Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3831 0 пікір 21 Желтоқсан, 2012 сағат 08:39

Жұмыстың сапасы жақсара түседі

Бүгінгі күні көптеген шетел және отандық азаматтардың ойынша, Қазақстан - қазынасы көмірсутектерді сыртқа сату есебінен қалыптасатын шикізаттық мемлекеттей көрінеді. Іс жүзінде солай ма? Өзінің сауда жолдарының тоғыспасында ыңғайлы географиялық орналасуына орай, біздің еліміз өз қазынасының айтарлықтай бөлігін кедендік алым-салықтардың есебінен толтырады. Біз Аспанасты елінен Ресейге және одан әрі Еуропа мемлекеттеріне тасымал­данып жатқан тауарлардың транзиті есебінен валюта түрінде қыруар ақша тауып жатырмыз. Біздің еліміз арқылы өтетін сол тауарлардың үлкен бөлігі «Достық» кедені арқылы өтеді. Осыған орай аталмыш кеден басшысы Нұрлан ӘЗІМБАЕВ мырзаны сөзге тартқан едік. - Нұрлан Құмарұлы, Сіз бұл қыз­метке жақында ғана келгеніңіз­ді білеміз. Жаңа жұмыс орнындағы алғашқы әсерлеріңіз қандай? Сіз үшін не өзгерді?
- 7 қараша күні «Достық» ке­де­нінің бастығы болып тағайын­далғаным туралы бұйрық шықты. Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев мырза ұжымға мені тікелей өзі таныс­тырды. Шынымды айтсам, бі­рін­ші рет осындай үлкен кеденді бас­қаруға келдім. Бұған дейін кеден бекеттерін, департамент бөлімін басқардым.

Бүгінгі күні көптеген шетел және отандық азаматтардың ойынша, Қазақстан - қазынасы көмірсутектерді сыртқа сату есебінен қалыптасатын шикізаттық мемлекеттей көрінеді. Іс жүзінде солай ма? Өзінің сауда жолдарының тоғыспасында ыңғайлы географиялық орналасуына орай, біздің еліміз өз қазынасының айтарлықтай бөлігін кедендік алым-салықтардың есебінен толтырады. Біз Аспанасты елінен Ресейге және одан әрі Еуропа мемлекеттеріне тасымал­данып жатқан тауарлардың транзиті есебінен валюта түрінде қыруар ақша тауып жатырмыз. Біздің еліміз арқылы өтетін сол тауарлардың үлкен бөлігі «Достық» кедені арқылы өтеді. Осыған орай аталмыш кеден басшысы Нұрлан ӘЗІМБАЕВ мырзаны сөзге тартқан едік. - Нұрлан Құмарұлы, Сіз бұл қыз­метке жақында ғана келгеніңіз­ді білеміз. Жаңа жұмыс орнындағы алғашқы әсерлеріңіз қандай? Сіз үшін не өзгерді?
- 7 қараша күні «Достық» ке­де­нінің бастығы болып тағайын­далғаным туралы бұйрық шықты. Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаев мырза ұжымға мені тікелей өзі таныс­тырды. Шынымды айтсам, бі­рін­ші рет осындай үлкен кеденді бас­қаруға келдім. Бұған дейін кеден бекеттерін, департамент бөлімін басқардым.
«Достық» туралы не айтуға болады? Мен бірінші рет теміржол тасымалы сияқты ерекшелікпен ұшырасып тұрмын. «Достық» кеденіне екі кеден бекеті кіреді. Ол - автокөлік және теміржол өт­кел­дері. Кеден ұйымдарында 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатсам да, мен үшін бұл мүлдем жаңа. Теміржолдағы кеден бекеті арқылы Орталық Азия елдері, Кедендік одақ және әрі қарай Еуропаға тасымалданатын жүк­тердің негізгі бөлігі өтеді. Сол се­бепті де бұл өте жауапты жұмыс, мен іс жүзінде оған өзімнің бүкіл уақытымды бөлемін.
- Бүгінгі күні БАҚ-та «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жобасы ту­ралы көп айтылып жатыр. Бұл жо­баның «Достықтағы» нақты көрінісі қандай?
- Жоба әлдеқашан жұмыс іс­тей бастады. Биылғы жылы бір­неше теміржол құрамалары ұйым­дастырылды. Осындай әрбір құ­рама бар-жоғы біржарым сағат­тың ішінде бізде рәсімдеуден өтті. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Өзде­ріңіз білесіздер, еуропалықтар дәлдік пен ұқыптылықты сүйетін тақуа халық. Олар үшін жүктердің шекарада тоқтап қалмауы - өте маңызды. Сондықтан да біз бұған ерекше көңіл бөлеміз.
- Оның үстіне жүктерді те­міржол арқылы тасымалдаудың жыл­дамдығы су жолымен тасы­мал­дауға салыстырғанда бәсекеге қабілетті болуы керек дейсіз ғой?
- Міндетті түрде. Тағы бір нәр­сені атап айтар едім. «Транс­контейнер» атты ірі ресейлік компания бар. Дәл бір ай бұрын сол компанияның өкілдері келіп, біздің кеденнің инфрақұры­лы­мымен танысып кетті. Келешекте олар Манжур бағытын біздің «Дос­тық» кедені арқылы өткіз­бекші. Сол кезде бүгін Қиыр Шы­ғыс арқылы өтіп тұрған жүктің бәрі біз арқылы өтеді. Бұған «Дос­тықтың» ыңғайлы геогра­фия­лық орналасуы және «Қазақ­стан Те­міржолының» өткізу мүм­кіндігі де өз септігін тигізбек.
- Жүктерді Қиыр Шығыс ар­қылы Орталық Ресей мен Еуро­паға жеткізу - Қазақстаннан Ресейге тасымалданатын жүктерге са­лыс­тырғанда едеуір ұзақ емес пе?
- Иә, біріншіден, жол тым ұзақ, екіншіден, Қиыр Шығыс жо­лы­ның өткізу мүмкіндігі қа­зақстандық жолмен салыс­тыр­ғанда айтарлықтай төмен.
- Ал Кедендік одақ жағдайында Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара ықпалдастық қалай жүзеге асырылып жатыр? Мемлекет­аралық қатынастар үлгісінің өзгеруі қай бағытқа әсер етті?
- Қытайдың кеден құры­лым­дарымен бізде ешқандай түйткілді мәселе жоқ. Олармен біз өзара ты­ғыз байланыс орнатқанбыз. Біздің жанымыздан мұнай құ­бырының тармағы өтеді, «Дос­тықта» Аспанасты елінің газ экс­порттайтын компаниясы жұмыс бастамақшы. Бұлардан басқа, біз өзара салыстыра тексеру үшін Қытай кеденшілерімен жиі кез­десіп тұрамыз. Бұл өте маңызды, өйткені Кедендік одақ елдеріне Қытайдан өте көп тауар тасы­мал­данады. Біз Қытай тарапымен тауарларды саны, салмағы және сапасы бойынша салыстыра тексереміз. Қазіргі кезде біздің кеден 99 пайызға Аспанасты елінен Кедендік одақ және Еуропа елдеріне жіберілетін жүктер бойынша жұмыс істеп тұр.
- Кедендік одақ тақырыбы ай­т­ылып жатқан соң, біздің еліміз оған мүше болғалы қазақстандық кеденшілердің жұмысында қандай өзгеріс барын да білгіміз келеді.
- Кеден нығайып келеді. Ол енді тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Кедендік одақтың да шекарасы. Біздің иығымызға үлкен жауапкершілік жүгі түсіп тұр. Бұрын біздің Кедендік ко­дексте болмаған жаңа талаптар пайда болды.
- «Достық» кеденінің аума­ғында вагоннан-вагонға жүк тиеп, түсірумен айналысатын «Ке­ден­ТрансСервис» мердігерлік кәсіп­орны жұмыс істейді. Жақын уа­қытқа дейін осы мекеменің жұ­мы­сына көптеген сын айтылып келді. Вагондағы жүктер негізінен қолмен түсірілді. Қоймалардағы ауа алмас­тырылмады. Жұмысшылар жала­қыларының аздығына шағымдан­ды. Қазір жағдай қалай, бірдеңе өзгерді ме?
- Дәл бір ай бұрын «Кеден­ТрансСервис» бас директорымен кездесу кезінде бұл мәселе тал­қыланды. Негізгі мәселе - доң­ғалақтарының арасы тар Қытай вагондарында келетін жүктер қа­зақстандық вагондарға тиеле­тін ангарларда болып тұр. Олардың іші тым суық. Қазір сол жерде жұмыс істеп тұрған техникалар да талапқа жауап бермейді. Сол себепті де бұл мәселелер бүгін де өзекті болып тұр. Біздің талабы­мызбен бұл жүктерді тиеп-түсіру бекеттері қазір тиісті түрге келді. Одан басқа, бекеттерде бейне­бақылау орнатылып жатыр. Осы­лай түйткілді мәселелер бірте-бірте шешіліп жатыр. «Кеден­ТрансСервис» - жекеменшік мердігер мекеме. Дегенмен біз де бұл мәселеге байсалды қарай­мыз.
- «Достық» кедені арқылы Қы­тайдан қанша жүк өтеді?
- Тек өткен жылы ғана бұл кеден арқылы 17,5 миллион тонна жүк өткен. Бір жыл ішінде 140 мыңнан аса кедендік декларация рәсімделген.
- Бәсекелестіктен қорық­пай­сыздар ма? Қазір «Қорғаста» «Ал­тынкөл» стансасы салынып жатыр, әлдеқашан теміржол желілері тартылды. Дәл сол тұстан келе­шек­те «Батыс Қытай - Батыс Еу­ропа» заманауи тас жолы да өтеді. Ал «Қорғастан» Ресейге шығатын жол айтарлықтай жақын.
- Жоқ, бізде ешқандай қауіп­тену болмайды. Егер, бізге уәде бергеніндей, «Алтынкөл» 25 жел­тоқсан күні ашылатын болса, керісінше, біз «Достықта» жүк ағыны азаяды деп күтудеміз. Се­бебі қазір бұл ағын өте үлкен. Кей кездері тіпті бізде вагондар мен платформалар жетпей жатады. Сондықтан қайта бұл бағыттың ашылуымен біздің жұмысы­мыздың сапасы тек жақсара түседі деп үміттенеміз.
- Кеден туралы әңгіме болғанда контрабанда мәселесін шетте қал­дыруға болмайды. Мемлекеттік шекара болған жерде заңсыз тауар тасымалдаушылар да болады. Осы ұнамсыз құбылыспен күрес қалай жүріп жатыр?
- Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде біз 38 қылмыстық іс қоз­ғадық. Кедендік бақылау коми­тетінің төрағасы Мәжит Төлеу­бекұлы Есенбаевтың өзі маған тіке­лей контрабандаға қарсы кү­ресті күшейту жөнінде тапсырма бер­ді. Біз бұл тапсырманы орын­дап жатырмыз. Тек өткен айдың өзін­де біз Қылмыстық кодекстің 209-бабы екінші бөлігімен бес қыл­мыс­тық іс қозғадық. Анық­тал­ған контрабанданың көлемі 58 мил­лион теңгеден асады. Ал жыл көлемінде 1 миллиард 200 мил­лион теңгенің контрабан­дасын анықтадық.
- Соңғы кездегі ең атышулы істі айта аласыз ба?
- Ол Қазақстаннан Қытайға экспортқа шығарылып бара жат­қан ондатр терілеріне қатысты болды. Кеден өткелінде күмәнді жүк тиелген машинаны тоқтату бойынша жоспарлы шара өткі­зілді. Тексеру жүргізіп, артық жүк бар екенін анықтадық. Заңды бұзғандар декларацияда 3 мың ондатр терісі бар деп көрсеткен, іс жүзінде ол 23 мың данаға жуық­тады. Сөйтіп, 17 миллион теңгенің контрабандасы тәркіленді. Бірақ заңды бұзғандар, жай ғана дек­ларация толтыру кезінде қате­лестік дегенді айтады...

Сұхбаттасқан
Махамбет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

http://www.aikyn.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562