Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 7960 3 пікір 15 Шілде, 2022 сағат 18:31

Рашит Махат: «Махамбет Абжанның ісі бойынша барлығын айттым»

3 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аса ірі көлемде бопсалаушылық туралы іс бойынша ұсталған қазақстандық журналист Махамбет Абжанның ұсталғанын хабарлады. «ORDA News» YouTube-арнасында «Бажкеноваға жауап бер» бағдарламасының шығарылымы жарық көрді.

Онда журналист ісіне қатысты өтініш берген бизнесмен Рашит Махат жанжалды оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Toppress.kz.

«Ол адам мен туралы өтірікке толы ақпаратты жарияламас үшін маған беделіме және халықаралық компанияға зиян келтіргенін айтып жазып, ақша сұратты. Онда жазылғандардың барлығы дерлік жала жабу сипатында еді. Майнингті басқа меншік иесіне қайта аударды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Біздің компания халықаралық және соңғы үш жылда «Үлкен төрттікпен» аудиттелген, өйткені инвесторлардың басым бөлігін америкалық және британдық қорлар құрайды, олардың басқаруындағы жалпы портфель 100 миллиард доллардан асады. Мұндай әлемде бар болғаны 12 ферма ғана бар, олардың басым бөлігі Солтүстік Америкада орналасқан, ал Қазақстанда үш ферма жұмыс істейді», – деді Махат.

Бизнесмен егер компромат шын мәнінде бар болса, онда құқық қорғау органдарына жүгінбейтінін атап өтті.

«Егер компромат болғанда мүмкін мен құқық қорғау органдарына жүгінуге күмәнданар ма едім. Не үшін ақша төлеуім керек? Өзімдікін дұрыс деп сезінгенім үшін бе? Мен сот бәрін дәлелдейтініне сенімдімін, меніңше бәрімізге шыдамдылық қажет, сотты күту керек және барлық жайттар ашылар», - деп түсіндірді спикер.

Махат сондай-ақ Махамбет Абжанмен ешқашан кездеспегенін де айтып өтті. Журналист барлық келіссөздерді бизнесменнің заңгерлерімен жүргізген.

«Оның іс-әрекетінің себебі маған белгісіз, мүмкін пайдаға кенелгісі келген шығар. Онымен жеке кездеспегенмін, ол оларды талап етпеді, тек менің өкіліммен кездесіп, ақша талап еткен», - деді бизнесмен.

Сұхбат барысында ол Махамбет Абжанның жарияланымдарында сөз болған компания туралы айтып берді.

«Genesis Digital Assets компаниясының негізін 2013 жылы екі неміс математигі қалады және 2016 жылы олар өз қызметін Қазақстанда бастаған болатын. 2018 жылдың өзінде елде майнинг өнеркәсібі дами бастады. Осы қызметті дамыту мүмкіндігі пайда болған кезде, біз бұл мүмкіндікті жіберіп алған жоқпыз. 2016-2017 жылдары сала ретінде майнинг туралы ешкім білген жоқ. Біздің неміс серіктестеріміз ол кезде Қытайда жұмыс істеді және Қазақстанда да өз бизнесі арта түсетін орындарды іздеді. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, майнинг фермаларына қолайлы нысандарды іздеуді бастадық», - деді Махат.

Сөз соңында бизнесмен Гүлнар Бажкенованың бопсалау ісі бойынша бітімгершілік келісімнің мүмкіндігі туралы сұрағына жауап берді.

«Менің ойымша, журналистік қызмет, ең алдымен, фактчекингпен тығыз байланысты болуы керек әрі ол жариялаған нәрселер екі рет тексерістен өтуі қажет еді. Бірақ ешкім компанияның сайтына кіріп, акционердің кім екенін көруге тырыспады. Егер моральдық аспектілер туралы айтатын болсақ, бітімгершілік келісім барысында құдайға сенетін адам ретінде, менде ешқандай проблема жоқ... кез келген жағдайда, оны уәкілетті орган – сот шешеді», – деп түйіндеді Рашит Махат.

Коллаж Toppress.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395