Қырғыз-Тәжік: Шекара жабық. Сауда тоқтаған жоқ
![](https://abai.kz/content/uploads/2022/08/photo_524.png)
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының жабылғанына бір жарым жылға жуық уақыт болды. Бірақ екі ел арасындағы сауда айналымы тоқтамаған.
Ресми мәліметке сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 7 млн доллар, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 60 пайызға аз.
Тәжікстан кеден қызметінің басшысы Хуршед Каримзоданың сөзінше, тауар айналымының басым бөлігі - импорт, ол 6,3 млн долларды құрайды.
"Импорт негізінен Қазақстан мен Өзбекстан арқылы жүзеге асып жатыр. Қырғызстаннан көбінде көмір тасиды", - дейді ол.
Қазір Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы бес өткізу кеден бекеті жабық тұр. Былтыр көктемде болған шекарадағы қақтығыстан кейін қайта ашылған жоқ. Қырғыз тарабы шекараны бір жақты жапқан.
Abai.kz