Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2850 0 пікір 13 Желтоқсан, 2012 сағат 08:08

Бағила Төребекқызы. Тәуелсіздік және Хасан Оралтай

Тәуелсіздік ұғымы Хасан Оралтай үшін аса мәнді, аса қастерлі ұғым. Бала жасынан азат болып өмір сүрудің, тәуелсіз ел болудың не екенін біліп өсті. Ұлт-азаттық жолында күрескен, елін құлдық өмірден азат еткен батыр Қалибек Хакімнің ақыл-парасатын, кемеңгер терең ойын ұғынып өсті.1947 жылдың басынан бері Хасан Оралтайдың әкесі Қалибек Хакімнің Үрімжімен сөйлесулерінің бірінде: «Ол кездесуге әкем төрт алтын, екі күміс барлығы алты медалін тағып барады. Оны көрген Шежу Жан: «Не деген көп медаліңіз бар» дейді. Әкем оған: «Бұл медальдарды маған халқыма өкіл болып келгендіктерін айтқан түрлі топтар тақты. Мен бұларды маған тағушылардан гөрі, осы медальдардың үстіндегі белгі рәміздер мен жазуларға лайық болуға тырысудамын» деп жауап қайырған(Олардың үстінде ай-жұлдыз белгісі және тәуелсіздік, жанқиярлық, азаттық деген сияқты сөздер бар-ды) (Елім-айлап өткен өмір, Алматы, 2005. Б.53.) Тағы бір сәт елмен қоштасып, Көкліктен көшер алдын, ел арасында «Қайда барамыз?», «Барған жерімізде қалай жан бағамыз?» деген сияқты орынды сауал қойылғанда,  әкесі Қалибек Хакім: «Құл болып, хайуан малға ұқсап өмір сүргенше, құлдық астында өлгенше, ерікті өмір сүру, ерікті-азат адам болып өлу үшін күресу тағы игілікті. Алладан басқа сүйенеріміз жоқ...» Бұдан нені көруге болады?

Тәуелсіздік ұғымы Хасан Оралтай үшін аса мәнді, аса қастерлі ұғым. Бала жасынан азат болып өмір сүрудің, тәуелсіз ел болудың не екенін біліп өсті. Ұлт-азаттық жолында күрескен, елін құлдық өмірден азат еткен батыр Қалибек Хакімнің ақыл-парасатын, кемеңгер терең ойын ұғынып өсті.1947 жылдың басынан бері Хасан Оралтайдың әкесі Қалибек Хакімнің Үрімжімен сөйлесулерінің бірінде: «Ол кездесуге әкем төрт алтын, екі күміс барлығы алты медалін тағып барады. Оны көрген Шежу Жан: «Не деген көп медаліңіз бар» дейді. Әкем оған: «Бұл медальдарды маған халқыма өкіл болып келгендіктерін айтқан түрлі топтар тақты. Мен бұларды маған тағушылардан гөрі, осы медальдардың үстіндегі белгі рәміздер мен жазуларға лайық болуға тырысудамын» деп жауап қайырған(Олардың үстінде ай-жұлдыз белгісі және тәуелсіздік, жанқиярлық, азаттық деген сияқты сөздер бар-ды) (Елім-айлап өткен өмір, Алматы, 2005. Б.53.) Тағы бір сәт елмен қоштасып, Көкліктен көшер алдын, ел арасында «Қайда барамыз?», «Барған жерімізде қалай жан бағамыз?» деген сияқты орынды сауал қойылғанда,  әкесі Қалибек Хакім: «Құл болып, хайуан малға ұқсап өмір сүргенше, құлдық астында өлгенше, ерікті өмір сүру, ерікті-азат адам болып өлу үшін күресу тағы игілікті. Алладан басқа сүйенеріміз жоқ...» Бұдан нені көруге болады?

«Түркістан халқының қол жеткізу үшін күресіп жүрген негізгі мәселе-сі Түркістанның ұлттық тәуелсіздігі. Бұны осылайша ашық айту керек. Коммунизмнің қанды шеңгеліндегі Отандарын тәуелсіздікке жеткізу үшін күресті және күресуде, бұдан былай да сол жолда күресе береді...

Түркістан халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде Түркістанның ұлттық тәуелсіздігін мойындап танымастан, халқымыздың ол жолдағы ісіне кедергі болатын әрекеттер жасайтындарды ешуақытта да кешірмейді».

«ТӘУЕЛСІЗДІК», «АЛАШ», «АЛАШОРДА» ұғымы жазушы Хасан Оралтай үшін бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Оның дәлелі бала кезінен құлағына құйып өсіп, жүрегінде терең із қалдырған әке арманын жүзеге асыру нәтижесінде бүкіл дүниежүзілік деңгейге жеткізді, кітап жазды.

«АЛАШ - Түркістан түріктерінің ұлт-азаттық ұраны» атты шет елде қазақ түріктері туралы жазылған тұңғыш кітабында(Стамбұл, 1973) Хасан Оралтай Алаш мұраттарына қызмет ету мақсатымен жазылған. 1973 жылдарда батыста АЛАШ, АЛАШОРДА жөнінде кітап түгілі мақала да жазылмаған кезең. Тек Зәки Уәлиди Тоған кітаптары мен Мұстафа Шоқайдың  мақалаларында қысқаша айтылған-ды. Хасан Оралтайдың аталған кітабына  әр тараптан шабуылдар жасалды, шындықты бұрмалағысы келетіндер табылып жатты. Ал Түркияның көрнекті  жазушылары мен белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, журналистері жылы лебіздерін білдірген. Жалпы кітапта «Алаш» атауына жан-жақты түсінік берілген. Сонымен бірге бүкіл Түркістан тарихында маңызды орын алған Алаш партиясы мен АЛАШОРДА үкіметі туралы қысқаша мәліметтер келтірілген. Алаш мұраттары жолында қызмет еткен азаматтардың бір тобы жайында қысқа да болса да арнайы мәліметтер берілген.

60-жылдардың ортасында Мюньхен қаласында қазақтардың қоғамы ретінде құрылған Түркелі комитетінде 1968-1970 жылдардың аяғына дейін хатшылық қызмет атқарады.  Осы кезеңде АЛАШОРДА Ұлттық үкіметінің 50-жылдық мүшелінің  Мюньхен қаласында аталып өтілуіне және ол туралы Түркияның түрлі баспасөз орындарында көлемді мақалалар шығуына тікелей мұрындық болған. 1968 жылы АЛАШОРДА Ұлттық үкіметі жөнінде баяндама жазып, оны түрікшеге аударып, Түркияның баспасөздерін-де(«Отүкен», «Федай», «Мілли Ышық», «Мілли Әрекет» атты журналдарда) жарияланған. Сонымен бірге оны жеке кісілерге хат арқылы да таратқан. Түркелі комитетінің 1986 жылғы 16-18 желтоқсан оқиғасына да жауыздыққа душар болған қазақ халқының, қазақ жастарының қамқоршысы болуға тырысқан істеріне Хасан Оралтайдың еңбегі зор. Соның нәтижесінде 1988 жылы Стамбұлда «1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстан оқиғалары» атты кітабы жарық көрді.

«Азаттық» радиосында істеген 28 жылға жуық өмірінде Хасан Оралтай әр жылғы желтоқсан айын міндетті түрде арнаулы мақала, сұхбаттармен атап өтуді дағдыға айналдырған. Ол хабарлар: 10-желтоқсан -  «Түркістан Мұхтарияты» үкіметінің(10.12.1917) құрылған күніне арнап, оның бастықтары болған Мұхаметжан Тынышбайұлын, Әбдірахман Оразайұлын, Мұстафа Шоқайұлын еске алу күні; 13- желтоқсан - 1917 жылы құрылған АЛАШОРДА Ұлттық үкіметінің құрылған күнін ұлттық мереке ретінде атап өту; 17-18 желтоқсан - Желтоқсан оқиғасына арналған бағдарламалар; 27-желтоқсан - Мұстафа Шоқайдың қаза болған күніне орай дайындалған бағдарламалар.  Ол кісі басшылықтан кеткеннен соң, бұл дағды бұзылғандығын «Елім-айлап өткен өмір» кітабында былай дейді: «Өкінішке орай, ұзақ жылдардан бергі «Азаттық» радиосы қазақ бөлімінің сол бір дағдысы, жеке-жеке және бәріне бірдей сан рет атап тапсырып, қағазға және таспаға жазылған барлық қажетті дайын материалдарды қолдарына ұстата отырып: « Осы дағдыны берік ұластырыңдар. Бұл Отаны, ұлты үшін және ұлттық тәуелсіздігі үшін күресіп, қаза болғандарға да, тірі қалғандарға құрмет саналады. Жас ұрпақ, жаңа буынға өнеге болады...» деп қиыла өтінуіме қарамастан, «Азаттық» радиосы қазақ бөліміне Алматыдан барып, Прагада қызметкер болған қазақ қанды азаматтар 1995 жылдың желтоқсанын үнсіз өткізді.» «Азаттық» радиосында істеп жүрген кезеңде Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялау бақытына ие болдым деп ерекше қуанышпен еске алады. Қазақстан Одақтан тарағаннан кейін тәуелсіздігін дереу жарияламағаны бізді шынында да үрейлендіріп еді дейді.1991 жылы 16-желтоқсан, дүйсенбі радиода жұмыс күні болмауына қарамастан жұмысқа барып, Алматыдағы тілшілеріне нұсқау беріп: «Жоғарғы Кеңеске бар, Қазақстан тәуелсіздігін жарияласа, дереу маған хабарла», -деп тапсырады. Қазақстаннан сүйінші  хабар естігенде қуанғанымнан жылап жібердім. Дереу асығыс түрде 5 минуттық хабар дайындап, өзім оқып Қазақстанның тәуелсіздігін құттықтадым: «Қазақстанның тәуелсіздігі бүкіл Қазақстан жұртшылығына құтты болсын! Әсірес ұзақ ғасырлардан бері патшалық Ресейдің, сондай-ақ советтік империяның отаршылдық-қанаушы, тіпті мүлдем қырғындап жойып жіберу саясатының құрбаны болған, ана тілі мен ұлттық тарихы, ұлттық әдет-ғұрпы мен діні әдейі өгейсітіліп, түбегейлі түрде  орыстандыру саясатына тап болған қазақ халқы үшін қайта өрлеудің құтты қадамы болсын! Бір елдің тәуелсіздігіне иеленуі оның ең табиғи хұқы...» Мұндай тебіреніс халқын шын сүйген, тәуелсіздікті жылдар бойы аңсаған АЛАШ азаматының ғана қолынан келетіндігінің дәлелі. Сол сүйсінген киелі тәуелсіздік ұзағынан болғай!  Хасан Оралтай жалғастырған АЛАШ идеясын біртұтас қазақ идеясы десек, онда әлемнің қай шетінде болмасын қазақ елінің азаттығы үшін күрескен әрбір қазақты, әрбір батырды, әрбір қаламгерді - қазақтың біртұтас ұлт-азаттық күресінің ардагері деп тануымыз керек.

Келер 2013 жылы Хасан Оралтайдың 80 жылдық мерейтойы. «Елім-айлап өткен өміріндегі» істеген еңбектерін зерттеп, тәуелсіздік,азаттық жолындағы күресін бағалап, жарыққа шығарсақ, келер ұрпаққа өнеге болары хақ. Соған Алаш азаматтарын атсалысуға шақырамын.  

Алматы, 13.12.2012

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1493
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3262
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5587