Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 1641 0 пікір 28 Шілде, 2022 сағат 11:49

Алматыда мектеп оқушыларына арналған лагерлер жұмыс істеп жатыр

Алматыда 183 мектептің жанында жазғы демалыс кезінде 1-4 сынып оқушыларына арналған лагерлер ұйымдастырылды. Сонымен қатар,  қала сыртындағы сауықтыру лагерлерін де балаларға естен кетпес демалыс ұйымдастырылды.

Биыл Алматыда 183 мектептің жанында оқушыларға арналған жарты күндік демалыс лагерлері жұмыс істеп тұр. Балаларға арналған демалыс лагерлері туралы Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ӨКҚ брифингі барысында айтып берді.

"Жанұя"мамандандырылған кешенінде тәрбиеленіп жатқан 90-нан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бір ай бойы Оқушылар сарайының "Өрнек" жазғы лагерінде демалды. Тамыз айында Алматы SOS балалар ауылының 43 тәрбиеленушісі "Спутник" балалар сауықтыру орталығында демалады", - деді Ләззат Жылқыбаева.

Мәселен, 1-21 маусым аралығында Алмалы және Медеу аудандарында тұратын 1030 бала "Спутник" балалар сауықтыру орталығында демалды. "ГауһарТау" сауықтыру кешеніне Жетісу мен Наурызбай аудандарынан тағы 180 бала келді.

Білім басқармасы арнайы бағдарлама әзірлеп, алматылық мектеп оқушылары үшін түрлі ойындар, қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.

Айта кетейік, бұған дейін "Балалар жылына" орай жазғы демалыс кезінде балалардың демалысы мен уақыт өткізуін ұйымдастыру тұжырымдамасына сәйкес «Алматы бүлдіршіндерінің демалысы - үлкен арманға жасалған шағын қадам!» атты жоба ұйымдастырылғаны туралы айтылған болатын.

"Жазғы демалыс кезінде балалардың жарақат алуы, құқық бұзушылықтар жасауы, жасөспірімдердің зиянды әдеттерге үйір болу қаупі артады. Жаз кезінде балалар демалысын ұйымдастырудың мақсаты, ең алдымен, оларды әлеуметтік қорғау. Үздіксіз білім алған балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру арқылы, біз оларды дамытып, тәрбиелеп, сауықтырып, келесі оқу жылына дайындап жібереміз»,- деді Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

Жазғы кезеңде алматылық оқушылардың уақыт өткізуі келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

Біріншісі – 26 мамырдан бастап 17 маусымға дейін 1-8 сынып оқушыларының үлгерімін жоғарылату үшін білім алатын жазғы мектептер жұмыс істеді. Жазғы мектепте сыныптағы сабақтардан басқа дене шынықтыру уақыты, ойындар, флешмобтар қарастырылған.

Екіншісі – 1 маусымнан 27 тамызға дейін 7-13 жастағы балаларға арналған жазғы мектеп жанындағы лагерь екі нұсқада ұсынылды: толық және жарты күндік .

Үшіншісі – мектептерде спорттық секциялар, үйірмелер, студиялар, оқырман клубтары мен мектеп кітапханалары жұмыс істейтін болады. Білім беру ұйымдарында жазғы кезеңде барлығы 1150 үйірме мен секция (бейнелеу өнері, мүсіндеу, тоқу, қолданбалы өнер, спорт секциялары) жұмыс істейді.

Төртіншісі – Алматыда балаларға қосымша білім беру ұйымдары (оқушылар сарайы, алты оқушылар үйі, 44 жеке қосымша білім беру ұйымдары) жұмыс істейді. Жазғы демалыс кезеңінде балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында барлығы 1200-ге жуық үйірмелер мен секциялар қолжетімді.

Бесіншісі – қалалық және қала сыртындағы балаларға арналған жазғы  лагерлер. Балалардың жазғы демалысы бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ коммерциялық негізде ұйымдастырылды.

Сауықтыру демалысымен бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы балалар: көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар қамтылды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269