Сәрсенбі, 17 Тамыз 2022
Билік 1955 3 пікір 4 Тамыз, 2022 сағат 13:26

Қорғаныс министрлігінің ресми түсіндірмесі

«Оrda.kz» ақпараттық ресурсында «Егер соғыс болса, Қазақстан қорғаныс өнеркәсібі кешенінің іс-әрекеті қандай болмақ? 1-бөлім» деген материалы жарияланған болатын.

Аталған материалда редакция қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелерін көтеріп, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ның қорғаныс ведомствосына қоятын талаптары айтылады және олардың ресейлік және түрік өндірушілеріне басымдық беріп, қазақстандық қорғаныс өнеркәсібіне зияны тиіп, оның тоқталуына әкеп соғуы мүмкін деген болжам айтады.

Бүгін Abai.kz редакциясына ҚР Қорғаныс министрлігі аталған мәселеге қатысты өз түсіндірмесін жолдаған екен. Біз министрлік мәліметтерін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.


Қорғаныс министрлігінің ресми түсіндірмесі

Елдің қорғаныс қабілетіне жауап беретін Қорғаныс министрлігіне қару-жарақ пен әскери техниканың сан түрі (ҚЖӘТ) қажет екенін атап өтеміз. Бұл ретте әскери ведомство отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарына да басымдық беретіні анық.

Тәуелсіздік жылдарында Қорғаныс өнеркәсібі әскерге қажет өнімді, яғни кеме жасауды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын, оптикалық-электрондық жүйелерді, броньды танк техникасын өндіру мен жөндеуді өндіру және оқшаулау бөлігінде белгілі бір жетістіктерге жетті.

Қару-жарақ пен әскери техникаға деген ішкі нарықтағы қажеттілік елеусіз. Сондықтан бұндай өнім шығарушы өз өнімін әртараптандырып, экспорттау бағытын да ұстануы керек.

Қорғаныс министрлігі әскери техника мен қару-жарақты сатып алу кезінде олардың тактикалық-техникалық, пайдалану сипаттамаларына, сондай-ақ баға мен сапа көрсеткішінің арақатынасын ғана бағдарлайды.

Қорғаныс министрі де, кез-келген лауазымды тұлға да, тек арнайы құрылған алқалы орган ғана әскери сарапшылардың, ғалымдардың, Қарулы күштердің жауынгерлік құрамы мен ықтимал ұрыс қимылдарының сипаты негізінде қандай қару-жарақ пен қандай техниканы сатып алуды анықтайды. Әлемнің бірде-бір елі қандай да бір қару-жарақтың, қандай да бір үлгісін, жарақ түрі мен санының неге сатып алынатыны жайлы егжей-тегжейлі жайып салмайды.

Қорғаныс министрлігі былай дейді:

1. «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» құрылтайшыларының бірі – Paramount Group Limited – қорғаныс және аэроғарыш техникасына маманданған Оңтүстік Африка корпорациясы. Оның бронды техникасы қазақстандық машинаның прототипі болып табылады. Бастапқыда «Арлан» БК Оңтүстік Африкалық «Marauder» бронды транспортерінің көшірмесі ретінде шығарылды.

2011 жылы Оңтүстік Африка Республикасы компаниясының үлгілес «КПИ» ЖШС Singapore Technologies Kinetics-пен (STK) 90 млн еуро сомасына брондалған көлікті жеткізу жөнінде мәміле жасасты.

Алайда, 2016 жылдан бастап бұларды жеткізуді толық жүзеге асырмады. Сөйтіп 2018 жылдың ақпан айында STK PCS банкрот деп жариялауға өтініш берді.

2018 жылы Оңтүстік Африка компаниясы қаржылық қиындықтарға және өз міндеттемелерін уақтылы орындамауына байланысты банкрот деп жарияланып, өз қызметін тоқтатты.

Бұдан басқа, «Марадер» және «Матадор» минаға қарсы күшейтілген қорғанысы (MRAP) бар брондалған автомобильдер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (полиция функциялары), терроризмге қарсы операцияларды жүргізуге, шекара патрульдеуге арналған, сондай-ақ олар Қарулы Күштердің іс-қимылына ғана емес, бітімгершілік миссияларға да қатысады.

Кең ауқымды маркетингтік акцияға қарамастан, бұл бронды транспортерлердің түрлері Оңтүстік Африка армиясында жоқ, ал шыққан 25 бронды транспортер Оңтүстік Африка полициясының бөлімшелеріне берілген болатын.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Африка Республикасындағы «Paramount Group» компаниясы «Марадер» және «Матадор» бронды автобильдерін шығаруды тоқтатты.

Сонымен қатар, Әзербайжанның қорғаныс өнеркәсібі министрлігі бұған дейін 45 «Марадер» және «Матадор» бронды көліктерін сатып алған, тағы 65 машина Әзербайжандағы «ЭВМ зауыты» кәсіпорнында шығарылған. Бұл өндіріс орны да жұмысын тоқтатты.

2008 жылы Paramount Group пен «KADDB» компаниясы (Иордания) «Марадер» БК бірлесіп өндіру туралы келісім жасасты. Сонымен қатар, иорданиялық кәсіпорын да топтап шығарған жоқ.

2011 жылы Грузия Қорғаныс министрлігі Ford Super Duty базасында әзірленген «Дидгори» бронды дөңгелекті көлігінің пайдасына «Марадер» БК өндірісінен бас тартты.

Осылайша, сұранысы жоқ өнімді шығаратын жалғыз компания «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС болып отыр.

«Бүгін Оңтүстік африкалықтар технологиялар мен сызбаларды толығымен тапсырды» дегенге берер жауабымыз: модель өндірістен шығарылды, зауыт банкротқа ұшырады, бұл бронды көлік әлемнің ешқандай әскерінде пайдаланылмайды. Сондықтан техникалық құжаттама «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ге беріліп отыр. Құжаттама шығындары да осы серіктестік өнімінің құнына енгізілген.

1. Бақылау кеңесі төрағасының мәлімдемесіне келсек, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС А. Барысовтың «Біз енді түріктерден сатып аламыз. Сендердікі қажет емес» деген қорғаныс министрінің сөзі шындыққа жанаспайды және еш негізсіз болып табылады.

Қорғаныс министрлігі тұрақты түрде қару-жарақ пен әскери техника нарығына мониторинг жүргізіп отыр. Қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін қабылдау тәртібі ресми нормативтік акт болып табылатындықтан қабылдау ережелеріне сәйкес нақты регламенттелген. Түріктің бронды көліктеріне келсек, олар да осы құжатта анықталған процедураға сәйкес зерделенетін болады.

Түріктің бронды машинасын сатып алу мәселесі сынақ қорытындылары бойынша ішкі ведомстволық кеңес беруші орган оң шешім қабылдаған жағдайда ғана қаралады.

2. Қорғаныс министрлігінде қандай елдер «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС өнімдерін сатып алуды қарастыратыны, шетелдік тапсырыс берушілермен ниеттес шарттары бар-жоғы туралы мәлімет жоқ.

3. Қазақстанның әскери ведомствосы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС өндірісін біржақты қолдады.

2016 жылдан бастап 138 бірлік «Арлан» бронды көлігі сатып алынды. 2021 жылы 60 сервистік техникалық қызмет көрсетілді (2017-2018 жылдары әкелінген). 2022 жылы тағы да жауынгерлік модульдегі 10-ы жеткізіледі. 2023 жылға 20 бірлік «Арлан» сатып алу жоспарда бар.

Сондықтан 6 машинаға ғана тапсырыс берілгені жайлы ақпарат дұрыс емес.

Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұндай машинаның жалпы саны 168-ге жетіп отыр.

Бұдан бөлек, «КПИ» ЖШС-мен бірлесіп Қарулы Күштер мүддесінде артиллерия атысын басқару машиналарын және радиациялық, химиялық, биологиялық барлау машиналарын шығару мәселелері пысықталу үстінде. Сондай-ақ армия мүддесі үшін қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде бронды дөңгелекті машиналарды сатып алу қажеттіліктеріне сәйкес қаржылық мүмкіндіктерді ескере отырып жүзеге асатынын атап өтеміз.

4. Шетелдің осындай техника екі есе арзан дегенге «КПИ» ЖШС өнімінің бағасы жөнінде деректерді келтіреміз.

Демек, бұл мәлімдеме де дәйексіз.

1. «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-нің экономикалық есептеулерге, маркетингтік қателіктерге және екінші деңгейдегі банктердегі кредиттерге байланысты өндірістік проблемалар қорғаныс ведомствосымен талқыланбайды. Өздерінің қаржылық проблемаларына сілтеме жасай отырып, қоғамдық пікірді бұру, Қорғаныс министрлігіне жөнсіз тиісу әрекеттері пайдасыз және оның салдары құқықтық сипат алуы да ықтимал.

2. Қарулы күштерде түріктің «Отокар» компаниясынан 2011-2012 жылдары сатып алынған «Кобра» БДМ-ның 17 данасы қазір қолданылып жүргенін айта кетелік. Оның техникалық өлшемдері Қарулы күштердің талаптарына сәйкес келеді.

3. 2011-2012 жылдары қазіргі Қорғаныс министрі генерал-полковник Р. Жақсылықов ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің қолбасшысы болғанын және оның «Кобра» техникасын сатып алуға қатысы бар деген сөз де дәйексіз ақпарат және қоғамды жаңылыстыратын мәлімдеме.

4. «Белгілі бір түрік компаниясы 90 дана «АРМА» машинасын және 30 «Кобра» машинасын сатып алуды ұсынады» деген ақпарат бос сөз және қоғамда жағымсыз көзқарас тудыруды, сондай-ақ қосымша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын алуға қысым жасауды мақсат етеді. Қорғаныс ведомствосының шешімдеріне әсер ету әрекетімен ақпараттық бопсалауды пайдалану жуырда құқықтық сипат алуы ықтимал екенін тағы да ескертеміз.

5. Қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директорының: «біздің машиналар іс жүзінде ешкімдікінен кем түспейді, ал кей жағдайда тіпті олардан жақсы нәтижелер көрсетеді», - дегеніне «БАРЫС» БДМ мен «АРМА» БДМ-ның (Түркия) қысқаша салыстырмалы талдауын ұсынамыз:

1) «АРМА» бронды көлігі әлемнің бірнеше әскерінің (БАӘ, Түркия, Бахрейн, Руанда) жарақ құрамында бар;

2) «АРМА» сериялап шығарылса, ал «БАРЫС» тәжірибеден өткізілетін үлгілері ғана шығуда;

3) түрік машинасының салмағы (24 тонна 28 тоннаға қарсы, бұл әскери сынақтар кезінде анықталған) және өлшемдері (биіктігі төмен);

4) «АРМА»-ның сыйымдылығы жоғары («БАРЫС» 11 болса, ол 12);

5) «АРМА» машинасының қозғалтқышы едәуір қуатты  (CATTERPILLAR, 600 а. к.), «БАРЫС» (CUMMINS, 450 а. к.). Бұдан басқа, Borusan зауытының (catterpillar дистрибьюторы) өкілдіктері Қазақстанның көптеген өңірлерінде бар, бұл қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету мерзімдерін қысқартады;

6) «АРМА» машинасы – жүзе алатын техника, ал «БАРЫС» ондай емес. Бұл айтарлықтай артықшылық болып саналады. «БАРЫС» бастапқыдан-ақ қалқымалы құрал ретінде жобаланбаған, кейіннен оны пысықтауға және құбылмалы етуге болмайды. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық өңірінде едәуір су бөгеттері бар екені анық;

7) «АРМА» қозғалтқышының, трансмиссиясының, аспасының және негізгі тораптарының сенімділігі «БАРЫС»-қа қарағанда жоғары.

Сынақтар кезінде «БАРЫС» бронды дөңгелекті машинасы жауынгерлік модулі мен дөңгелек базасы мәлімделген сипаттамаларға сәйкестігін растамады және конструктивтік өзгерістер енгізуді талап ететіні анықталды.

«БАРЫС» қозғалтқыштың тарту күшімен туындаған проблемаларға байланысты траншеядан ауыса алмайды.

2021 жылы жүргізілген екі машинаны әскери тәжірибеде пайдалануда «БАРЫС» техникасының жүріс бөлігі, моторлық-трансмиссиономдық бөлігі, салқындату жүйесі (қозғалыс кезінде қозғалтқыш жиі қызып кететін) көбірек бұзылатынын анықталды.

«БАРЫС» бронды көлігінің аспа жүйесін құрастыру кезінде жіберілген қателіктерге байланысты алдыңғы дөңгелектер үзіледі, тежегіш суппорттар қыздырылады, бұл тежегіш жүйесінің тиімділігін төмендетеді.

«АРМА» БДМ әскери сынақтардан өткізу кезінде жүріс мүмкіндіктеріне әсер ететін елеулі кемшіліктер болған жоқ.

8) «Барыс» бронды көлігінің «Аңсар» жауынгерлік модулі дәлдігі жағынан едәуір артта қалып, 2А72 зеңбірегінен ату кезінде де, оптика мен монитор жұмысында да іркілістер болды.

1. Түрік әскери техникасына арналған сынақтың басым шарттары туралы айтылғанға ҚР ИИДМ бекіткен жол картасына сәйкес төменгі температурада (-30 градустан төмен) өндіруші зауыттың сертификатталған орталығында «Кобра-2» БКМ мүмкіндіктеріне сынақтар жүргізілетінін хабарлаймыз.

1. Әзербайжанға қатысты «КПИ» ЖШС ақпараты бойынша, осы мемлекеттің қорғаныс өнеркәсібі министрлігі бұрын 45 «Марадер» және «Матадор» бронды машиналарын сатып алғанын, тағы 65 техниканы «ЭВМ зауыты» отандық кәсіпорнында щығарғанын тағы да айта кетуді жөн көрдік. Әзербайжан қарулы күштерін осы техникамен одан әрі жабдықтау және оны шығару толық тоқтатылды.

2. «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы А. Барысовтың «бастысы – баға. Мәселе біздің армия қаржыдан шеттетілмегенінде» деген сөзіне ҚР Бюджет кодексімен мемлекеттік органдардың бюджетін қалыптастыру және орындау рәсімі қатаң бекітілгенін, оны ИИДМ атынан мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті орган басшылыққа алатынын мәлімдейміз. Мұндағы Қорғаныс министрлігінің міндеті – техникалық талаптар мен қажетті мөлшерді анықтау.

Әңгімені сан-саққа жүгірту жөнінде қорғаныс ведомствосының басшысы бірінші басшы ретінде барлық әскери-техникалық жобаларды егжей-тегжейлі зерделеуге, сатып алынатын өнімді әртараптандыруға, олардың мүмкіндіктерін, жеке құрамның қорғалуын және басқа да өлшемдерді зерделеуге белсенді қатысатынын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі құзыретті бірқатар шетелдік компаниялармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыруда.

Қорғаныс ведомствосы үшін негізгі басымдық жауынгерлік әзірлікті нығайту және қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін атыс күшін арттыру болып табылады.

Жалпы, Қорғаныс министрлігі қазақстандық армияның қажеттіліктері үшін сындарлы түрде құрылған негізде қорғаныс өнеркәсіп кешендерімен ынтымақтастыққа әрқашан дайын екенін естеріңізге сала кетейік.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алашорда

Алаш-арман

Бейбіт Қойшыбаев  2588
Білгенге маржан

Хилда Хукхэм және Ұлы қолбасшылар

Бейсенғазы Ұлықбек 2103
Әдебиет

Түс

Ерғали Бақаш 1777
Әне, көрдің бе?

Архимед кімді қорғаштайды?

Жайберген Болатов 2868