Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2677 13 пікір 7 Қазан, 2022 сағат 21:04

Санкт-Петербург жиынында не айтылды?

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Жиынға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев келді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинді 70 жас мерейтойымен құттықтап, оның Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстан президентінің орыс тілін қолдау және ілгерілету мақсатында ТМД аясында халықаралық ұйым құру туралы бастама көтергеніне алғыс айтты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД аясында орыс тілін қолдау және ілгерілету бойынша халықаралық ұйым құру туралы бастама көтергенін де қуана атап өткім келеді. Президент Тоқаевқа біздің алғысымыз шексіз, бұл барлығы үшін маңызды бастама деп ойлаймын. Орыс тілі, әрине, мемлекетаралық қарым-қатынас тілі болып саналады. Сондай-ақ Ресейде миллиондаған ТМД азаматтары жұмыс істейді. Олар бір жағынан Ресейдің даму жоспарларын жүзеге асыруға көмектессе, екінші жағынан тапқан қаражатына өз отбасылар асырап отыр», – деді Владимир Путин.

Путин 2023 жыл ТМД-да ұлтаралық қатынас тілі ретінде «орыс тілі жылы» деп жарияланғанын еске салды.

Жиын барысында ТМД елдерінің басшылары ұйым қызметінің басым бағыттарын, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту жөніндегі жоспарды талқылады.

 

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371