Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4047 0 пікір 21 Қаңтар, 2013 сағат 08:42

Садық Смағұлов. Сыпатайда не құн бар?!

18 қаңтар күні «Сыпатай XIX - шы ғасырдағы көрнекті тұлға: әрі батыр, әрі би» деген тақырыпта мақала жариялаған еді. Енді міне, екі жаққа да сөз беру -   порталдың ұстанымына сәйкес, сол материалға қарсы  Садық  Смағұловтың «Сыпатайда не құн бар?!» мақаласы жарық көріп отыр.

Бұған дейінде Сыпатай Әлібекұлы төңірегіндегі екі тараптың мақаласы жарияланған. Алайда, әр нәрсенің өлшемі бар. Сыпатайға байланысты мақалалар легінің соңы руаралық дауға ұласып бара жатқанын көзіқарақты оқырман көрді. Сондықтанда бұдан кейін Сыпатай Әлібекұлы жөніндегі айтыс-тартысқа толы даулы мақалаларды жариялауды тоқтататынымызды материал жіберуші қос тарапқа ескертеміз!

РЕДАКЦИЯ

 

Батырда да батыр бар,

Қылышын қанға суарған.

Сыпатайда не құн бар,

Көз ашпаған ұрлықтан?

Тірісінде Ботпайға,

Адам болып симаған.

Сатқындықтан арылып,

Дәрет суын алмған.

Жаназасы бұйырып,

Алладан рақым  болмаған.

18 қаңтар күні «Сыпатай XIX - шы ғасырдағы көрнекті тұлға: әрі батыр, әрі би» деген тақырыпта мақала жариялаған еді. Енді міне, екі жаққа да сөз беру -   порталдың ұстанымына сәйкес, сол материалға қарсы  Садық  Смағұловтың «Сыпатайда не құн бар?!» мақаласы жарық көріп отыр.

Бұған дейінде Сыпатай Әлібекұлы төңірегіндегі екі тараптың мақаласы жарияланған. Алайда, әр нәрсенің өлшемі бар. Сыпатайға байланысты мақалалар легінің соңы руаралық дауға ұласып бара жатқанын көзіқарақты оқырман көрді. Сондықтанда бұдан кейін Сыпатай Әлібекұлы жөніндегі айтыс-тартысқа толы даулы мақалаларды жариялауды тоқтататынымызды материал жіберуші қос тарапқа ескертеміз!

РЕДАКЦИЯ

 

Батырда да батыр бар,

Қылышын қанға суарған.

Сыпатайда не құн бар,

Көз ашпаған ұрлықтан?

Тірісінде Ботпайға,

Адам болып симаған.

Сатқындықтан арылып,

Дәрет суын алмған.

Жаназасы бұйырып,

Алладан рақым  болмаған.

(белгісіз ақынның жырынан)

 

Ей, Әпендім! Ассалаумағалекүм! Ояндың ба, ұйқыңнан? Жеті-сегіз айдан бері ойланып толғанғанда атаң Сыпатай түсіңе кіріп аян бермеді ме, батырлығын баяндай алмадың. Шешендігін шешіліп айтып, көсемдігін көрсете алмадың. Тым болмаса битіңді сығып билігін айтпадың. Малтаңды езіп ұлы тарихшы Е. Бекмахановты күстәнәлай бересің ол ҰЛЫЛЫҒЫН көзінің тірісінде көрсетіп докторлықты екі рет қорғап қазақ тарихының көкжиегін кеңейтіп кеткен. Ал сен темір терсектің кандидаттығын орыстардан сатып алып, қисық болт ойлап таба алмай сарыкемік болып әлі жүрсің. Енді тарихшы болып әр шөптің басын бір шалып, сатқыннан батыр жасап докторлық қорғамақсың ба, Әпендім! Шұңқырдағы тұнық суды қайта-қайта сапырып, лайлап, жарапазаныңды қанша көшіріп бастыртсаңда атаңның сатқындық атағы жуылып шайылмайды. Жарым ес адамнан, жартыкеш ой шығады. Бұрынғы жартас сол жартас, қосқан жаңалығың «Мұхтар Қазбеков, жүйелік әдіспен көшпенділер тарихын зерттеуші» сенің мақалаңды жүйелей алмаған зерттеуші нені зерделей алады?

Мен Сыпатай туралы «Қазақ әдебиеті» газетінен Үміткен Сүйінішқызының ғалымдар мен мамандарға қара қазандай өкпесін айтып, Сыпатайдың саяси келбетін ашып, бағасын бермеді дегеніне жауап бергенмін. Ғалымдардың, мамандардың, тарихшылардың Сыпатайдың бағасын әлдеқашан беріп қойғанын ескеріп, екі авторға арнап «Түрік әлемі» газетінде «Сыпатайдың саяси келбеті - сатқындық» деген мақала жарияладым. Ол мақалама әсіре сыпатайшыл темір-терсек ғылымдарының кандидаты Әпенді Әлібек Бүрлібав «Сыпатай сатқын емес», «Әруақпен арпалысу» деген интернетте екі мақала жариялады.  Ол мақаланы сыпайылап өңдеп мені қорқытып үркіткенін алып тастап, есесіне Кенесары ханды, тарихшы Бекмахановты жерден алып, жерге соғып тілі жеткен жерге дейін «тырнағымен бауыздап сойыпты». Әсіре сыпатайшыларды (Орманжан, Ауысқан) ертіп барып, Сыпатайдың батырлығын көрсете алмаған, өңдесе де өң бере алмаған мақаласын «Түркі әлемі» газетіне (№ 5 (121) 2012 жыл) күштеп жариялатты.

Мен мақаламда Сыпатайдың сатқындығын мұрағат материалдарымен, тарихи құжаттармен дәлелдеп жазған болдым. Олар «өтірігімді» шығарып батырлығын дәріптеп, көсемдігін көзге шұқып көрсете алмады. Тым болмаса Сейсен Қожеке құсап Абылай ханның ардақты батырларының бірі Шағатай-Сәмен батырдың баласы ҚАПСАЛАННЫҢ жылқысын ұрлап, өзін қылышпен шауып тастады немесе Аян Нысаналин құсап тірі жолбарыстың бүйрегін суырып алды деп те жазбадыңдар.

Әсіре сыпатайшылар! Сыпатайдың   1781 жылы туғанын растап тарихшылар жазады. Қапсалан қырғыздардың қолынан 1788 жылы 57 жасында өлгені де Шағатай руының шежіресінде бар.   Сонда Қапсалан өлген жылы Сыпатайларың 6 (алты) жаста болып шығады. Бұл Ботпайлардың өтірігі ме, әлде сыпатайшылардың өтірігі ме? Сыпатайға табынып жүрген сыпатайшылардың атасы, төрт дулаттың бірі БОТПАЙ-ды Сайрамда ескерусіз қалдырып, Сыпатайды сатқындардың көсемі деп ескерткіш қойып ұлықтағандарыңды жарықтықтың әруағы кешіре ме?

Сөзді доғарайын дегенде «Общественная позиция» газетіне (№21 (149) 16.05. 2012 жыл) «Сыпатай батыр - это наша гордость» деген Қаныш Мұқашов, СССР-дің, ҚазССР журналшысы Қамбарбек Иманәлиев, Меркенің өлкелік-тарих мұрағатының ғылыми қызметкері Л. Барақбаевалар қол қойған көлемді мақала жарық көрді. Менің атымды атамаса да «появились в интернете, дающие тенденциозные, ложное представление о деятельности батыра Сыпатая. Мы хотим восстоновить справедливость» деп жазыпты. Жақсы-ақ. Дәлелге алты кітаптың атын келтіріпті. Соның ешқайсысында «Сыпатайдың батырлығын» көрсететін сөз жоқ. Интернетте «Сыпатай батыр» сайтын ашып, батырын дәріптейтін бір ауыз сөз жоқ. Сыпатайға қатысы жоқ ескі аңыздың екі дастанын жариялапты. Бос тұрмасын дегендері болу керек.

Генерал Вишневскидің алдында «Руководителей Большой Орды присягнули на верность и присоединение к России» деп жазады. Оған қол қойған 38 адамның ішінде Рүстем төре, Сыпатай батыр жоқ. Ол кезде екеуі де Кенесарының әскери кеңесіне қатысып қырғызға қарсы соғысты қолдап жүрген. Соғыс кезінде  Байзақ датқа, Рүстем төре қолға түседі, үшінші күні Кенесары, Наурызбай өлтіріледі. 14 жасар Ағыбайдың баласының, оның шөбересінің аузымен «Сыпатай қырғыз-қазақ соғысына қатысқан жоқ» дегіздіреді. Қырғыз тарихшылары Кенесарыны тастап қашып, қырғыздардың қолынан найзаға түйреліп жатқанда Бөлтірік шешен өлімші Сыпатайды тауып алып емдейді. Қатыспаса қалайша найзаға қырғыздардың қолынан түйреледі?

Екінші беттегі мақалада (авторы Балтабек Өмірияев-Умирьяев): «В Мерке установлен памятник Спатаю Алибекову, который в судьбоносный момент истории предал хана Кенесары, сбежав ночью со своим войском перед решающим сражением.» «...Так что на совести Спатая Алибекова не только гибель 15 султанов и многих казахов, а гибель нашей независимости, которую не смог установить Кенесары, потому что было предостаточно предателей интересов народа». «В последующем из личных интересов Спатай сражался против своего народа в составе колонниального войска Колпаковского, а сыновья принимали участие в завоевательном паходе полковника Черняева» Сенің «Абай-ақпараттағы» мына жазған мақалаңа толық жауап. Менің талдап жатуымның қажеті жоқ.

Менің Құдайдан да, сыпатайшылардан да сұрағаным Сыпатайдың батырлығын, көсемдігін, шешендігін, билігін соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп беріңдер деген едім. Мысалы, бір  мақаламда жазғандай «Ағыбай батыр қырғыз манабы Кәрібозды өлтіріп атын, қару жарағын Кенесары ханға сыйлаған» дегендей Сыпатайды неге жазбайсыңдар. Сондықтан интернеттің бір «қонағы» «қара итті қанша жуса да ағармайды» дегені рас болса, Сыпатайдың сатқындығының ағармайтындығы осы екі мақаладан да көрініп тұр.

Атақты жазушы Қабдеш Жұмаділов Орта жүз ханы Абылайға «Мен Әбілхайыр ханды Ақ патшамен әмпей болып, өз елін сырттай саудалағаны үшін де емес, ең зәру шақта  ел ішіне іріткі салып, бір тұтас қазақ қолын ыдыратқаны үшін кешірмеймін ЛАҒНЕТ! ЛАҒНЕТ жаусын Әбілхайыр ханға» дегіздіреді. Осындай қарғысты Сыпатайға да айту керек еді. Уақтысында  айтылып, енді кеш қайталанып жатыр.

Ал Әбілхайыр хан Абылайдың туған атасы, Бопай ханымнан туған Қарашаш сұлуды алып отыр. Оның үстіне Абылайды тұтқыннан босату үшін  баласы Айшуақты аманатқа берген адам. Әбілхайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапқанда көңіл айтуға барған адам. Әбілхайырдың жақсылығын көре отырып қалай лағнет айтады?

Төле би: «Барақ сұлтанның басы даудан арылса, Ұлы жүзге хан сайлаймыз дейді. Әбілхайыр ханды өлтірген Барақ сұлтанды хан тағына шақырса, Барақ сұлтан дұрыс жасаған деп отырғаны емес пе?

Қаз дауысты Қазыбек би: «Ашыққан - ұры, ашынған - долы. Барақ сұлтанның ақ алмасы көптен қайраулы жүрсе де, бұл жолы Барақ сұлтанды айып - анжыдан ада, қолы күнәдан таза, Әбілхайырдың бұл дүниеде құны сұраусыз» дегіздіреді. Не деген ащы сөз.

Төле би Барақ сұлтанды хан сайлаймыз десе, Қазыбек би мен Абылай хан бір жақ болып неге Әбілхайырға ЛАҒНЕТ жаудырып, құны сұраусыз дейді.

Қазыбек биді екі сөйлету не мақсаттан туған? Әбілхайырды ақтап алу үшін бе?

Қ. Мұқанов деген ғалым-профессор Барақ сұлтанды сойып салам деп Қазыбек бидің аузына мына сөзді салады «Уай, Барақ! Ойланбай жасаған қылмысыңмен Орта жүзді ойсыратып кетер салмақ түсірдің. Елдің саулығын қашырып, қаскөйдің жаулығын бастадың. Ханыңды қарадай өлтірсең, халқыңды қынадай қырарсың. Жауыздық қақпасын ашсаң, қанын судай шашарсың. Жүрегіңнің ізгілігі өлмесе, салған жараны өзің жазып ал. Өлген тірілмейді, өшкен жанбайды. Сен өлгеннің ісін жалғастырып, өшкеннің отын тұтатсаң өмір азбайды, шырақ қайта маздайды. Жайлауымды өрт, жұртымды дерт шалмасын десең Әбілхайырдың Орынбордағы аманаттағы баласы Айшуақты ұлыңмен ауыстыр. Қаның мен құныңды кешірсін десең ұлдарының алдына барып кісілігіңді тастап, кісеңді мойныңа сал! Кіріптарланып қол қусыр! Қаныңды шашама, құныңды кесе ме, қылмысыңды кеше ме - солар құныкерлер шешеді. Сен үшін жақыннан жат табар, ағайыннан алашы іздер Орта жүз жоқ!» Кесіміме көнбесең, бүкіл Орта жүз тұрмақ, Ұлы жүзге симассың. Сиғызбаспын! Ауып кетем деп дәмеленбе, жоңғарға да өткізбеспін!» - деп   қатаң талап қойып, Барақ сұлтанды жерден алып жерге соғады. Мұншама ұзақ сонар сөз Қаздауысты Қазыбек бидің бұрынғы жарияланып келген шешендік сөздерінің мақамына да, мәнеріне де келмейді.

Қаздауысты Қазыбек би мен Абылай ханның соттап отырған адамы Әбілхайыр хан. Соғысты орта жолдан тастап кетсе де, ол ұлы хан, ұлы қолбасшы.  Қайып, Болат, Әбілмәмбеттерден өлсе өлексесі артық еді. Ел басына күн туғанда қолбасшы сайлайды. Бейбіт күнде ел билеуге ұлы хандықты бермейді. Биге де батырға да теңдік бермей кететінін білді. Өйткені тым өзімшіл, жеке дара билеуші диктатор еді. Абылай да түгел билік қолына тимей тұрып-ақ, екі биді шеттетіп тастап, Әбілмәмбетті ешбір мәселе шешпейтін тақ қараулы етіп, бар билікті өзі алған жоқ па еді. Әбілхайыр да ұлы хан болғанда, тап Абылайдай болатын еді.

Сыпатай Дулаттың он екі мың қолының арсына іріткі салып таңертеңгі майдан басталар алдында қашып кетеді. Рүстем төре, Байзақ датқа өздерін өлтірмесін білген, қырғыздармен Сыпатай солай келіскен. (12 мың қол үлкен күш емес пе! Қырғыздардың санаспасқа амалы жоқ еді) Кенесары ханға Сыпатайдың сатқындығы осылай жасалған. Сыпатайдың сатқындығы Әбілхайырдан кем емес, нағыз қарғыстың адамы. Бүгін келіп оның сатқындығын менің Әпендім, жуып шаяды. «Қара итті қанша жуса да ағармайтынын» Әлібектің жандайшап сыпатайшылары қалай түсінбейді? Әлде, сатқындық жалғасып келе ме?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5326