Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 3399 2 пікір 16 Қыркүйек, 2022 сағат 15:19

Cоветтің минасы тағы жарылды

Қырғызстан мен Тәжікстан арасында тағы қақтығыс. Бұл жолы тіпті ушыға түсіп, тараптар миномет, пулемет, танк және зымыран кешендерін қолдануда. Жүздеген адам қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Екі ел шекарасының тұтас аумағында атыс-шабыс болып жатыр. 

2021 жылы Қырғызстан мен Тәжікстан арасында шекара маңындағы келіспеушілік қақтығысқа әкеліп, соңы қантөгіске ұласқан болатын. Қырғызстан қақтығыста 36, ал Тәжікстан 19 адамынан айырылған еді. Бұл екі ел арасындағы ең ірі қақтығыс болды.

14 қыркүйек күні Тәжікстан мен Қырғызстан арасында тағы да дау шықты. Шекарашылар арасында атыс болып, бірнеше адам жарақат алды. Ал 16 қыркүйекте қақтығыс ушыға түсті. Тараптар танк пен зымыран кешендерін қолдануда. Тәжікстан Баткен орталығын зымыранмен атқылап жатыр. Достық ауылын басып алып, Тәжікстанның туын тікті. Ал Қырғызстан бірнеше тәжік бекетіне соққы жасады. Бір танктің жойылғаны нақтыланды.

Тәжік пен қырғыздың қырқысы сонау КСРО қойып кеткен "минадан" бастауын алады. Мина тағы жарылды. Екі ел арасында шекара мәселесі шешілмеген, шегенделмеген. Тәжікстан 1924-1939 жылғы карта бойынша мәселені шешейік дейді, ал Қырғызстан 1958-1959 жылғы картаға сүйенеді. Осылайша шекараны шегендеу оңай болмай тұр. 900 шақырымға созылған шекараның нақты шешілмеуі Мәскеуге де тиімді. Себебі бөліп ал да, билей берді іске асырады. Орталық Азия елдерінің өзара келісімі Мәскеудің аймақтағы ықпалын азайтуы мүмкін.

Қырғызстанның ішінде өзбек және тәжік анклавтары бар. Анклавтар мәселесі шешілмей, қақтығыс тоқтамақ емес. Шекара шегенделмегендіктен тараптар маңызды республикалық жолдарды, су көздерін "өзінікі" санайды. Бұл мәселе суару, егін егу маусымында екі ел арасындағы қақтығысты арттыра түседі.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295