Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3282 0 пікір 28 Шілде, 2009 сағат 09:53

ҚМГ БӨ қаңтар-маусымда өндіруді 3,8%-ға төмендетіп 5,6 млн тоннаға жеткізді

Астана. 28 шілде. ҚазТАГ– «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай газ компаниясының еншілесі) қаңтар-маусымда өндіруді 2008 жылғы аталған аралықпен салыстырғанда 3,8%-ға төмендетіп 5,6 млн тоннаға жеткізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі сейсенбі күні.

«ҚМГ БӨ, «Қазгермұнай» мен CCEL-дегі үлестерін қоса есептегенде 2009 жылдың бірінші тоқсанында 5 млн 673 мың т мұнай өндірді (230,7 мың барр/тәулік), ол 2008 жылғы сәйкес аралықпен салыстырғанда  226 мың тонаға немесе 3,8%-ға аз», - делінген таратылған хабарда.

«Өзенмұнайгаз» бен «Ембімұнайгаз» өндірістік бөлімшелері қаңтар-маусымда өндіруді 5,8% , яғни 4,4 млн т-ға (179,8 мың барр/тәулікке) төмендетті, делінген хабарда.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 2009 жылы Өзен мен Ембі кеніштерінде мұнай өндіру 9,1 млн т. (184,32 мың барр/тәулік) болады деп болжануда.

ҚМГ БӨ-нің үлесі 50% болатын «Қазгермұнай» мен CCEL-дегі кеніштерде тиісінше 3,1 млн т. (67 мың барр/тәулік) және 1,8 млн т. (33 мың барр/тәулік) өндіру жоспарлануда.

«Алдын ала мәліметтер бойынша 2009 жылдың алғашқы жартысында сатып алушыларға 4 млн 334 мың т. мұнай жөнелтілді («Қазгермұнай» мен CCEL-ді есептемегенде), оның ішінде экспортқа 3 млн 580 мың т. жіберілді», - делінген баспасөз хабарында.

«Қазгермұнай» мен CCEL-дегі шикізат сатудағы ҚМГ БӨ үлесі 1 млн 176 мың т. мұнайды құрады (2008 жылдың қаңтар-маусымынан 1,8 % артық), олардың 1 млн т-нан артығы экспортталды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2274
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3591