«Нұрсәт»-тен баспаналы болғандардың нұрлы болашаққа сенімі мол
Шымкентте 30 пәтерден тұратын көпқабатты жалдық-коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді.
Баспаналы болған отбасылардың арасында соғыс ардагерлері, әлеуеті төмен отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері де бар.
Нұрсәт мөлтекауданнан бой көтерген тұрғын үй «Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына 80 әлеуметтік нысан» шарасы аясында тапсырылды.
«Біздің облысымызда қазір 45 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 32 нысанды тапсыруды жоспарлап отырмыз. Яғни, 1378 пәтер өз иелеріне беріледі. Жалпы 100 мың шаршы метрдің құрылысы аяқталады», дейді Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов.
Келесі жыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Тұрғын үй жылы» деп жарияланды. Сексеннен астам көпқабатты үй құрылысы басталады. Оны салу үшін 3 млрд. теңге Республикалық бюджеттен және 12 млрд теңге жергілікті бюджеттен қарастырылған. Нәтижесінде 280 мың шаршы метр үй салынған бойда баспанаға мұқтаж отбасыларға берілмек.
«Абай-ақпарат»