Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3216 8 пікір 5 Қыркүйек, 2022 сағат 14:11

Қазақстан қырғыз, тәжік, өзбектен артта жатыр

2022 жылғы Global Peace Index бойынша рейтингке енген 163 елдің ішінде Өзбекстан Орталық Азиядағы ең қауіпсіз ел деп танылды. Ол рейтингте  86-орынға жайғасыпты. Ал Қазақстан бес елдің ішінде төртінші болып тұр. Осылайша ОА елдері ішінде Қазақстан рейтингтің соңында жатыр десек те болады. 

Орталық Азияның басқа елдері рейтингте:

Қырғызстан – 91,
Тәжікстан – 92,
Қазақстан – 97,
Түрікменстан – 104.

Рейтингтің алғашқы үштігін Исландия, Жаңа Зеландия және Ирландия иеленді. Соңғы орында соғысы бітпейтін, атысы таусылмайтын Ауғанстан.

Сарапшылар қорытынды индексті жасау үшін келесі көрсеткіштерді зерттеп, басшылыққа алған:

- ішкі және сыртқы қақтығыстар, олардың қарқындылығы және құрбандардың саны;

- көрші елдермен қарым-қатынас;

- халық арасындағы босқындардың үлесі;

- азаматтар арасындағы сенімсіздік дәрежесі;

- саяси тұрақсыздық және қоғамдық тәртіп;

- саяси террор;

- террористік шабуылдардың жиілігі;

- 100 мың адамға шаққанда кісі өлтіру саны;

- тұтқындардың саны;

- ауыр қылмыстардың үлесі;

- құқық қорғау органдары қызметкерлерінің саны;

- ЖІӨ-дегі әскери шығындардың үлесі;

- қаруды әкелу және әкету;

- БҰҰ немесе басқа күштердің контингенттеріне қатысу;

- атыс қаруының болуы және ауыр қарудың саны;

- қарулы күштерді модернизациялау.

Жаһандық бейбітшілік индексін жыл сайын Бейбітшілік институтының халықаралық сарапшылар тобының социологтары мен экономистері Сидней университетінің Бейбітшілік және жанжалдарды зерттеу орталығымен бірлесе отырып зерттейді.

2021 жылы Қазақстан 67 орында болған. ОА елдері Қазақстаннан әлдеқайда төмен позицияда орналасқан болатын.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351