға лайық емес.

Ресми статистика бойынша соңғы алты айдың ішінде азық-түлік өндірісі - 27 пайызға, машинажасау - 29, химиялық өндіріс - 6,2 пайызға төмендеп кеткен. Бұдан әрі көлік саласына инвестиция - 48,2 пайызға, құрылыс - 7,2, жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар - 24,6, құрылыс пен жөндеу жұмыстары - 9,8, күрделі құрылыс - 4,2 пайызға құлдыраған. Барлық салада жай ғана тұралау емес, жан-жақты құлдырау анық байқалады.

Елбасының тың идеяларының ішінде осы салаларды дамыту арқылы әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыру мәселесі де бар. Президенттің нақты тапсырмасы болып табылатын әлеуметтік модернизацияны іске асыру үшін алдымен осы салаларды көтеру қажет. Халыққа ең қажетті азық-түлік өнімдерінің 27 пайызға төмендеуінен өңірдегі күнделікті тұтыну тауарларының бағасы қымбаттаған. Қарапайым азаматтарға мұнайдан кейінгі табыс көзіне айналған құрылыс саласы бұрынғы қарқынын жоғалтқан. Әкімдердің ептілігі көп жағдайда инвестиция тартып, жергілікті экономиканы аяғынан тұрғызумен өлшенеді. Алайда,Б. Мұхамеджановтан мұндай икемділік байқалмайды. Оған дәлел - көлік саласына инвестиция көлемінің құлдилауы.

Облыста демографиялық жағдай қалыпты жағдайда. Десе де, бұл қосымша жұмыс көздері қарастырылмаған, мұнайдан басқа кіріс көзі жоқ аймақтағы жұмыссыздық көрсеткішін өсіре түскен. Өйткені, облыс халқының 47,9 па-йызы ауылдық жерлерде тұрады. Бұл дегеніміз - ауылшаруашылығын дамытуға қолайсыз өңірдегі елді мекендердің тұрғындары екі қолға бір күрек таппай жүргені.

Бір ғана Жаңаөзен қаласында биыл дүние-ге келген сәбидің саны - 3,5 мың екен. Бұл - бұрындары бір ауданды өніммен қамтамасыз ететін білдей совхоз тұрғындарының саны! Халықтың жалпы саны жұмыс орындарынан 4 есе көп. Демек, Мемлекет басшысы-ның жергілікті халықты жұмыспен қамту туралы тапсырма әлі шешімін тапқан жоқ. Өйткені, Бауыржан Мұхамеджанов облыстағы проблемаларды еңсере алмады.

Жаңаөзен оқиғасынан кейін облыс тізгіні сеніп тапсырылған Б. Мұхамеджановтан жергілікті халық қана емес, тұтас республика халқы үлкен үміт күткен. Президент сеніп тағайындаған. Тура тәуелсіздік күні болған қырғынға себеп болған мәселелердің уақыт өткен сайын қордалана беруі жергілікті әкімді ойлантуы тиіс еді. Алайда, проблемалардың оң шешім табатын түрі көрінбейді. Керісінше, халық Бауыржан Мұхамеджановты Жаңаөзен қаласының атын өзгертуге құлшынып жүр деп кінәлап отыр.

Бір жыл дегеніміз қолынан іс келетін әкімді өзін көрсетуі үшін аз уақыт емес. Осы аралықта облыс әкімі тың идеялары мен жаңа бастамаларын көрсете алмады. Президенттік нақты тапсырмаларын жүзеге асыра алмаған басшының халық назарын Жаңаөзен атауын өзгертуге бұрғысы келгендігі шарасыздық емей немене?

Ж. ЖҰМӘДІЛ

"Ұлт таймс" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341