Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4172 0 пікір 28 Шілде, 2009 сағат 09:57

Сенатор Имашев ҰҚК-нің Жәкішевтің ісіне қатысты әрекеттеріне таңданып, көңілі қалып отыр – газет

Алматы. 28 шілде. ҚазТАГ – Сенатор Берік Имашев ҰҚК-нің Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты әрекеттеріне таңданып, көңілі қалып отыр. «Время» газетіне сұхбат берген ол осындай пікір білдірді.

«Жәкішевті қорғау үшін менде ешқандай процессуалдық негіз жоқ. ҰҚК-нің мұны Мұхтарға неге түсіндірмегеніне таң қалып отырмын. Бұл жерде көп мәселе бар. Мұхтардың адвокатының жоқтығы және оған Қылмыстық-процессуалдық кодекске түсініктемелер бермей отырғаны менің көңілімді қалдырды. Қорғау құқығы дегеніміз сені білікті заңгерлік көмекпен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар, өзіңді қорғау құқығын пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Мұхтарға бұған неге рұқсат бермей отырғанына таң қаламын», - деді Б.Имашев сейсенбі күні жарық көрген сұхбатта.

Оның айтуынша, оның М. Жәкішевті қорғай алмайтындығы айдан анық.

«Қорғауды жүзеге асыра алатын субъектілердің белгілі бір санаттары бар: бұл күйеуі немесе әйелі, жақын туыстары - әкесі, анасы, ұлы, қызы, туған ағалары немесе қарындастары, заңды өкілдер және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері. Бұл белгілі жағдайлар… Мен ҰҚК түсінбеймін. Олар бұл істі реалити-шоуға айналдырып жатқандай сезімде қаласың: Қанафинге рұқсат бермеуді шешті, ал ондай құқығы жоқ Имашевтің айналасында соншалықты шу шығарып отыр … Алайда олар бәрін жақсы біледі, оларда бұл мәселеге қатысты жауап 13 шілдеден бері бар. Мен прокуратурада болдым. Мен олардың қолынан келсе, қатысуға дайын екенімді айттым. Солай!», - деп түсіндірді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1362
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1017
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 955