Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
3259 0 пікір 22 Қыркүйек, 2022 сағат 14:48

Наразы топ: "Путинді соғысқа жіберейік"

Ресейде кеше мобилизация жарияланды. Бұл күтілген әрекет болды десек те болады. Путин билігі Харьков облысындағы жеңілістен кейін, қоғам алдындағы беделі түсті. Кремль пропагандистері әскердің жеңілісін айта бастады. 

Мәскеудің бұл жағдайда екі таңдауы болатын. Біріншісі ұрыс даласындағы сәтсіздікті мойындап, келіссөзге келу. Екіншісі, мобилизация жариялап, соғысты жалғастыру, Путин екінші нұсқаны таңдады. Нәтижесінде Ресейде сөз жүзіндегі жартылай мобилизация жарияланды, ал іс жүзінде бұл толық мобилизация болмақ. Себебі Ресей қорғаныс министрлігі 300 мың адамды жұмылдырамыз десе де, шындығында лимитті арттыруы мүмкін.

В России проходят протесты против мобилизации – Газета.uz

Мобилизацияға ең бірінші бұрынғы әскерилер мен соғыс тәжірибесі барлар алынады. Алайда қағаз жүзінде солай болса да, шын мәнінде басқаша. Ресейдегі парақорлық деңгейіне қарап, қаржысы жоқтар соғысқа кетеді деуге толық негіз бар.

Ресей халқы бұл шешімге үш түрлі реакция білдірді. Бір топ Путиннің шешімін дұрыс десе, енді бір топ елден кету жолдарын іздеп, ұшақ пен поезға билет іздеп кетті. Көлікке отырып, шекара аспақ болғандар саны да жетерлік. Үшінші топ қала көшелеріне шығып, наразылықтарын білдірді.

Мобилизация жариялағаннан кейін оппозиция өкілдері, Навальныйдың командасы мен соғысқа қарсы қозғалыс өкілдері митингке шақырды. Ресейде Мәскеу уақыты бойынша 19:00-ге наразылық акциялары өтеді деп жарияланды. Ресейдің 30-дан астам қаласында акциялар өтіп, екі мыңға жуық адам ұсталды.

В России проходят протесты против мобилизации – Газета.uz

Ескі сценарий бойынша өтті. Көшеге шығып, соғысқа қарсы ұрандар айтты. "Соғысқа жол жоқ", "Путинді соғысқа жіберейік", "Ресей-Украина достығы жасасын" деп ұрандады халық. Тәртіп сақшылары митингке шығушыларды ұрып-соғып, алып кетті. Осылайша митингтер мақсатсыз, нәтижесіз аяқталды.

Батыс сарапшылары Ресейдегі митингтер нәтиже бермейді деп санайды. Себебі көшбасшы жоқ, халық аз, ал ұйымдастыру әдісі ескі. Бұл оңай басылып-жаншылады дейді олар. Осылайша Ресейдегі антисоғыстық әрекеттер басталмай жатып, бітті.

Abai.kz

0 пікір