Жұма, 22 Қараша 2024
Талқы 3479 30 пікір 1 Қыркүйек, 2022 сағат 12:47

Жазушының жалақасы бюджеттен емес, нарықтан!

19  тамыз 2022 жылы «Qazaq Adebieti» газетінде бірнеше жазушылар «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасын талқылады. Нәтижесінде қайтадан мемлекет мойнына ілді. 30 жыл бойы нарық реформа дегенімізді жазушылар одағы түсінбей кетті-ау, деген ойға итереді. Кітап саласы да (оған баспа ісі, баспахана ісі, кітап дүкендері кіреді) нарыққа кіруге тиіс. Егер біз үлкен қалаларда үлкен кітап дүкендеріне кірсек, біз жалпы кітап нарығының жүйесіздігін көреміз: 90% сатылатын кітап - орыс тілінде, яғни, Ресейден әкелінген. Бұл орталықтарда жаңа шыққан қазақ тіліндегі кітап табылмайды. Жаңа кітаптар туралы оқырмандар ақпарат алмайды. Бұның бәрі басылымдардың келісілмеген қызметін, кітап өнімдерін сатудың орталықтандырылмаған жүйесін көрсетеді. Оның авторы, баспагері, оқырманы, байланысы жоқ екенін білдіреді.  

Қазақстан баспаларында жалпы ішкі мінез-құлық нормасы қалыптаспаған, сондықтан, өзара мүдделер жоқ екені түсінікті. Бейнелеп айтқанда, Қазақстанда кітап нарығының оркестрі үлкен, бірақ, әрбір «аспап» өзінше ойнайды. Қоғаммен байланыс жоқ, баспа басшылары кітап мәселелерін бірлесіп талқыламайды, қоғам баспагерлік ұйымдардың қызметі туралы ақпарат алмайды, барлық кітап сату нүктелерінде біріңғай баға қағидасы сақталмайды. Үйлесімді жұмыстың болмауына байланысты  баспагерлер құрметтелмейді және авторлық құқықтар қорғалмайды.

Қазақстан баспа ісінің басты мәселелерінің бірі - заңнамада баспа ісіне арналған арнайы құқықтық орын жоқ. Әрбір баспагер, баспахана, кітап сауда құқықтық мәселелрге тап болады: шетелден әкелінетін қағазға жоғары баж салығы, салық льготаның жоқтығы т.б. Бірде-бір баспа бұл мәселелерді жеке шеше алмайды. Бұл мәселелерді шешу үшін бірыңғай орталық әлі құрылған жоқ.

Дамыған Европа елдерінде, әрине кітап саласында белгілі бір мәселелері бар, бірақ, ол мемлекеттерде дағдарыстан алыстау. Себебі, олар мәселені дөңгелек үстелде талқылайды. Ал Қазақстанның кітап саласы дағдарыстан 30 жыл бойы шыға алмай жүр. Республикамызда кітап саудасы желісінің болмауы, «Қазақкитап» 1560 кітап дүкені бар инфраструктурадан айрылуы (1997-99 жылдары), соның салдарынан кітап дүкендердің барлық аудан орталықтарында және моноқалаларда жоқтығы, баспагерлер кітапты 500-1000 данадан артық шығармауы, жазушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін заңдардың болмауы, баспагерлерге кедендік және салықтық жеңілдіктер бермеуі – осы дағдарыстың көрсеткіші. Соның кесірінен оқу сайысы сияқты іс-шараларды өткізу бізде мүмкін емес. Кітап дүкендер, кітапханалар, мектептер т.б. мәдениет орталықтар, бұл оқиғаларға үлкен көңіл аударады және жас оқырмандарға жақсы мүмкіндік береді. Осы жол жаңа ұрпақты мемлекет тілімен байланыстырады, бірақ, қайталап айтамыз, баспа ісі дағдарыста. Әдеби шығармашылықпен айналысатын адамдардың әлеуметтік жағдайы заңмен реттелмеген. Жазушылардың жағдайы, мысалы музыканттар мен суретшілердің жағдайынан өзгеше, өйткені олар мекемелерде тіркелмеген. Бірақ бұларды жұмыссыз деп айтуға келмейді. Кітап және медиа саласының міндеттері білім және мәдениетті ары қарай жетілдіру. Бұл сала ақпаратты өңдейді және таратады, білім беру және ойын-сауық контент өндіруші болып табылады. Оның мақсаты әр түрлі ақпаратты оған қызығушылық танытқан көпшілікке жеткізу. Нәтижесінде, бұл сала медиа-өнімді өндіру емес, сату есебінен өмір сүреді. Ешкім қоймаға жұмыс істемейді.

Бұның бәрін басқа сөзбен, орыс тілімен, 1997 жылдары 1 жыл бойы сол кездегі «Азия-экономика и жизнь» деген газетте рубрика жүргізгенмін. Нарық заманында автор мен оқырманның арасындағы қарым-қатынас қалай жүру керек?.. Бірақ бұл ойларды өз пайдасына қаратып алған сол кездегі ақпарат және мәдениет министрі кәзір марқұм Алтынбек Сәрсенбаев және директор «Қазақкитап» Қоғабай Сәрсекеев, ол да марқұм.

Жабал Ерғалиев: «Осы 30 жылдың ішінде коррупционер болды, жеп қойды, ішіп қойды деген ақын-жазушыларды естіген де жоқпын, білмеймін де! Қоғамның ең бір таза да адал мүшелері – осы ақын жазушылар!» - дейді.

Ең басты егемендігіміз басталғанда Қуаныш Сұлтанов коммунистік партияда баспасөздің, радио, телевизияның цензура комитетін басқарған. Бірінші ақпарат министрі болып тағайындалғанда, жекеменшік баспагерлерге, радио-телевизия компанияларға ҚҚС(НДС) салығын салды, ал мемлекеттің қолындағы «БАҚ»-тардан (Бұқаралық ақпарат құралдары) «ҚҚС»-ты алып тастады. Мамандығы, журналист-редактор. Қазір де жаңа мешітті елбасы ашып жатқанда қасында жүгіріп жүр. Осындайларды көрмей жүрген Жабал Ерғалиевқа таң қаламын.

Серік Ақсұңқар: «Бір кездегі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын жамандады, бұған әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмады», - дейді. Ендігі үмітіміз – жаңа, жас министрде!

Осы біздің зиялы қауым, жазушы одағы құлдық мінезден қашан құтылады?

Кеше ғана мәдениет министрі Дәурен Абаев Назарбаевтың кезінде ақпарат министрі болған жоқ па? Есімізде қалған ісі, дүңгіршектерді (газетный киоск) барлық қаларда үлкен көшелерден алып тастаған. Сөйтіп сөз еркіндігінің жауы қатарына кірген жоқ па? Сонда қандай үміт күтіп жатырмыз, жас министрден?

Қалу Тоқтабулатов, 

зейнеткер,бұрыңғы кітап таратушы, Орал қаласы

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292