Сәрсенбі, 30 Қараша 2022
Сайлау 2255 20 пікір 3 Қазан, 2022 сағат 12:32

Президент болғысы келгендер кім еді?

Кезекті президент сайлауына Тоқаевтен басқа қазіргі күнге дейін үш үміткер анықталды. "Ауыл" партиясынан Жигули Дайрабаев (67 жас), ЖСДП-дан Нұрлан Әуесбаев (63 жас), "Аманат" кәсіподақ достастығы қоғамдық ұйымынан Мейрам Қажыкен (61 жас). Айтып-айтпай алпыстағылар көш бастап тұр. Президенттіктен дәмелілер қатарына қосылатындарға сәуегейлік жасаудан бұрын, Тәуелсіз мемлекетіміз тарихында кімдердің ел басқаруға өтініш білдіргенін шолып өтсек.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әйдік Олжас ақын Назарбаевпен бәсекелес болам деп "гур" етті де, артынан басылды. Кеңес кезінде-ақ, Тәуелсіздік күресіне аттанған Қасен Қожахмет көкеміз де президенттіктен дәмесін әлі үзбей келеді.

Одан кейін ел есінде қалғандар: марқұм Серікболсын Әбділдин, Жармақан Тұяқбаев, Әлихан Бәйменов, Мэлс Елеусізов, Ғани Қасымов, Энгельс Ғаббасов, экс-министр Мадина Әбілқасымованың әкесі Ерасыл Әбылқасымов, коммунистер Жамбыл Ахметбеков, Тұрғын Сыздықов, Әбілғазы Құсайынов, 2019 жылғы сайлаудың көркін қыздырған Әміржан Қосанов, нәзік жанды Дания Еспаева, Сәдібек Түгел, Төлеутай Райымбековтар бар. "Жығылған күреске тоймайды" демекші әр жылдары тіркеуден өтпей қалған Жасарал Қуанышәлин, Уалиқан Қайсарлар биыл да ұмтылып көрді.

Саяси атмосферасы аумалы-төкпелі демократиялы елдермен салыстырғанда 32 жылдағы кандидаттар саны көп те емес. Мәселе сан да емес, саяси амбицияда. Екі-ақ, партия (Республикашылдар мен демократияшылдар) сайлау көрігін қыздыратын АҚШ-тан партия санымен озып тұрмыз.

Өкінішке орай көбінің аты бар да нақты әрекеті жоқ. Сайлау кезінде ғана ел мүдесі, тағдыры естеріне түседі. Биылғы алпыстықтардың елге ұсынар бағдарламалары әлі белгісіз. Біле-білсе қазіргі алма ғайып геосаяси жағдайдан туындаған экономикалық, әлеуметтік жағдай, оны шешу жолы кім-кімге де өзін көрсетуге жақсы орай болып тұр.

Халық елдегі қүрделі мәселелер туралы әр қайсы үміткерге сұрақ қойғысы, жауабын естігісі келеді. Олардың сайлау бағдарламаларында көптің көкейіндегі мәселелер қамтылуы керек. Қазір қатысқанын жеңіс көретін уақыт емес. Халықтың сеніміне селкеу түсірсе Жаңа Қазақстанның емес, Назарбаевтың заманындағы көп сайлаудың бірі болып тарихта қалары анық.

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Әне, көрдің бе?

Орыс патриотизмі және яхта

Есбол Үсенұлы 1538
Қазақтың тілі

Қазақтың тілі өлмесін десек...

Камшат Тасболатова 1635
Соғыста жүрген сұлулар

Майдандағы Украина арулары: Маргарита Ривчаченко

Айжан Темірхан 1812