Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3059 0 пікір 5 Желтоқсан, 2012 сағат 09:45

Сенаторлар халықпен кездесті

Сенат төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен сенатор Сәрсенбай Еңсегенов облыстан шалғай жатқан Қызылқоға ауданында болды.

Сенат төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов пен сенатор Сәрсенбай Еңсегенов облыстан шалғай жатқан Қызылқоға ауданында болды.

Аудан жұртшылығымен жүздесуде Қызылқоға ауданының әкімі Мақсот Мұқанов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баян етті. Мәлім болғандай, ауданда 9 айда 60 млрд 973 млн теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндіріліп, аудан мұнайшылары 492,6 мың мұнай мен 12,6 млн текше метр газ алған. 
Төрт түлік малымен халқының тұрмы­сы жақсарып келе жатқан ауданда шағын және орта бизнесте ілгері қадамдар жасалып, аудан тұрғындары кәсіп ашып, нәсібін көре бастаған. Ірі қара мал басы өсіріп отырған ауданда ауылшаруашылығы саласында ет пен сүт өнімдерін өндіру де еселеп өсіп келеді. Бұдан басқа, ауызсу, газ және өзге де әлеуметтік маңызы бар салалардағы жетістіктерді саралап жеткізген аудан әкімі М.Мұқанов ауданда шешімін күтіп тұрған мәселелерді де сенаторлар алдында баян етті. 
Сенат төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов аудан жұртшылығымен жүздесуде соңғы он жылда ел экономикасы 16 есе өсіп, еліміздің әлеуметтік әлеуеті жақсарып келе жатқанын айтты. 
Оның айтуынша, Елбасымыздың сындарлы саясаты бағытында жүзеге асып жатқан мембағдарлама мен заңдылықтар халықтың мүддесі үшін орындалуымен маңызды. 
Атырау аймағынан сайланған Сенат депутаттары халықтың алдында берген уәделеріне сай, облыстың проблема­ла­рын оңтайлы шешуде қол жеткен жетістік­те­рін айтты. Айталық, келер жылы респуб­ликалық бюджеттен Қызылқоға ауда­нындағы бүгінде аяқталған Сағыз - Мия­лы тас жолынан жалғасатын Қарабау - Индер тас жолына 2,2 млрд теңге қаражат бөлінетін болды. Сайып келгенде, бұл аудан халқы үшін ғана емес, жалпы об­лыстың әр тұрғыны қуанарлық жағдай. 
Сенат төрағасының орынбасары 
Қай­рат Ищановтың айтуынша, бұдан басқа, ауданға республикалық бюджет есебі­нен аудандағы топтық су құбыр­лары құ­рылысына, бірнеше әлеуметтік ны­санға күрделі жөндеу жүргізуге қомақты қара­­жат қаралған. Сенаторлар аудандағы 62 шақырымдық «КезАуыз - Қарабау» каналын көріп, ондағы жасалған жұ­мыстарды толық аяқтау үшін қосымша қаражат қарастыры­латынын айтты. 
Ауданда өткен жүздесуде ҚР Парла­менті Сенатының экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшы­сы Сәрсенбай Еңсегенов Парламент қабырғасында Қызылқоға ауданына қатысты көтерілген мәселелерге 
тоқ­талып өтті. Алдымен Тайсой­ған по­лигоны аумағын елге қайтару жө­нін­дегі Ресей елімен арадағы келіссөздер ту­ра­сында айтқан Сенатор С.Еңсегенов 
бұл өзекті проблема Үкіметтің наза­рын­да тұрған басты мәселе екенін айтты. 
Сенаторлармен кездесуде аудан тұрғындары ондаған жылдар бойы 
арман еткен газ келіп, ірі қара мал басын көбейтіп, мұнайын өндіріп, суы мен жарығы бар аудан тұрғындары үшін Тайсойған полигоны халық игілігіне берілсе, Қызылқоға ауданының бүгін­гі әлеуметтік жағдайы әлдеқалай дамуды бастан өткерерін айтып, осы мәселені шешуді аманаттады. 

Тұрсын ҚАЛИМОВА

Атырау облысы

"Айқын" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563