Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4708 0 пікір 19 Желтоқсан, 2012 сағат 12:50

Ақыры жоқ Ақырзаман

дамзаттың саналы ғұмыр кешуі мен әлемнің болашағы туралы пайымдаулары қалыптасқаннан бастап, дүниенің тәмамдалуы ықтимал екендігі туралы көзқарастар табиғаттағы өмірі аяқталатын құбылыстарға қарап болжанған. Бұл кейіннен руханияттық білім нәрінен сусындаған зияткерлер арасында да, көпшілік санада да елеулі орын алып келе жатқан пессимистік футурологиялық пайымдаудың бір үлгісіне айналды. Майялықтардың күнтізбесіндегі белгіленген күндердің таяп қалғандығы айқындалмаған-дәйекті және трансцендентті-априорлы болғандығына қарамастан, үрей архетипі бойынша қоғамдық санада жоққа шығарылмайды.    
Дегенмен, ғылыми және ғылыми емес білімдер аясындағы ақырзаман туралы ұсынылған пікірлерді жинақтап, топтастырсақ, оларды - діни-мистикалық, философиялық-жалпы, ғылыми-жаратылыстанулық бағдарларға ажыратуымызға болады. Сондықтан,  біз бұл ұғымды, діни мазмұндық  арнада немесе дін философиясы бойынша емес (себебі, ол өз алдына бөлек арнайы дінтанушы-теолог мамандар қарастыратын мәселе), футурологиялық философия тұрғысынан байыптаудың жалпы теориялық мәселелеріне шолу жасап өтпекпіз.

Алдымен «ақырзаман дегеніміз не осы?» деген түйткілді ашып алуымыз керек. Кеңістік пен уақыт аясындағы таралымы мен деңгейі бойынша оны мынадай салалық жіктеулерге шартты түрде ажыратып алуды жөн деп есептейміз:

дамзаттың саналы ғұмыр кешуі мен әлемнің болашағы туралы пайымдаулары қалыптасқаннан бастап, дүниенің тәмамдалуы ықтимал екендігі туралы көзқарастар табиғаттағы өмірі аяқталатын құбылыстарға қарап болжанған. Бұл кейіннен руханияттық білім нәрінен сусындаған зияткерлер арасында да, көпшілік санада да елеулі орын алып келе жатқан пессимистік футурологиялық пайымдаудың бір үлгісіне айналды. Майялықтардың күнтізбесіндегі белгіленген күндердің таяп қалғандығы айқындалмаған-дәйекті және трансцендентті-априорлы болғандығына қарамастан, үрей архетипі бойынша қоғамдық санада жоққа шығарылмайды.    
Дегенмен, ғылыми және ғылыми емес білімдер аясындағы ақырзаман туралы ұсынылған пікірлерді жинақтап, топтастырсақ, оларды - діни-мистикалық, философиялық-жалпы, ғылыми-жаратылыстанулық бағдарларға ажыратуымызға болады. Сондықтан,  біз бұл ұғымды, діни мазмұндық  арнада немесе дін философиясы бойынша емес (себебі, ол өз алдына бөлек арнайы дінтанушы-теолог мамандар қарастыратын мәселе), футурологиялық философия тұрғысынан байыптаудың жалпы теориялық мәселелеріне шолу жасап өтпекпіз.

Алдымен «ақырзаман дегеніміз не осы?» деген түйткілді ашып алуымыз керек. Кеңістік пен уақыт аясындағы таралымы мен деңгейі бойынша оны мынадай салалық жіктеулерге шартты түрде ажыратып алуды жөн деп есептейміз:
- космокатаклизм - ғарыштың тұтасынан жоғалуы немесе бастапқы хаосқа қайта оралу құбылысы. Мәселен, бұл тұста, біз өмір сүріп отырған «осы әлемнің» бірден-бір жетілген немесе соңғы емес екендігін тұжырымдаушылардың көзқарасы бойынша - әлемнің түбегейлі жаңаруы өзіндік жүйемен қайталанып отыратындығы, яғни, реті келгенде, із-түзсіз жоғалатындығы мен бейберекетсіздікке айналып, шеңбер бойымен даму формасын ұстана отырып, циклды түрде «болмау (бастапқы жоқтық) - болу (өмір сүру) - болмау (жоғалу мен тәмамдалу)» тізбегін бастан кешіретіндігі туралы ой-пікірлерді негізге алуға болады.   
- геокатаклизм - ғарыш өз мәнінде сақталғанымен, адамзат пен басқа тіршілік иелерінің «ортақ үйі» - Жер планетасының (өз орбитасынан ауытқуы, басқа аспан денелерімен соқтығысуы салдарынан қирауы т.б.) өз болмысын жоюы, тіршілік тұрмақ, өлі табиғаттың өзіндік балансының бұзылуы немесе ғарышқа ыдырауы.
- биокатаклизм - жер бетіндегі тіршілік иелерінің тұтастай немесе ішінара күйреуі, болмыссыздыққа өтуі. Бұл құбылыс Жерде биологиялық тіршіліктің сақталуы мүмкін емес жағдайлардың қалыптасуы мен қатаң орнауы арқылы іске асады. Бұл - ғарыштық үйлесімділіктің ыдырауынан немесе әлем заңдылығының қажеттілігінен жүзеге асатын, сезімдік тұрғыдан алғанда, тұңғиық биотрагедиялы үдеріс болып табылады. Мәселен, діни мазмұнды әфсаналарға жүгінсек, Нұқ пайғамбардың дәуіріндегі тіршілікке төнген қатер осы биокатаклистік нышанның көрінісі.
- социокатаклизм - басқа тіршілік иелерінің қайсыбірі сақталуы мүмкін болатын жағдайда, әсіресе, адамзат тіршілігіне төнетін қауіп-қатерлердің іске асуынан туындайтын жалпы адамзат қоғамының жойылуы. Яғни биологиялық түр ретінде адам болмысының мүлде сақталмауы, генетикалық кодтарының тұтастай жоғалуы және бұл дәуірде басқа тіршілік иелері өздерінің қалыпты болмысын жалғастыра беруі де мүмкін (мәселен, өміршең микроорганизмдер). Бұл тұста, адамға аналогиялық түрде, ішінара биокатаклизм аясында, осыдан 200 млн жыл бұрын өздерінің тіршілігін тәмамдаған динозаврлардың түр ретінде жоғалуын мысалға алуға болады немесе Қызыл Кітапқа енген хайуанаттар үшін «ақырзаман таяп қалғандай» болып тұрады.
- этнокатаклизм - адамзат қоғамындағы белгілі бір ұлттың немесе халықтың жер бетінен мәңгілікке жоғалуы. Бұл арғы тарихты айтпағанның өзінде, адамзаттың саналы эволюциясында кездесіп тұратын құбылыс және бүгінгі күні де қайталанып отырған қайғылы беталыс. Мәселен, ХV ғасырда өмір сүрген Асан қайғы бабамыздың туындыларынан бастау алып, Зар заман ақындарының идеяларымен сабақтасып, Абай мен Шәкәрім ойтолғамдарына жалғасқан. Сонымен бірге үмітсіз экзистенциалдық мәселе күйінде Асан, Шортанбай, Дулат, Мұрат ақындарымызға «ақырзаман» түрінде елестеген.
Ақырзаман туралы теориялық бағдарлардан гөрі, «ақырзаман бола ма, болса қашан» деген практикалық сауалдар бүгінгі қоғамдағы теориялық және бұқаралық сана үшін де маңыздырақ. Аталған сауалға ізденіс аясында, келешектік болжамдар тоғысын футурологиялық философия тұрғысынан екі парадигмада ажыратқан орынды деп санаймыз:
Біріншісі - пессимистік тұрғы, яғни ақырзаманның болмай қоймайтындығының негіздемесі және осыған орайласатын психологиялық климаттың алдағыны жобалау бағдарларын сараптау.
Екіншісі - оптимистік тұрғы, демек, ақырзаман мифінің санадағы бағдар екендігін негіздеу және жарқын болашаққа сенім аясындағы дискурстарға сүйену арқылы дәйектемелер ұсынуға келіп саяды.
Пессимистік тұрғы жалпы адамзаттың тұтастай жойылатын кезеңінің таяп қалғандығын, адам болмысының әлем мен табиғат аясында тіршілік етуі мүмкіндігін мәңгілікке, түбегейлі сарыққандығын паш етумен шұғылданады. Антропокатаклизмнен бастап, космокатаклизм аясында адамзаттың өмірін жалғастыруы мүмкін еместігін жариялайды. Бұл әр бағытта: ғылыми болжамдық негізде, діни тұрғыда, байырғы өркениеттің футурологиялық ілімдеріне сүйену арқылы тарихилық бағдарда, қазіргі көріпкелдік бойынша мистификациялық дүниетанымда құпталады. Адам, Жер, Ғарыштағы іргелі өзгерістердің бәрі де, сайып келгенде, әйтеуір адамзаттың құритындығы туралы түсініктерді туындатады, оның болмай қоймайтындығын сенімді түрде «уағыздайды».
Келесі кезекте, «неліктен біз тек біржақты пессимизмге сүйенуіміз керек» деген сыни-креативті ұстанымды негізге ала отырып, оптимистік тұрғыны былайша өрбітуімізге болады және оның дәйектемелерін батыл туындата аламыз.
1. Ғылыми-теориялық болжамдардың ғылымқұмарлық (сциентистік) бағыттары бойынша ғылым адамзатты жарқын болашаққа шексіз жетелей алады, адамның ғарышты игеруі адамзаттың мәңгілік бар болуының алғышарты мен кепілі болып табылады. Ғылыми-техникалық өрлеудің қарқыны қазір бірқалыпты емес, бірте-бірте жеделдеп келеді, осы көрсеткіш ғарышты еркін  игеру мен адамзаттың жаңа мүмкіндіктерін ашуға толық жағдайлар туғызады. 
2. Космокатаклизм идеясын сыни-креативті тұрғыдан таразыласақ, оптимистік бағдарлардың туындау мүмкіндіктері былайша ашылады.  Жаратылыстанушы ғалымдар 5-10 млрд жыл бойы әлемнің ұлы жарылыстан кейін әлі де кеңейіп бара жатқандығын тұжырымдайды. Демек, біздің қазіргі әлем «жас дүние» болғандықтан, оның қайтадан сол нүктеге, бейболмысқа оралуына дейін «шексіз» уақыт қажет. Бірақ әлемнің заңдылығы біз ойлағаннан гөрі әлдеқайда күрделірек екендігін ескерсек, бір сәтте қайтадан бәрі де жойылып кетуі ғажап емес немесе ғарыш эволюциясы аясында, оның тиісті заңдылығы ретінде барлық аспан денелері, Жер планетасының өзі де үлкен өзгерістерге ұшырауы ықтимал.
Осы орайда, бүгінгі Қазақ елінің практик-футурологы Н.Қожамсейіттің Майя күнтізбесінің 2012 жылы 21 желтоқсанда тәмамдалуы әлемде жаңа өмір сүру стандартын қалыптастыруы ықтимал екендігі туралы пікіріне де толықтай қосылуға болады.
3. Қазіргі фантастикалар мен әлеуметтік мифтердің пессимистік-ақырзамандық сарындары өздерінің керісінше жағы - оптимистік-игіліктік қырын естен шығарып алуда. Бір ғана мысал, Беймәлім Ұшатын Нысан фобиясы көп жағдайда, «жердегі адамзат өзге планеталықтардың эксперимент алаңындағы әлдене», «олардың қуаты кейіннен тіршілікті түгелдей жойып жіберуге қабілетті және «дайындалу үстінде сыңайлы» деген сияқты біржақты үрейлермен келіп тоғысады. Мүмкін: «олар бізге жаңа өркениет үлгілерін паш етіп, бейбітшіл-бауырмал қалыпта болып», «болашақта адамзатқа жаңа өмір мүмкіндіктерін сыйлауы» да ықтимал екендігін де ескеруіміз қажет.
4. «Қазіргі біз» соңғы уақыттарда тек тарихты ғана емес, эволюцияны да өзіміз өмір сүріп жатқан «тар», тым келте уақыт пен кеңістік ауқымы аясында шешуге ұмтыламыз. Белсенді руханияттық өміріміздің дәл сол жеке тұлғаға қатысты алғандағы бүгінгі кейпі, яғни бір адамның саналы өмірі тек 40-50 жылмен ғана шектеледі, бұл призмадан бүкіл тарихқа (3 млн 5000 ж.) «билік» айтып, оны жалған пайымдаулар арқылы бұрмалап «қайта жасауға» тіпті де құқымыз жоқ, ал милиардтаған жылдармен жалғасын тауып келе жатқан әлем эволюциясына бұндай кесімді «билік» айтудың өзі әлем алдында «күлкілі» және «күнә».
Эволюция «асықпайды», катаклизмдер бола қалса, біз ойлағандай бір ғана сәт емес, бірте-бірте жүзеге асуы ықтимал, бірнеше күннен бастап, миллиардтаған жылдарға созылуы да әбден мүмкін, себебі, әлем үшін миллиондаған жылдар «ұлы тұңғиық шексіздікте» бір ғана «қас-қағым сәт»  екендігін естен шығармауымыз қажет. Мәселен, адамзаттың пайда болуы да, жойылу үрдісі де басталған мезеттен кейін бірте-бірте мыңдаған, тіпті миллиондаған жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан, мысалы, біз күткен ақырзаман әлдеқашан-ақ басталып кетіп, оның аяқталуы үшін миллиардтаған жылдар қажет болып шығуы да таңғаларлық жағдай емес.
5. Ақырзаман түсінігі миф ретінде тұрақты қалпын сақтап тәжірибелік тексеріле алмайтын кейіпте келе жатқандығына сан мыңдаған жылдар өтті. Бүгінгі үрейді сол аңыздар мазмұнын жалғастыратын мифтік сананың сабақтасқан кейпінде де, архетиптік ілім бойынша да түсіндіруімізге болады. Бұл, біріншіден, мифтік-діни сананың заңды жалғасы болғандықтан, діни мәтіндердегі ақырзаман туралы пайымдауларды қуаттап отыру дінді қуаттап отырудың, бекітудің, нығайтудың қашып құтыла алмайтын ішкі түрткісі. Екіншіден,  оның әлеуметтік-саяси-идеологиялық сипаты да бар тәрізді, нақтырақ айтқанда, ақырзаман туралы мифті тарату және адамзатқа үрейлік сана орнату кейбір топтар үшін тиімді болуы ықтимал.
6. Діни сана мен білім аймағындағы ақырзаман түбегейлі мәңгілікке жоғалуды ғана емес, белгілі бір нұсқаларында шеңбер бойымен дамып, әлем циклды түрде қайтадан жаңаруына жол ашатын - «Апокалипсис-апокатастасис» тізбегімен жалғасу идеясын да қолдайды. Бұл үлкен руханияттық жаңару мен жұмақтағылардың қайта өмірге келуі туралы онтологиялық түпоптимизмге келіп тіреледі және тым концептуальді-абстрактілі жоба болып табылады.
7. Ақырзаман туралы дискурстың пессимистік идеяларына ғана сүйенсек, асығыс жалпылау жағдайында екендігіміз сөзсіз логикалық адасу болып табылады. Мысалы, адамзат руханиятының тарихында мыңдаған жылдар аясында қаншама діндер мен данышпандар, философтар мен ғалымдар өмір сүріп кетті. Егер статистикаға жүгінсек, заманның ақырының жүзеге асатындығы туралы пайымдаған діни концепциялар мен данышпандардың саны ол туралы мүлде толғанбағандарға қарағанда, әлдеқайда аз екендігіне күмән жоқ. Демек, зиялылық салада ақырзаман туралы толғанғандар ат төбеліндей ғана. Керісінше, жарқын болашақты меңзеген оптимистік утопиялар туралы ұсынылған баламалық пікірлер бұл тұста елеусіз қалып тұрады.
8. Болашақтану ілімінің пессимистік қырларымен қатар осындай оптимистік бағытының аясында тарихи дүниетанымдарды саралай келе, біз «жасампаз футурология» деп атауға болатындай айрықша бағдарды ұсына  отырып, оны ақырзаман құбылысының іске асу-аспауын байыптауға әдіснама ретінде қолдануымызға болады. Осы тұста, жасампаздық футурология - болашақты жасау мен құру көп жағдайда адамзаттың өзіне тікелей қатысты, тұтас тіршіліктің тағдырын сақтап қалу мен өркендету «тек адам баласының өзінің ғана қолында» дегенге келіп саятын субъектілікті объективтілікке айналдырудан туындайтын «Ұлы Модель» деп пайымдай аламыз. Мысалы, жазушы-философ В.Мегренің пікіріне құлақ түрсек, әлемнің сөзсіз құритындығын болжаған Нострадамус және осындай ой-пікір жетегіндегілердің, тіптен пиғылы теріс, ал келешектің жарқындығы мен өміршеңдігін қамтамасыз ету ізгі ниетке, кең түсінікке, психологиялық оңды қалауға тікелей байланысты, сондықтан адамзат тіршілігінің заңды жалғасы мен мәңгілігін біз ізгілікті-дұрыс ойлау арқылы құра аламыз дегенге келіп саяды. 
Ақырзаманның болу немесе болмау мүмкіндігінің қайсысы ықтималдырақ, яғни нақты және реалды мүмкіндік болып табылады. Адамзат тарихының сан мыңдаған жылдар бойғы жалғасуы мен алға бірқалыпты тұрақты эволюциялық жылжу картинасы тұрғысынан алғанда, жуық арада болмау мүмкіндігі басым. Ал 1970 жылдары Рим клубы, мальтусшілдік, геосаясат ұсынған теориялар мен осылар сарындас идеялар бойынша ақырзаманның іске асу мүмкіндігі экологиялық зардаптар, демографиялық ахуал т.б. негізінде, шынайырақ болып шығады. Бұл жерде, мүмкіндіктер күресінің теориясынан гөрі адамзаттың жасампаздығы үшін күрес  маңыздырақ болып шығады.
Ақырзаман туралы ақырғы түйін:
Біздің түсінігімізше, ақырзаман мифін қолдана отырып, қоғамдық санада үрей тудырушылық әлдекімдер үшін тиімді, ең басты қателік пен адасу оның қашан іске асатындығын кесіп айту. Сондықтан, үрей үстінде өмір сүру адам психикасына қаншалықты зардаптар алып келетіндігін де естен шығармауымыз керек. Ал діндегі ақырзаманның кіші белгілерінің кейіннен үлкен белгіге қарай ойысатындығы туралы пайымдауларды сол қалпында тікелей қабылдай беруге де болмайды, біздіңше, бұл кіші белгілер үлкен белгіге алып баратын төте жол емес, керісінше, адамзаттың рухани-моральдік сапаларын сақтауы үшін ғана ұсынылған, сол үлкен ақырзаманнан қорқу арқылы кіші белгілерді жою, олардың алдын алу үшін берілген «тәрбиелік шара» деп айта аламыз.

Берік АТАШ,
Философия ғылымдарының докторы, академиялық доцент

"Жас қазақ" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562