Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6266 0 пікір 24 Тамыз, 2022 сағат 13:29

Мемлекеттік тілді дамытуда Алматының үлесі үлкен

Мемлекеттік рәміздермен қатар мемлекеттіліктің маңызды атрибуттарының бірі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі тәуелсіздік алғалы бері өткен 30 жыл ішінде елімізбен бірге қарқынды дамып келеді. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін Қазақстан Кеңес Одағының құрамында болған кезде алды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақ КСР-дегі Тіл туралы» Заңды қабылдады. Оны ұсынған Жоғарғы Кеңес болатын. Осы Заңға сәйкес қазақ тілі Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі болып жарияланды, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесін алды. Кейін 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларда «Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен бірге орыс тілі ресми түрде қолданылады» деп айқындалды.

Айта кетерлігі, кеңестік кезеңде қазақ тілін іс жүргізу мен оқу-ағарту саласына енгізу әрекеттері жасалғанымен, КСРО-дағы мемлекеттік саясаттың жалпы бағытына, сондай-ақ демографиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты қазақ тілі аз дәрежеде ресми түрде, ал көбірек дәрежеде көркем әдебиетте, журналистика өнерінде және күнделікті қарым-қатынаста қолданылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қазақ тілінің жан-жақты дамып, өмірдің барлық саласында кеңінен қолданылуына жағдай жасау мүмкін болды.

Тәуелсіздік жылдары Алматы қаласы мемлекеттік тілді дамытудың басында тұрды. Ал КСРО кезеңінде тілді сақтап қалу бойынша шаралар осы қалада атқарылды. КСРО билігінің саясаты ұлттардың өз тілі мен мәдениетін, салтын дамытуға, сақтауа қарсы бағытталды. Алматыда кілең орыс тілді мектеп болып, бір ғана қазақ тілді мектеп қалдырылды. Бұл ел астанасы болған қаладағы жағдай болатын. Осы арқылы Мәскеу қазақ тілі мен мәдениетін толық жоюға әрекеттенгенін ашық көрсетті. Алайда Алматы қаласындағы аз ғана қазақ (қазақ ұлтының өкілдері қалада аз болып, бейресми шектеу шаралары болған-ды), тілді сақтап қалу жолдарын іздестірді. Жазушылар одағында қазақ тілді романдар көптеп жазылды. Бұл тілдегі әдеби сөздер мен көркемдікті сақтап қалудың бір амалы болатын. Себебі кітап мен көркем әдебиет жазылмайтын тіл тек тұрмыстық деңгейде қалып, өз құндылығын уақыт келе жоғалтатыны анық.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Алматы қаласында мемлекеттік тілді дамытуға қатысты шаралар жүйелі түрде жүріп келеді. Қалада мемлекеттік тілді дамытуға қатысты арнайы басқарма құрылып, қызмет атқаруда. Халық мемлекеттік тілді көтеруді ұдайы жадында сақтау мақсатында түрлі акциялар ұйымдастырылып, тілге қатысты халықтық митингтер өтіп тұрады. Тұрғындар көп жүретін аумақта мемлекеттік тілді көтеруге қатысты арнайы шаралар да өтеді, жадылық билбордтар да ілінеді.

Мемлекеттік тілді дамытудың бір жолы сол тілде қызмет алу аясын кеңейту. Бұл биліктің қолдауы мен халықтың талабына сай іске асады. Алматы қаласында алғаш болып мейрамханалар, жылдам тамақтану орындары, сыраханалар, кафе мен ашық аспан астындағы тамақтану желілері және тағы басқа жерде мемлекеттік тілде мәзір болуды міндеттейтін шешім шықты. Бұл еліміз бойынша мемлекеттік тілді дамытуға қатысты қабылданған тамақтану саласындағы нақты шешімнің бірі.

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өзге де шаралар қалада іске асуда. Мысалы латын әліпбиін халыққа насихаттау мақсатында арнайы дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, әліпбидің үлгісін талқылау шаралары қалада ұдайы өтіп келеді. Халықтың көзін қабылдануы тиіс жаңа әліпбиге үйрету мақсатында қала көшелерінде дүкендер, сауда орындары, мемлекеттік органдардың атаулары латын әліпбиіне негізделіп жазылуда. Бұл да мемлекеттік тілдің дамуына сеп болары анық.

Алматы қаласы мемлекеттік тілді сақтау жолындағы авангард болып қала бермек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381