Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5945 0 пікір 21 Қараша, 2012 сағат 09:30

Тұңғыш Президент күні - халықтық мереке

Биыл Қазақстанда алғаш рет 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі өзінің жеке Әнұраны, мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.

Биыл Қазақстанда алғаш рет 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі өзінің жеке Әнұраны, мемлекеттік рәміздері бар тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.

КСРО күйреген өліара шақта, жерінің тұтастығын сақтай отырып, елдің іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп көтере отырып, тәуелсіздігі баянды, жасампаз Қазақстан мемлекетін құра білді. Күрмеуі көп қиын шақта, соқтықпалы, соқпақсыз кезде тыңнан түрен салып, өзіне сенім артқан жұртын ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеген һәм дамыған әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Президенттің орны ерек. Демек халық алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту еш әбестік емес. Қайта қуаныш, мәртебе. Жалпы, мұндай мереке әлемдік тәжірибеде бар. Дүниенің бірқатар елдері соңғы бір ғасырда мемлекеттерінің іргетасын қалаған арда ұлдарының еңбегін елеп-ескеріп, олар таққа мінген күнді салтанатты түрде, ұлттық мейрам етіп белгілеп тойлап келеді. Өзге мемлекеттерді былай қойғанда, әлемнің алпауыт елі АҚШ Президент күніне ерекше көңіл бөледі. 22 ақпанда жыл сайын АҚШ-та Президент күні деп аталып өтеді. Бұл мейрам 1782 жылдан бастау алады. Дәл осы жылы Вирджини штатындағы Ричмонд шаһарында алғаш рет АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның туған күні аталып өтті. Сөз жоқ, Штаттар елі үшін, тәуелсіздіктің атасы саналатын Вашингтонның орны алабөтен. Тойлауға атап өтуге тұратын бірегей тұлға. 19 ғасырдан, яғни 1880 жылдан бастап бұл күн АҚШ-та кең түрде аталып өте бастады. Салтанатты жиындар өткізіліп, танымал саясаткерлер шешендік сөздерін арнап жатты. Ал қарапайым халық та бұл мерекеден кенде қалған жоқ. Өздерінше тойлады. Атап өтті. Сөйтіп Президент күні халықтық мерекеге айналды. Сондай-ақ ақпан айында солтүстік пен оңтүстік соғысын тоқтатқан және Штаттар жеріндегі құлдық билікті жойған АҚШ үшін орны бөлек ұлы қайраткер, президент Авраам Линкольннің туған (12 ақпан) күні. Бұл күн ресми түрде мейрамдар қатарына қосылмаса да, көпшілік өздерінше атап өтіп жатады. 1971 жылы президент Ричард Никсонның екі ұлы Президент күнін бірге атап өту жөнінде ұсыныс білдірді. Сондай-ақ өзге президенттерді де осы күні еске алу керектігін еске салды. Содан бері ақпан айының үшінші дүйсенбі күні АҚШ-та жалпы халықтық демалыс күні болып белгіленіп, мейрам ретінде тойланып келеді. Бұл күні саяси шерулер, әртүрлі акциялар өтіп, онда халықтың рухын көтеретін әңгімелер айтылып, азаматтардың қандай мемлекетте өмір сүріп жатқандығын мақтанышпен еске салып отырады. 
Дәл осындай мереке біздің елімізде де жаңғырып, жаңаша жағдайда тәуелсіздігімізді паш етіп, аталып өтіп жатса жақсы емес пе? Біріншіден, бұл мемлекеттің іргетасын қалаған Тұңғыш Президентімізге ілтипат, екіншіден халықтың қандай елде тұрып жатқанын еске салып, сыйластыққа, достыққа шақыру, береке-бірлікке жетелеу болмақ.

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

«Айқын» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385