Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3172 2 пікір 10 Тамыз, 2022 сағат 13:43

Кешір солдат, біз ботинканы жұбымен ғана сатамыз...

Эрнест Хемингуэй-ді білмейтін кітап сүйер қауым жоқ болар.
Әдеби сала бойынша Нобель сыйлығының иегері.
Қанша рет ажалмен бетпе-бет келсе де, жолы болатын.Соғыста қасына бомба жарылған, жол апатынан аман қалған,екі рет ұшақпен құлаған, машина қағып кеткен. Көрмеген құқайы жоқ енді. Ракпен ауырған, асқазанын жара басқан, бүйрегі істен шыққан, айта берсе аурудың неше түрімен ауырып, сан рет ота жасатқан. Қаншама рет ажалдан аман қалды.

Қаншама рет ажал оны өз қармағына түсіргісі келсе де,ол тайқып кететін.
"Ажал оған түкте істей алмады, сосын өзі кетті"- деп жазды сол кездері.
Жазушы ақырында өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды.

Қармақ демекші бала күнімде бір повесін оқығам, ұмытпасам "Қарт пен Теңіз"-деген болу керек. Балықшы шал ашық теңізде акулалармен айқасатыны туралы. Сол даңқты жазушы бірде "кез келген адамның жан-дүниесіне әсер ететін ең қысқа әңгіме жазуға қабілеттімін"-деп өзге жазушылармен бәстеседі.

Ол бәсті ұтады да,сонда жазғаны:
"Сәбидің ботинкасы сатылады,киілмеген"
Төрт-ақ ауыз сөз. Ия, адамның жан-дүниесін езетін, ой сыйлайтын жазба.
Әр сәбиге арналған дүние киілетіні анық, тек сәби шетінеп кетпесе. Демек ботинканың иесі қайтыс болып кеткен, соны жазушы төрт-ақ ауыз сөзбен керемет жеткізіп тұр. Бұны оқыған әр адам "сәбиді" аяп, ойланып, жан-дүниесі езілері анық.

Бұдан кейін көп жазушылар әдебиет саласына Эрнест Хемингуэй енгізген қысқа-әсерлі әңгіме жазуға еліктейді. Бірақ Хеменгуэй-дің жазғанындай қысқа боп шықпады, не адамдарға онша әсер етпеді.
Тіпті кейбір кездесу, бас қосуларда жұрт "ең қысқа әсерлі әңгіме" жазып беріңізші?-деп Хеменгуэй-ді мазалайтын болыпты.

Сондай әңгімелерлің екі-үшеуін жаза кетейін:
- кешір солдат, біз ботинканы жұбымен ғана сатамыз..
- ол емізікпен әйелін өлтіргенді емізуде.
- хирург науқасты аман алып қалды. Науқас Құдайға алғыс айтты.

Есбол Махисов

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406