Жұма, 22 Қараша 2024
Сайлау 3985 42 пікір 1 Қазан, 2022 сағат 13:47

«Ауылдан» Жигули, ЖСДП-дан Нұрлан...

Кешелі-бері Тоқаевқа ықтимал бәсекелестер анықталып жатыр. Елдегі бес партияның бірі - «Ауыл» партиясы 30-қыркүйек күні Астанада өткен кезектен тыс сьезінде бір ауыздан Жигули Дайрабаевты президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды.

Жигули Дайрабаев биыл 67 жаста. Жамбыл облысының тумасы. «Қазақстан фермерлер одағы» қауымдастығының президенті. 2022 жылдың маусым айында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауыл шаруашылығы кешені комитетінің төрағасы болып сайланған.

Кезінде «Нұр Отанның» мүшесі болған.

«Адал» партиясының атынан Мәжіліс сайлауына түскен.

Жер дауына байлынысты құрылған Үкіметтің экс-мүшесі Ералы Тоғжанов басқарған «Жер комиссиясының» құрамында болған. Қазір аты-затына сай «Ауылдық».

2019-жылғы президент сайлауына «Ауыл» партиясынан Төлеутай Рақымбеков қатысып 3.04% дауыс жинаған еді.

Бүгін 1-қазан күні Жалпыұлттық социал-демократилық партиясы да Атанада сьезін өткізіп, Нұрлан Әуесбаевты президенттікке үміткер деп тапты.

Партия атынан сайлауға түсуге елге танымал Жасарал Қуанышалин, Уәлихан Қайсар, Оразалы Сәбден, заңгер Мұстахим Төлеев те өтініш білдірген. Бірақ, жиналысқа қатысқан 49 делегаттың бірде-біреуі олардың кандидатурасын қолдамаған. 48-і партияның Астана филалының жетекшісі Нұрлан Әуесбаевты Тоқаевқа бәсекелес бола алады деп тапқан.

Нұрлан Әуесбаев 65 жаста. Түркістан облысының тумасы. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін бітірген. Саяси амбициясы өзіне ғана аян. ЖСДП-лар 2019 жылғы президент сайлауына байкот жариялаған еді.

Президент сайлауына кандидат ұсынуға тағы 10 күн бар. Парламетте орны бар «Ақ жол» жуырда сьезд өткізбек. Ал «Қазақстанның халық партиясы» күн ілгері Тоқаевты қолдайтынын білдірген еді. Жаңа тіркелген «Халық дербестігі», «Намыс», «Байтақ» жасылдар партиясы үміткер ұсынып үлгере ме, ол жағы белгісіз.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

42 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270