Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 2504 6 пікір 11 Қазан, 2022 сағат 10:17

Баға өсімі соғыс болған елдердегідей...

Қазақстанда баға шарықтап барады. Бейбіт елдегі баға өсімі соғыс болып жатқан елдерге жақындап қалыпты. 

ТМД елдері арасында, Trading Economics мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың тамыз айында азық-түлік бағасының ең көп жылдық өсімі Молдовада тіркелдіү Бұл елде баға бірден бір жыл ішінде 38,4%-ға өскен. Артынша Украина тұр, соғыс ошағында жатқан Украинада бір жылда баға  30,7%-ға өскен. Үшінші орынды Қазақстан иемденіпті, бізде баға 21%-ға өскен.

Әзербайжанда, Беларусьте және Қырғызстанда бағаның жылдық өсімі 18,9%, Ресейде - 15,8%, Арменияда - 12,5% болыпты. Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанға қатысты нақты ақпарат жоқтың қасы. Бұл үш ақпаратты жасырын ұстауға тырысатыны бар.

Аймақтық тұрғыда ай сайынғы динамика бойынша Маңғыстау (2,1%-ға), Жетісу (1,9%-ға) және Абай (1,5%-ға) облыстарының тұрғындары бағаның ең қатты шарықтауын көрсе, ең аз өсім астанада (0,4%) байқалған. Жылдық динамика бойынша азық-түлік тауарларының бағасы ең көп Маңғыстау (25,8%-ға), Ақтөбе (23,5%-ға) және Ақмола (22,7%-ға) облыстарында өскен.

Жеміс пен көкөністер бір жылда 14,8%-ға қымбаттады. Оның ішінде жемістердің өзіндік құны бір жылда 11,9%-ға, көкөністер 11,8%-ға өскен. Жылдық динамика бойынша сүт өнімдерінің бағасы 24,6%-ға өсті. Оның ішінде сүт – 24,6%-ға, сүт консервілері – 28,9%-ға, ашытылған сүт өнімдері – 26,4%-ға қымбаттады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404