Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3705 0 пікір 30 Қараша, 2012 сағат 08:48

Балжан МҰРАТҚЫЗЫ. АЛАҢДАУ МЕН АРАНДАУ

Қазақстанда кім кімнің сойылын соғады деген сұрақ бұрын да болған, қазір де бар. Бұл әсіресе жекелеген депутаттар мен ақпарат құралдарына қатысты көп айтылып келген. Әлдеқандай бір кландық топтардың қолшоқпары болып кеткендердің аты аталып, түсі түстеліп қоятын кейде. Соның арасында тағы бірқатар басылымдарды біздің сөзімізді сөйлемейді, сырт елдердің сөзін сөйлейді деп күстаналайтынымыз да рас. Бірақ соның бәрі эмоциямен айтыла салған көп сөздің бірі сияқты көрінетін еді. Кезекті рет «Қазақстанның мүддесіне қарсы жұмыс істейтіндер бар» деген әңгіме шыққанда, кәдімгідей ойланып қалдық.
Тақырып жанкүйерлерін пікірталасқа шақырған себебіміз сол еді.  Саясаттанушы Мұхит Асанбай бірден:
- Қазақстанның мүддесіне қарсы шығатын журналистер де, сарапшысымақтар да жетеді, - деп салды. - Тіпті көп-көрім аты бар академиялық ұйымдар да, Президенттің атын жамылып жүрген институттар да бар. Ал ол жерде жұмыс істейтін адамдар кілең ресейшіл, себебі, басшылығы ресейшіл.
-    Ниеті, пиғылы сондайларды атап бере аласыз ба?
-    ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты бар, Болат Сұлтанов басқаратын. Барып тұрған ресейшіл. Жылына 100 конференция жасаса, соның 90-ы Ресейге қатысты.
-    Мысалы...

Қазақстанда кім кімнің сойылын соғады деген сұрақ бұрын да болған, қазір де бар. Бұл әсіресе жекелеген депутаттар мен ақпарат құралдарына қатысты көп айтылып келген. Әлдеқандай бір кландық топтардың қолшоқпары болып кеткендердің аты аталып, түсі түстеліп қоятын кейде. Соның арасында тағы бірқатар басылымдарды біздің сөзімізді сөйлемейді, сырт елдердің сөзін сөйлейді деп күстаналайтынымыз да рас. Бірақ соның бәрі эмоциямен айтыла салған көп сөздің бірі сияқты көрінетін еді. Кезекті рет «Қазақстанның мүддесіне қарсы жұмыс істейтіндер бар» деген әңгіме шыққанда, кәдімгідей ойланып қалдық.
Тақырып жанкүйерлерін пікірталасқа шақырған себебіміз сол еді.  Саясаттанушы Мұхит Асанбай бірден:
- Қазақстанның мүддесіне қарсы шығатын журналистер де, сарапшысымақтар да жетеді, - деп салды. - Тіпті көп-көрім аты бар академиялық ұйымдар да, Президенттің атын жамылып жүрген институттар да бар. Ал ол жерде жұмыс істейтін адамдар кілең ресейшіл, себебі, басшылығы ресейшіл.
-    Ниеті, пиғылы сондайларды атап бере аласыз ба?
-    ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты бар, Болат Сұлтанов басқаратын. Барып тұрған ресейшіл. Жылына 100 конференция жасаса, соның 90-ы Ресейге қатысты.
-    Мысалы...
-    Сайтына кіріп, сараптама жасап көріңіз, мысалы. Бірде-бір мақала Қазақстанның көп векторлы саясатын жақтамайды. Ресей мен Қытайға қатысты ғана жасалады. Ал біздің Президенттің көп векторлы саясаты қайда? Біле білсеңіз, ол саясат бізде әлі бар және оны ұстану керек. Оларда істейтін қызметкерлердің қазақша сөйлейтіндері аз. Орысы, кәрісі, ұйғыры, «қара орысы» да бар, тек қана қазақтың мүддесін қорғайтын, қазақша білетін адам жоқтың қасы. Қазақтың сөзін сөйлейтін адамдар жоқ емес бар, бірақ ол жерде бірді-екілі ғана. Себебі мүдделері басқа. Тағы да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының жанындағы әлемдік экономика және саясат институты деген бар. Оны басқаратын Бектас Мұхамеджанов. Бұл да көп жағынан ресейшіл ме деп қалдым. Оның дөңгелек үстеліне қатасып көргеннен кейін айтып отырмын. Сұлтанов, Мұхамеджанов секілділер Кеңес кезінде «қырғи қабақ» соғыстың категориясында ойланып үйренген адамдар ғой. Қазір әлем өзгеріп кетті. Ал олар сол «холодная войнаның» категориясымен ойлайды. Мәскеуде оқып келгендер қазақтың мүддесін қалай қорғайды сонда?
-    Бәрін бірдей бұлайша кінәлай беруге болмас. Әр нәрсенің шегі бар емес пе?
-    Аттарын атамай-ақ қояйын, Мәскеудің сарапшыларының сұрауы бойынша ол жерден жұмыстан қуылған адамдар да бар. Мен білген соң айтам ғой. Қандай сұрағыңыз бар тағы?
-    Шет елге жұмыс істейтін қазақстандық журналистер бар деген әңгіме де шығып жатыр соңғы кезде. Ол неліктен?
-    Журналистер деймісің, олар да бар. Орыстілді БАҚ-тардағы орыстілді журналистердің біразы Қазақстанның тәуелсіздігіне алаңдаушылық білдірмей отыр. Бұл ненің белгісі? Олардың кейбірі іштерінен Ресейдің мүддесін қорғап отыр десе, таңғалудың керегі жоқ. Бірде-бір орыстілді журналист Кедендік одаққа қарсы шыққан жоқ, мәселен. Кедендік одақты жақтайтын журналистер де бар, түрі қазақ, бірақ орыстілді. «...Бізге көпвекторлы саясаттың қажеті жоқ, оның уақыты өтті», - деп қояды. Ал шын мәнісінде біз көп векторлы саясатты ұстануымыз керек. Біз көбіне Қытай мен Ресейдің экспансиясына ұрынамыз да жатамыз. Себебі АҚШ пен Батыстың ықпалы жоқ. Олардың тайраңдап жүргені де сондықтан...
Иә, бұл тақырыпқа пікір білдіретіндердің эмоциясын шектеу қиын. Артық-кем айтылып жатқан сөздің бәрі нысанаға дөп тимейтінін іштері сезеді. Бірақ айтқан сөзінен қайтпайды. Неге?
Себебі Қазақстан мен Ресей азаматтарының арасындағы экономикалық, кәсіпкерлік қатынас кей жағдайда саяси астар алып кетіп жатады. Бұл жөнінде жақында «Время» газеті «Братья Сутягинские начинают крестовый медиапоход на Казахстан?» деген мақала жазды. Оқып отырсаңыз, нағыз ақпараттық қауіпсіздікке қатысты материал. Жоғарыда сөз болған жайттарға тікелей қатысы болмаса да, біраз шетін мәселенің шетін түртіп шығарып отыр.
Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы МАТАЕВ:
-    Жалпы мен ондайды естіген емеспін, - деді, «сыртқа қызмет істеп жатқан журналистер бар ма?» деген сұрағымызға.
-    Ал экстримистік пиғылы бар деп бас прокуратура жауып жатқан «Стан ТВ», «К+» интернет порталдары, «Республика», «Голос Республики», «Взгляд» газеттерінің Қазақстан аумағында таралуына тыйым салып жатқаны туралы не айтасыз?
-    Оны сот шешу керек...
-    Сіздің пікіріңіз қандай?
-    Ол енді түсінікті. Козлов сотталды, Лондонда Әбіләзовтың соты болып жатыр. Соларға жақын БАҚ-тарды тазалап жатыр.
-    Қазақстандық БАҚ-тарды солардың ықпалынан тазалап жатыр дейсіз ғой...
-    Иә. Міне, мәселе қайда жатыр? Соңғы кезде дін саласы да көп тазартылды.
Елдің тынышы кетіп бара жатқан соң, билік амалсыз сондай қадамға барды.  Басында тіркеді, басқа бағыт алып бара жатқан соң таратты. Ал ол сала мен бұл саланың айырмасы неде? Асанбаев сияқтылар неге алаңдап отыр? Жарайды, ол атаған мекемелер нақ сондай болмай-ақ қойсын. Оған біздің де күмәніміз бар. Бірақ кейбір саясаттанушыларымыз тәуелсіздік мәселесі сөз болғанда екі жағалауда тұрғандай сөйлеседі. Сол сияқты, орыстілді газеттердің ішінен «Central Asia monitor» газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин сияқты: «Қазақ газеттерінен тақырып іздеп жүрмін», - деген қайсысын көрдіңіз? Ал қазақ газеттерінің негізгі тақырыбы көбінесе тәуелсіз елдің әлі де орны толмай жатқан ұстындары екені айтпаса да түсінікті жайт.  
Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдарының мәселесін айтатын болсақ, тұңғиыққа құлдилап кететініміз бар өстіп. Кадр мәселесінен бастап, қазақтілді, орыстілді болып бөліне беретін, аядай ғана елдің ақпараттық кеңістігін «бөліп алып, билей алмай» жүргенінен бір-ақ шығады екенбіз. Басқасы басқа, соңғы кезде сан түрлі бәлеге ұшыраған ақпарат кеңістігіміз қоғамға кәдімгідей апат төндіріп отыр десек, ешкім «жағыңа жылан жұмыртқаласын» дей қоймас. Өйткені көзге көрінбейтін «мылтықсыз майдан» жүріп жатқанын көзі ашық жандардың бәрі біледі.
Соңғы кездері қазақстандық кейбір журналистер шетелдік ұйымдарға жұмыс істейді екен деген қауесетті естіп жүргенімізді несіне жасырайық? Ал өткен жолы Бас прокуратураның жасаған мәлімдемесі естігенімізді дәлелдегендей болды расында. «К+» телеарнасы, «Стан-ТВ», «Республика» интернет-порталдары материалдарының, «Республика», «Голос Республики», «Взгляд» газеттерінің тұжырымдамалық мәтіні «әлеуметтік араздық қоздыруға бағытталған» деп, «К+» телеарнасының, «Взгляд», «Голос Республики» газеттерінің, «Республика», «Стан-ТВ» интернет-порталдары жариялымдарының талдауларында мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін насихаттаулар бар», - деп мәлімдеп, Қазақстан аумағында таратылуына тыйым салынуы мүмкін екендігі айтылған болатын. Бәріміз оларды тәуелсіз БАҚ ретінде қарап, оларды сырттағы Әбіләзов қаржыландырады екен деген көр-жер әңгімені естіп қалатынымызға аса мән бермей келген едік. Енді келіп Бас прокуратура олардың бет пердесін сыпырып бергендей болып отыр. Халық білгенді билік білмейді емес, жақсы біледі.
«Ал сөз бостандығы қайда сонда?» деген сұрақ ауаға асылып қалды.    Сөз бостандығын Әбіләзовтан іздейтіндер үшін бұл - трагедия. Алақанымызды ысқылап, шапалақ ұрайық деп отырған біз жоқ. Билік «экстремистік пиғылы бар, билікті күшпен тартып алуға ниеті бар» деп танып жатса, неге бетпақтанып тұрып алуымыз керек? Сөздің шындығы неге билікті жамандап, көзін шұқумен өлшенуі тиіс? Сөз бостандығы тек билікке ғана емес, қоғамға да керек екенін неге естен шығарып ала береміз? Тәуелсіздікті құт емес, құбыжық қып көрсетіп жатса, неге қарап отыруымыз керек? Демократпын деп «күртеше» кигендердің пиғылы дұрыс емес екенін біле тұра, неге көз жұма қарауымыз керек? Мәселе билікте емес, кешке дейін шошаңдай берген «тәуелсіз» басылымдарда шығар мүмкін.

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295