Стипендия: "Елбасы" сөзі алынып тасталады
Мәдениет министрлігі Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы стипендиясының атауын өзгертуді ұсынды. Тиісті бұйрықтың жобасы Open NРA порталында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, олар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» жарлықтың атауын «Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы» деп өзгертуді ұсынған.
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Қосымша берілген мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындау қағидалары бекітілсін” делінген жоба тұжырымдамасында.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Abai.kz