Сенбі, 23 Қараша 2024
Елім-ай 3255 8 пікір 5 Қыркүйек, 2022 сағат 10:51

Бұл - жаудың ісі!

Қостанай облысындағы өрт, бұл – диверсия! Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын болдырмау мақсатында жасалған – террорлық акт! Бұған Ресейдің арнаулы қызмет орындарының қатысы болуы мүмкін.

Қазақтың ұлттығын сақтауда нақ Ахмет Байтұрсынұлындай қызмет еткен тұлға қазақ тарихында кемде-кем. Ахаң қазақ ұлтын сақтаудың ғылыми-теориялық негізін жасаған кемеңгер. Сол үшін де Ахаңды "Ұлт ұстазы" дейміз. Бір дүние анық – Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ұлттығының символы! Ал ішкі-сыртқы дұшпандардың қазаққа қарсы жүзеге асырып жатқан қасақы әрекеттерінің ішінде ұлттық символдарды дәріптеуді болдырмаумен күресетін арнайы күштер бар. Бұл – солардың әрекеті! Осы мақсатта ішкі, сыртқы жау күштер әртүрлі тәсілдермен қазақтың ұлттық санасының оянуына қарсы бағытталған барлық деңгейде майдандар ашуда. Мұнымен бел шешіп күресуге біздің билік дәрменсіз. Қайта көп жағдайда билік сыртқы күштердің сойылын соғып кетуде. Мұны халық көріп отыр. Осыны көріп, Ақ Орда ішінде жансыздар өріп жүр ме дейміз.

Кейінгі кезде Ел Тәуелсіздігіне, мемлекетіміздің тұтастығына қарсы сырттан да, іштен де неше түрлі мәлімдемелер айтылуда. Бірақ олар көп жағдайда жазасыз құтылуда.

Ал мына Әулиекөлге жан-жағынан өрт қойғандар тез арада ұсталып, қатаң жазасын алуы керек. Әйтпесе, бұл диверсия еліміздің басқа өңірлерінде де жалғаса бермек.

Сосын тағы бір айтарым, халқымыздың ұлы тұлғаларының мерейтойын олардың туған жерлерінде ауылдық деңгейде өткізуді доғару керек. Бұл – барлық жағынан зор шығын. Мұның рухани-саяси қайтарылымы кемшін. Ішеді, жейді, кетеді. Атшаптырым той орнында шашылған пластик, үйілген қоқыстан басқа ештеңе қалмайды. Ел есінде де...

Әрине, мерейтой тұлғаның туған жерінде бастау алсын. Ескерткіші ашылып, мұражайы бой көтеріп, ауылы аббаттандырылып, жолдары салынып дегендей. Бірақ негізгі, қорытынды мереке салтанаты Ел Ордада өтуі тиіс. Бұған Президент пен Үкімет мүшелері толық құрамда, сондай-ақ ел зиялылары қатысуы керек яғни Ахаңдай ұлы тұлғалардың мерейтойы Ел Ордада өтуі арқылы мемлекеттік тұрғыда ресмилендіруі керек. Әйтпесе, ұлт һәм мемлекет тұлғаларын ұлықтау шаралары ауылдық деңгейде қалып барады. Мәселен, Абайдың кешегі өткен 175 жылдығы да кеңестік кезеңдегі шопандар тойының деңгейінде өтті. Абайдың 150 жылдығы ғана Алматыда (сол кездегі астанамыз) ресми мерекеленді. Содан бері Абай бастаған ұлыларымыздың ешқайсы ел Астанасына кіре алған жоқ, Қазақша айтқанда Назарбаев билігі Ақмола астана болғалы қазақтың бір жақсысын – сонау Абылай мен Бұқар жыраудан бастап, Ел Орданың есігі түгілі тесігінен сығалатқан жоқ. Бірақ Ел Ордаға өзінің атын бергізді. Осы әділет пе?!

Осылайша Қазақ Мемлекеттігіне өлшеусіз қызмет еткен, осы жолда қанын төгіп, жанын берген тарихи тұлғаларымыз ауылда шаң жұтып қалып қойды. Керісінше, неше түрлі діндер съезі, мемлекет идеологиясына түк пайдасы жоқ қаптаған самиттер, халықаралық жиындар мен Астананың бес-он жылдығы деп Ел Орданы басып кеткен небір нашақор әлемдік жұлдыздар үшін Бас қаламыз "проходной двор" болды. Мұның бәріне бюджеттің (халықтың) қаржысы шашылатынын ескерсек, бұған тоқтам болуы керек.

Сөз соңында айтарымыз, ұлы тұлғаларымыздың есімдерін Ел Орда төрінде мемлекеттік деңгейдегі салтанатты жиындар арқылы ресми түрде ұлықтамай, олардың мәртебесі еш көтерілмейді. Ал ұлы тұлғалар осылай ұлықталмайынша, олардың өнегелі өмірі мен артында қалдырған мұрасы тұрақты түрде толассыз жаңғыртылу арқылы халық санасына жетпейінше, ұлт оянбайды, ел еңсесі көтерілмейді.

Алда әлі уақыт бар, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын осы күздің аяғына дейін Ел Ордада, мемлекеттік деңгейде, барлық ресми талаптарға сай, өз мәнінде атап өтілуі керек.

Ал Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өрт қоюды ұйымдастырған диверсиялық топтар ұсталынып, жазалануы тиіс. Үкіметтен бұл жөнінде ресми жауап күтеміз!

Ерлан Төлеутай

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349