Сенбі, 23 Қараша 2024
1553 3 пікір 7 Қыркүйек, 2022 сағат 11:26

Жұманғарин: "Қазақстанға жететіндей қант шығарамыз"

Отандық қант зауыттарына үш айлық бразилиялық қамыс қантын сатып алуға көмектесетін болады. Бұл бағаның өсуін тоқтатады. Қант 460 теңгеден аспайды. Бұл туралы Zakon.kzке сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстанның сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин «барлық ақша шоғырландырылады» деп нақтылады.

"Әңгіме шамамен 50 миллиард теңге туралы болып отыр. Бізде қызылшадан емес, қант құрағынан 700 мың тонна қант өндіретін төрт зауыт бар", деді Серік Жұманғарин.

Ол Қазақстанның қантқа деген сұранысы 530 тоннаны құрайтынын және кәсіпорындардың елді қантпен қамтамасыз етуге мүмкіндігі жеткілікті екенін еске салды.

Оның есебі бойынша халық 230 мың тонна тұтынса, шырын өндірушілерге осыншама, кондитерлік өнімдер өндірушілерге 80 мың тонна қажет.

"Біз не ұсындық? Біз барлық зауыттармен кездестік, жұмысты ұйымдастырып жатырмыз, олардың есепшотына қаражат түсіреміз және олар бразилиялық қамыс қантының үш айлық көлемін сатып алады. Бұл олар жыл бойы шикізатпен қамтамасыз етіледі деген сөз. Сонымен қатар, олар осылай жүзеге асса, қанттың қымбаттамайтынына кепілдік береді. Яғни, зауыт қантты 460 теңгеден қымбат шығармайды, ал біз бүкіл Қазақстанға жететіндей өнім шығарамыз", - деді Серік Жұманғарин.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5418