Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2404 30 пікір 13 Қыркүйек, 2022 сағат 15:41

Елорда атауын ауыстыру туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

Депутаттардың елорда атауын қайта ауыстыру туралы ұсынысы Конституциялық заң жобасына енгізілді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

«Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім.

Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді.

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді.

Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс»,-деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында

 

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5492