Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4991 37 пікір 2 Тамыз, 2022 сағат 12:25

Медведев: «Қазақстан жасанды мемлекет»

Ресей Қауірсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведевтің «ВКонтакте» желісіндегі парақшасында: «Қазақстан «жасанды мемлекет» деген жазба жариялады.

Сондай-ақ: «Солтүстік пен Оңтүстік Осетия, Абхазия мен Грузияның қазіргі аумағы бір мемлекетке, Ресей құрамына кіргізеледі», - депті.

«Кеңес Одағы ыдырағанға дейін Солтүстік Қазақстан халқының 62.5%-ын славяндар құрады. Қазақстан - жасанды мемлекет, бұрынғы орыс территориялары. Мысалы Гурьев, Семей, тіпті Алматы қалалары 1924 жылға дейін Верный деп аталды. Қазіргі уақытта Қазақстан билігі республика ішінде түрлі этностық топтарды көшіру жөніндегі бастамаларды іске асыра бастады, мұны орыстарға жасалған геноцид деп бағалауға болады. Біз бұған көз жұма алмаймыз. Орыстар келмейінше, тәртіп орнамайды…», - деп жазды Медведев.

Медведевтің атынан жарияланған жазбада: «Бір кездері алпауыт, қуатты Кеңес Одағында өмір сүрген барлық халық қайтадан достық пен өзара бірлікке келіп бірге өмір сүреді» және «Киев пен Кіші Ресейдің барлық аумақтары азат етілгеннен кейін Ресей мың жыл бұрынғы Орыс мемлекеті сияқты қайтадан жеңілмейтін, біртұтас, күшті мемлекетке айналады», деп жазылған.

«Содан соң бір жеңнен қол шығарып, славян халқы бастаған Мәскеу Отанымыздың шекарасын қалпына келтіру үшін келесі жорығын бастайды. Бәріне белгілі, біздің шекарамыз шексіз»,  -делінген жазбада.

Бірақ артынша империалистік идеяға уланған Медведевтің бұл жазбасы дереу өшіріліпті.

Сондай-ақ телеграм арнасында да жазбамен бөліспеген. Кейбір БАҚ көздерінің хабарлауынша, Медведевтің аккаунты бұғатталып, осындай жазба пайда болған. Дмитрий Медведевтің өзі аккаунтының бұғатталғаны жайлы әлі ресми мәлімдеме жасамады. Жазбаны өзі не өзгенің жазғаны әзірге беймәлім.

Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейлік шендінің бұл сөздеріне қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Abai.kz

37 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340