Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7899 0 пікір 31 Шілде, 2009 сағат 08:46

Өміржан Әбдіхалық. «Алаш» Алаш болған күн

1917 жылы Орынбор қаласында 21-26 ншы шілде аралығында І нші жалпықазақ съезі ашылды. Съезге Ақмола, Торғай, Семей, Орал, Сырдария, Жетісу, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20 ға жуық өкіл қатысқан. Съездің күн тәртібіне сол кезеңдегі қазақ жұрты үшін өзекті делінген он төр мәселе қойылған. Оның ең маңыздысы «Алаш» париясын құру жөніндегі мәселе. Алайда, арада 92 жыл өткенімен сол тұста Алаш зиялылары көтерген мәселелердің көбі әлі күнге өзектілігін жойған жоқ.

1917 жылдың 21-нші шілдесі қазақ тарихындағы айрықша күн. Бұл күні тек қана алғаш рет жалпықазақ съезі ашылып, қазақ мәселесін тұңғыш рет заманауи саяси деңгейде қазақ зиялары көтеріп қана қойған жоқ, сондай-ақ. Бұл съезде «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығарылды. Тарихшы, алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелді І-нші жалпықазақ съезінің құжаттық хаттамасы сақталмағанын айтады. Бірақ та ең маңызды мәселелер ретінде мемлекет басқару түрлері, автономия мәселесі, жер мәселесі, оқу-ағарту, әйел теңдігі сияқты өзекті мәселер талқыға түскен. Алайда, съезде көтерілген жер мәселесі бүгінгі таңда да қазақ ұлты үшін өзектілігін жойған жоқ. Ал, съездің шешіміндегі жер мәселесі жөнінде тарихшы Мәмбет Қойгелді мынандай дерек айтты:

1917 жылы Орынбор қаласында 21-26 ншы шілде аралығында І нші жалпықазақ съезі ашылды. Съезге Ақмола, Торғай, Семей, Орал, Сырдария, Жетісу, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20 ға жуық өкіл қатысқан. Съездің күн тәртібіне сол кезеңдегі қазақ жұрты үшін өзекті делінген он төр мәселе қойылған. Оның ең маңыздысы «Алаш» париясын құру жөніндегі мәселе. Алайда, арада 92 жыл өткенімен сол тұста Алаш зиялылары көтерген мәселелердің көбі әлі күнге өзектілігін жойған жоқ.

1917 жылдың 21-нші шілдесі қазақ тарихындағы айрықша күн. Бұл күні тек қана алғаш рет жалпықазақ съезі ашылып, қазақ мәселесін тұңғыш рет заманауи саяси деңгейде қазақ зиялары көтеріп қана қойған жоқ, сондай-ақ. Бұл съезде «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығарылды. Тарихшы, алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелді І-нші жалпықазақ съезінің құжаттық хаттамасы сақталмағанын айтады. Бірақ та ең маңызды мәселелер ретінде мемлекет басқару түрлері, автономия мәселесі, жер мәселесі, оқу-ағарту, әйел теңдігі сияқты өзекті мәселер талқыға түскен. Алайда, съезде көтерілген жер мәселесі бүгінгі таңда да қазақ ұлты үшін өзектілігін жойған жоқ. Ал, съездің шешіміндегі жер мәселесі жөнінде тарихшы Мәмбет Қойгелді мынандай дерек айтты:

««Қазақ» газетінің 1917 жылғы 31 шілде күнгі санында жарияланған съездің қаулысында қазақ халқы өзіне еншілі жерге орналасып болғанша, жер ешкімге берілмесін деді. Және қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан, қазақ пайдасынан алынып кеткен мынандай жерлер тоқтаусыз қайтарылсын: дворяндық, мал өсіру, сауда-өнеркәсіп, курорт, монастыр үшін деп алынған жерлер түгелдей қазақтардың өздеріне қайтарылып берілсін деді»

Съезге дейін «Қазақ» газетінде алда құрылатын қазақтың тұңғыш саяси партиясы туралы мақалалар жарық көріп, халыққа түсінік берілген. Мәмбет Қойгелдінің айтуынша, сол тұста «Қазақ» газетінде жарық көрген Міржақып Дулатұлының бір мақаласында партия туралы былай деген: «Ресейде неше түрлі партия бар. Бірақ ешқайсының бағдарламасы қазақ ұлтының мұрат-мүддесіне сай келмейді». Тарихшы Мәмбет Қойгелді сол кезеңнің өзінде ұлт зиялылары Қазақстанда құрылуы тиіс кез келген саяси партияның түп негізінде ұлттық мүдде мен ұлттық талап-тілек жатуы міндетті екенін білген әрі мұны басы ашық мәселе ретінде қарастырған дейді.

Ал, қазіргі ЖСДП төрағасының орынбасары Әміржан Қосанов бүгінде алаш зиялыларының ізбасарлары жоқ деп есептейді. Оның ойынша, тіпті бірен-саран ұлтшыл, мемлекетшіл тұлғалардың бар екенін есепке алған күннің өзінде бүгінгі саяси жүйенің шеңберінде олардың ұлт үшін күресіне орын жоқ.

 

 

Азаттық пен автономия арасы

 

 

Тарихшы Мәмбет Қойгелдінің айтуынша, 1913 жылы Бақытжан Қаратаев, Райымжан Мәрсеков, Жаһанша Сейдалин сияқты ұлт зиялылары жалпықазақ съезін шақыру, ұлттық партия құру туралы әңгіме көтерген. Алайда, бұл әңгімеге Алашорданың көшбасшысы Әлихан Бөкейхан, «Қазақ» газетінің бас редакторы Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетіне тоқтау айтып мақала жазған. Тарихшы Мәмбет Қойгелді өз сөзінде бұл турасына кеңірек тоқталды.

«Ол кезде патшалық ресейдің заңы бойынша, мемлекеттік думаға депутат партияның атынан түсетін болған. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сол кездегі патшалық жүйе жағдайында және сол тұстағы саяси тәртіп жағдайында жалпықазақ съезін шақырып, онда саяси партия құру туралы бастама көтеру қателік болатынын оның соңы патшалық өкімет тарапынан репрессияға ұласатынын жақсы білді. Сондықтан да, Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетінде жарық көрген мақаласында былай деді: ««Үй өзімдікі деме, үй артында кісі бар» деген қазақтың сөзі бар. Сенің әрбір қадамыңды, әр сөзіңді аңдып отырған билік бар. Жарайды, сендер жалпықазақ съезін шақырасыңдар, онда саясат туралы сөз болмай қоймайды. Соның бәрі биліктің құлағына жетсе, сендердің әр қайсыңды жүргізбейді. Сондықтан бұл әңгімені қоя тұрыңдар. Уақыты келгенде көрерміз» деген. Шынында, Бақытжан Қаратаев, Райымжан Мәрсеков, Жаһанша Сейдалиндердің ұстаған бағытының стратегиялық және тактикалық тұрғыдан дұрыс еместігін уақыт көрсетті»,-деді Мәмбет Қойгелді.

Жалпықазақ съезін шақыру және онда саяси партия құру туралы мәселе қарау жқнінде сол тұстағы бастама алаш зиялыларының арасында үлкен әңгімеге арқау болған. Зиялылар бұл мәселеге қатысты өз ұстанымдары мен көзқарастарын «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің бетінде мақала арқылы айтқан.

Ал, 1917 жылы 21 шілдеден 26 шілдеге дейдін бес күнге ұласқан І жалпықазақ съезінде автономия алу мен бірден Тәуелсіздік жариялау туралы әңгімеде Алаш зиялылары арасында қызу пікірталас туған. Съезде Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов Қазақ Республикасы толық тәуелсіздігін жариялау керек деген талап қойған. Алайда, бұған Әлихан Бөкейханов көнбеген. Мұны «Алашорда» деректі фильмінің сценарий авторы Болат Мүрсәлім айтып отыр. Ал, тарихшы Мәмбет Қойгелді Әлихан Бөкейханның бұл талапқа қарсы айтқан дәйегін былайша келтірді.

«Әлихан Бөкейхан сол тұстағы қоғамдық-саяси ахуалды өте терең әрі жақсы түсінген. Әлекең былай деді: «Қазақ жерінде қоныс аударушы орыс шаруалары мен орыс казактарының саны басым әрі олардың қолында қару бар. Және билікте солардың жағында. Біз әуелі оларды ішке тартып, біз сендерді ешқайда қумаймыз, сендерге жаулығымыз жоқ, бірігіп мемлекет құрайық, бірлесіп әрекет етейік деп оларға түсіндірейік. Сосын барып, тәуелсіздікті жариялайық»,- деген. Әлихан Бөкейхан ұстанымы дұрыс болатын.

Сөйтіп, құрылтайға дейін елді басқаруға алған уақытша өкіметтің тұсында бүкіл мемлекеттің формасы федерация болады деген әңгіме гулеп тұрған кезде құрылтайға қазақ халқы өзінің жеке партиясымен қатысып, сол партияның атынан автономия сұрау қажет болды. Осылайша, «Алаш» партиясы құрылды. Ал, тарихшы Мәмбет Қойгелді «Алаш» сол кездегі еуропалық үлгідегі ұлттық демократиялық партия болған. Партияның басты құжаты саналатын бағдарламасының өзі сол тұстағы батыстағы кез келген партияның бағдарламасынан кем болмаған», - дейді.

 

 

Тәуелсіздік һәм Алаш идеясы

 

 

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық мүддені көздеген, талап-тілектері тек қана ұлттың мұрат-мақсаттарына негізделген Алаш идеясы жүзеге аспады деген пікір қоғамда аракідік айтылады. Болат Мүрсәлімнің пікірінше, Алаш зиялылары еуропалық саяси мәдениетті ұстанған әрі еуропаның өркениетті дәстүрлеріне бой ұрған.

«Алайда, бүгінгі Қазақстан Ресейдің 300 жылдық отарының санаға сіңген құлдық психологиясынан әлі де ажырай алмай келеді. Алаш зиялылары сөз бостаныдығының болуын, барлық саяси-қоғамдық мәселелер демократиялық жолмен шешілуін қарастырды. Бүгінгі күні саяси мәселерде, кез келген мәселені қазақтық негізде қарастыруда алаш идеясы, олардың мақсат-мұраттары жүзеге асқан жоқ»,- дейді Болат Мүрсәлім

Алаш зиялыларының дені 1937-38 жылғы сталиндік репрессия кезінде нақақтан атылды. Ал, 21 шілде күні Азаттық радиосының веб-парақшасында жарық көрген Александр Народецскийдің «Тоқаев ЕҚЫҰ-ның Гитлер мен Сталинді қатар қойғанына қынжылыс білдіреді» деген мақаласында ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы нацизм мен сталинизмді аяусыз сынағанын айта келіп, ҚР Парламенті Сенатының спикері Қасымжомарт Тоқаев мырзаның «ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының вице-президенті ретінде жалпыға мәлім тарихи деректер мен құжаттарға қарама-қайшы резолюцияның қабылданғанына өкініш білдіруге мәжбүрмін. Бұл құжат нацистік режимді және антигитлерлік коалицияға кіріп, фашизмді жоюға үлкен үлес қосқан әрі БҰҰ құрылтайшыларының бірі болған мемлекетті бір орынға қатар қояды» - деген сөзін жолма-жол беріпті. Ал, ендеше...

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036