АШЫҚ ХАТ: РУҒА БӨЛІНУДІҢ ҚАСІРЕТІ НЕМЕСЕ ҰЛТТЫҚ ТҰТАСТЫҚҚА СЫНА ҚАҒУ
1986 жылы Мәскеуде, 300 миллионға жуық халықты біріктірген бүкіл Кеңестер Одағына, Орталық телеарна арқылы берілген шығармашылық кешім өткен соң, мені Е.Евтушенконың өтінішімен КОКП Орталық Комитеті Мәдениет бөлімінің меңгерушісі Ю.Воронов қабылдады. Оның қабылдау бөлмесінде отырғанымда, осы бөлімнің бір белді қызметкері қасыма жетіп келіп: «Вы из какого жуза?» деп сұрады. Әлгінің қолына ұстаған дәптеріне көз салып ем, Қазақстанда, билік басында жүрген адамдардың қай жүзден, қай рудан екендігі кезек-кезегімен орнықты тізіліпті. Бұл сонау патшалық Ресейдің қол астында тұрған кезеңнен бастап, Кеңестік дәуірде жалғасын тапқан, «бөлшекте де, билей бер» деген жасырын идея қаруы, яғни, «бір руды келесі бір руға қарсы қойып басқару» саясаты екенін бірден ұға қойдым...
1986 жылы Мәскеуде, 300 миллионға жуық халықты біріктірген бүкіл Кеңестер Одағына, Орталық телеарна арқылы берілген шығармашылық кешім өткен соң, мені Е.Евтушенконың өтінішімен КОКП Орталық Комитеті Мәдениет бөлімінің меңгерушісі Ю.Воронов қабылдады. Оның қабылдау бөлмесінде отырғанымда, осы бөлімнің бір белді қызметкері қасыма жетіп келіп: «Вы из какого жуза?» деп сұрады. Әлгінің қолына ұстаған дәптеріне көз салып ем, Қазақстанда, билік басында жүрген адамдардың қай жүзден, қай рудан екендігі кезек-кезегімен орнықты тізіліпті. Бұл сонау патшалық Ресейдің қол астында тұрған кезеңнен бастап, Кеңестік дәуірде жалғасын тапқан, «бөлшекте де, билей бер» деген жасырын идея қаруы, яғни, «бір руды келесі бір руға қарсы қойып басқару» саясаты екенін бірден ұға қойдым...
Егеменді ел атанғаннан кейін туған өлкем Отырарға барсам, ауданның жас-кәрісі түгелге жуық ру-руға бөлініп, әр ру өзінің Президенттерін сайлап жатыр екен. Сол тұста осындай шаралар Қазақстанның барлық жерінде дерлік бой көтерген-ді. Бұл қозғалыстың елдік, ұлттық мүдде жолындағы бірлікке, рухани тұтастыққа жасар кедергісі зор екенін ескертіп, бірнеше газет-журнал беттерінде, бүкіл елге ашық хат жарияладым. Ел Президентімен де жолықтым. Ол кісіден арнайы тапсырма да болды. Бірақ «Кеңес дәуірінде қыспаққа түскен ата-дәстүрімізге жаңаша көзбен қарайық» деген сылтаумен, ру-руға ыдырау үрдісі жыл сайын қанат жая түсті.
Әрине, әр адамның өз ата тегіне, бабаларының тарихына, олардың өнегелі істеріне тамыр жіберуі қажет. Онсыз біз өз ана тілі мен рухын, басқа ұлттың тілі мен рухына айырбастаған, өзінің түпкі тамырын, баба тарихын мойындамай, бірден «әлем азаматы» биігіне көтеріле салғысы келіп жүрген қазіргі космополиттеріміздің қатарына жақындаймыз. Бірақ, бір мәселе айқын. Сіздің өз ата-бабаңыздың, өз руыңыздың тарихына деген құлшынысыңыз бен құштарлығыңыз бүкіл халықтық, бүкіл ұлттық ортақ мүддемізге кедергі жасамауы және оған көлеңке түсірмеуі шарт. Сорымызға қарай осы ұлттық ұстанымға мүлде назар аудармайтын адамдар көбейді.
Қазіргі кезеңде рулық мүдделердің жазылмаған заңға айналғаны соншалық, кей жерлердегі басшылық қызметтегілер және еліміздегі кәсіпкерлердің едәуір бөлігі қарамағындағы орындарға негізінен өз руластарын ғана тартатын мінез қалыптастырды. Ұлттық бірлікке сына қағар осы қауіпті бағытты тоқтата алмасақ - азаматтығымызға, елдігімізге сын.
Елімізде ру-руға, ата-атаға бөліну -
Бар қазақты біріктірер тұтастықтан жеріну.
Ортақ ұлттық мүдделерден тасалану, шегіну,
Бір жағынан ата дәстүр қамқоры боп көріну,
Шын мәнінде тек туыстық мазмұнына теліну,
Ел бірлігін жояр жеке топ күшіне берілу;
Қай кезде де ұлт мүддесі тұтастықпен алға асқан,
Ата жаудан бүкіл қазақ тек бірлесіп қорғасқан.
Халқымызға даңқ сыйлады ортақ ұлы тұлғалар,
Тұлға кетсе ұлтқа шыншыл сенімменен кім қарар?
Қазір жұртқа ұлы тұлға - руының басшысы,
Тіпті Абай, Махамбет те секілді оның қосшысы.
Міне, қандай бағыт түзген рушылдық сезімдер?
Елдің мұңын бірге ойлаудан олар айқын безінген.
Өлімде де өзгелерден дербестігін сезіне,
Әрбір ру жеке бейіт салып алған өзіне.
Қайда барсаң руластар бір-бірімен жарысқан,
Рулық өр ескерткіштер қол созып тұр алыстан.
Қандастары қосыла айтып қану үшін құмардан,
Кейбір ру өзіне арнап әнұран да шығарған.
Рушылдық неге қазір көп қазаққа ұнайды,
Жолыққан жан неге алдымен руыңды сұрайды?
Әр адамға ата-тегін білу парыз десек те,
Одан өрбір пенделікті қоспаппыз біз есепке...
Енді қайттік, рушылдық таңғажайып күш алды.
Жалпыға ортақ ұлттық істер тізесінен тұсалды.
Рушылдық бұл кезеңде қамқорың ба, қасың ба?
Бәрімізге есеп берер кезең келді ғасырға.
Құнымыз не, еліміздің ертеңіне сенбесек?
Ұлтты сақтау мүмкін емес, рушылдықты жеңбесек!
Мұхтар Шаханов,
Қазақстанның халық жазушысы,
«Түркі тілдес халықтар арасындағы
ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері
***
Рулық қозғалыстардың елдік, ұлттық тұтастығымызға, ортақ бірлігімізге қауіп төндіре бастағанын, әрі оған бүкіл ел болып тосқауыл қояр шақ әлдеқашан жеткенін ешкім жоққа шығармайды. Біз рушылдықтың көлеңке тұстары тудырған жоғарыдағы жанайқайды толығымен қолдаймыз және сол рушылдықты қоздыратын, оған жол ашатын себептерді қоғамда бүкіл халықтық түрде талқылауды, әрі бұл маңызды игі шаруаны жұрт санасына орнықтыруда Мемлекет, Үкімет тарапынан өрелі шаралар іске қосылады деп сенеміз.
Амангелді Айталы, Қоғам және Мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор; Мұзафар Әлімбаев, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы; Мекемтас Мырзахметов, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Оразалы Сәбден, Қазақстан Ғалымдар Одағының президенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты; Мәмбет Қойгелді, Қазақстан тарихшылары қауымдастығының төрағасы, Тарих ғылымдарының докторы; Қабдеш Жұмаділов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы; Дулат Исабеков, «Мәдениет» журналының бас редакторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Темірхан Медетбек, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Рысбек Сәрсенбай, қоғам қайраткері, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы; Смағұл Елубай, жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті; Ғаббас Қабышұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі;Софы Сматаев, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Еркін Рақышев, «Жас Ұлан» киностудиясының директоры; Мәди Манатбек, Қазақстан Республикалық Теле-Радио корпорациясы Акционерлік Қоғамы төрайымының орынбасары; Арман Шораев, «КТК» телеарнасының директоры; Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Асылы Осман, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Әзірбайжан мәдени-орталығының төрайымы; Хайролла Ғабжалилов, «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті; Бейбіт Қойшыбаев, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының бірінші орынбасары; Совет-Хан Ғаббасов, жазушы, Медицина және педагогика ғылымдарының докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Назарбек Қанафия, филология ғылымдарының кандидаты; Талжан Райымбердиев, Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің ғылым және халықаралық істер жөніндегі вице-президенті, Техника ғылымдарының докторы, профессоры; Құдияр Біләл, жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері; Мұхтар Тайжан, Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті; Жұмабек Кенжалин, «Қазақ газеттері» ЖШС-ның бас директоры; Төлен Әбдік, «Өркениет» журналының бас редакторы, «Түрік әдебиеті әлемінің 2013 жылғы жыл адамы», ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Жарылқап Қалыбай, «Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының бас редакторы; Шамшиддин Паттеев, «Түркістан» газетінің бас редакторы; Әшірбек Көбішев, «Өнер» баспасының директоры; Қазыбек Иса, «Ақ жол» саяси партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері; Ермұрат Бапи, «Дат, тақсыр!» - «Общественная позиция» газетінің бас оқырманы; Айдос Сарым, саясаттанушы; Дәурен Қуат, «abai.kz» ақпараттық порталының жетекшісі; иса Омар, «Замана» баспа үйінің бас директоры, «Жалын» журналы тағайындаған Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері; Мереке Құлкен, жазушы, «Өлке» баспасының президенті; Ертай Айғалиұлы, «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы; Сейдахмет Құттықадам, саясаттанушы, «Мысль» журналының бас редакторы; Аманхан Әлім, «Ақиқат» журналының бас редакторы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері; Марат Тоқашбаев, «Президент және халық» газетінің бас редакторы; Қоғабай Сәрсекеев, «Қазақ» газетінің және «Айқап» журналының бас редакторы; Самат Ибраим,«Ана тілі» газетінің бас редакторы Дәурен Бабамұратов, «Болашақ жасАР» газетінің және «Жастар үні» журналының бас редакторы; Қажымұқан Ғабдолла, «Майдан» газетінің бас редакторы; Ардабек Солдатбай, «shyn.kz» интернет газетінің бас редакторы; Ақберен Елгезек, «ult.kz» порталының бас редакторы; Төлемырза Темірбекұлы, ақын, «Төртінші билік» газетінің бас редакторы; Шакизада Әбдікәрімов, ақын, Қызылорда қоғамдық теле-радиокомпаниясының төрағасы, Жанболат Мамай, «Рух пен Тіл» клубының төрағасы, «Ашық Алаң - Трибуна» газетінің идеялық жетекшісі; Сәуле Әбединова, «Ақжүніс Астана» журналының бас редакторы; Жасұлан Сұлтан «Жастар todey» газетінің бас редакторы; Әшірбек Сығай, сыншы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты; Серік Тұрғынбекұлы, ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты; Эрнест Төреханов, Алматы қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы; Сайлау Батыршаұлы, Астана қалалық «Мемлекеттiк тiл» республикалық қоғамдық қозғалысының төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты; Көбейсін Алтынбеков, медицина ғылымдарының докторы, профессор; Жұбаныш Жексенұлы, әнші, ҚР Мәдениет қайраткері; Ибрагим Қошқари, жазушы, «Достық көпірі» баспасының директоры, «Қазақтану» қоғамдық қорының төрағасы; Құсайын Рысалды, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастары және әлем тілдері университетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессоры; Қарлығаш Қожамұратова, «Алаш аманаты» қоғамдық бірлестігінің төрайымы; Әміржан Қосанов, «Азат» ЖСДП бас хатшысы, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты; Досмұхаммед Нұрахмет, «Ұлт патриоттары» қозғалысының төрағасы; Әлібек Қаламбаев, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Сарыағаш ауданының құрметті азаматы; Қалдыбек Құрманәлі, композитор, Шәмшітанушы; Бейсенғазы Сәдуұлы, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; Секен Тұрысбеков, күйші-композитор, «Ақжауын» Мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі; Рақым Айыпұлы, «Жебеу» РҚБ орталық атқару кеңесінің директоры; Жангелді Шымшықов, Астана қалалық тіркелмеген «Халық рухы» партиясы ұйымдастыру комитетінің төрағасы; Мұхит Дербісәлі, экономика ғылымдарының кандидаты; Доқтырхан Тұрлыбек, Халықаралық Түркі әлемі телестудиясының бас директоры, халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлықтың лауреаты; Марат Бөтеев, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы; Зәуреш Батталова, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту» қоғамдық қорының төрайымы; Еркінбек Серікбай, жазушы, Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауының лауреаты, Дүниежүзі жас түрік жазушылар одағының мүшесі; Барета Ерғалиева, Қазақстанның «Демократия және құқық» орталығының төрайымы; Кенесары Қаптағай, «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы; Нұржан Ошанбеков, «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының жауапты хатшысы; Кәмнұр Тәлімұлы, Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры; Жұмаш Кенебай, «Таным» пікірсайыс клубының жетекшісі; Жұмабек Ашуұлы, Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы; Қасымхан Жұманазаров, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент; Мақсұт Қалыбай, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңірген зейнеткер; Әзімбай Ғали, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы; Аманғазы Кәріпжан, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі; Сапабек Әсіп, жазушы, «Жер және қазақ тағдыры» жазушылар комиссиясының төрағасы; Мырзан Кенжебай, ақын, ҚР мәдениет қайраткері; Жұпаргүл Бейсенова, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Тоқтарәлі Таңжарық, ақын, «Серпер» жастар сыйлығының иегері; Жанна Иманқұлова, журналист, Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының магистрі; Нұрғали Жүсіпбай, Дүниежүзі түркі жастары Одағы «Демократия және адам құқықтары» орталығының координаторы; Cерік Қалиев, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі; Жарылқасын Дәулет, сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері; Сахан Әкелей, әншi, Халықаралық әншілер конкурсының лауреаты; Тілеуберді Бинашев, мүсінші, ҚР еңбегі сіңген қайраткер; Дәурен Мұқанов, аудармашы, әдебиеттанушы; Мұхаммед-Шәріп Кенжебай, Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты; Руза Бейсенбайтегі, «Желтоқсан ақиқаты» РҚҚ Павлодар облыстық филиалының төрайымы; Ағыбай Мұқатайұлы, ғалым-журналист; Марат Уатқан, журналист;Өміржан Әбдіхалық, журналист; Мұхтархан Абаған, «Кенесары хан» қоғамдық қоры төрағасы; Ұларбек Дәлей, ақын, Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері;... Барлығы 143 адам қол қойды.