Алматы: Оқушыларға арналған орталықтарда қандай мүмкіндіктер бар?
«Тәрбие тал бесіктен» дегенмен өскелең ұрпақ тәрбиелеуде мектептің ролы ерекше. Болашақ иелеріне жан-жақты білім беру үшін шарт-жағдайы кемелді, озық оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілген оқу ғимараты керек. Президент Тоқаев Бұл мәселеге де ерекше көңіл бөліп, әрдайым назарда ұстап келеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында: «Білім алу үшін дұрыс жағдай жасау – мемлекеттің аса маңызды міндеті. Өкінішке қарай, бүгінге дейін көп талқыланғанына қарамастан, үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесі шешілген жоқ. Сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы Үкіметтің де, жергілікті атқарушы органдардың да ерекше бақылауында болуға тиіс. Үкімет пен Есеп комитеті әрбір теңгенің көзделген мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз етуге тиіс», - деп тағы да қайталап айтты. Халық болашағына жауапкершілікпен қарайтын ел басшысының тапсырмасына, бағдарына Республикадағы ең ірі мегаполис саналатын Алматы қаласының әкімдігі де немқұрайды қарамай, көш бастап келеді. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мырзаның бірқатар аудандарда өткен халықпен кездесуінен президент тапсырмасының әкімдіктің күн тәртібіне еніп, тиянақты шешімін тауып келе жатқанына көз жеткіземіз.
Атап айтқанда Алатау ауданында Art sport бағдарламасы бойынша 15 500 бала қамтылды
Әкімнің тапсырмасы бойынша қызмет көрсетушілердің қарызын өтеу және бағдарламаны жыл соңына дейін жалғастыру үшін әкімдік қосымша 7,3 млрд. теңге бөлді.
Мектепке дейінгі білім беру орындары мен орта мектептердегі орын жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін қалада жыл сайын жаңадан оқу ошақтары бас көтеруде.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Осы мақсатта елімізде, соның Алматы қаласында Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі үнемі мектеп оқушыларына арналған байқаулар мен олимпиада жарыстарын өткізіп келеді. Атап айтсақ, 2-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық байқауы, Алматы қаласындағы пікірсайыс қозғалысы бойынша аймақтық лига, 11-12 сынып оқушылары арасындағы Президенттік олимпиада, 3-10 сынып сынып оқушылары арасындағы «Алматы – әсем қала» атты эссе байқауы, «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауы тағы сол сияқты көптеген жас жеткіншектерді дамытуға, тәрбиелеуге арналға жарыстар толассыз өткізіледі.
Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы – оларды адамгершілік – рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек. Сонда ғана нағыз толыққанды тұлғаға айналады.Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға аралық қатынасын дәріптеу, өз құрбы – құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым – қатынасын жасай білу, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі, өзіне сын көзбен қарап, өзінің көңіл – күйін, атқарған іс - әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға бере алғанда оның болашағы биікте болары сөзсіз.Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі , дарындылық іс - әрекетімен сабақтастыра білгенде болашағы кемел болары сөзсіз.
Осыған орай балаларға арналған қазіргі уақытқа сай заманауи орталықтар Алматы қаласында жұмыс істеп тұр. Соның бірі екі жыл бұрын өз қызметін бастаған – Alatau Creative Hub орталығы. Ол "Алматы-2050" ұзақ мерзімді Даму Стратегиясында көрсетілген басым бағыттардың бірі креативті индустрияларды дамыту бойынша ашылған. Орталық мектеп оқушылары мен ересектер келіп шығармашылықпен айналысуға таптырмас орын. Шығармашылық таланттарды дамыту үшін жаңартылған кітапхана, коворкинг-кеңістік, балаларға арналған 25 тегін шығармашылық үйірме, шеберлік сыныптары мен презентациялар алаңы, медиатека ашылған. Үйірмелер арасында Мұрат Мұтырғановтың "Сен жұлдызсың" цирк өнері мектебі, Д. Шарапованың вокал мектебі бар. Сондай-ақ орталықта болашақ IT мамандарын дайындайтын жасөспірімдерге арналған IT зертханасы, стартап кеңістігі және Most IT инкубаторы, сондай-ақ бағдарламалау және робототехника мектептері құрылған.
Мектепте оқитын балаларын орталыққа алып келіп жүрген алматылық ата-аналардың бірі Дана Рахымова, мұндағы жағдайға көңілі толатынын жеткізді.
«Мен көп балалы анамын, 4 балам бар. Балаларымды осында алып келіп жүрмін. Керемет орталық. Бәріне көңілім толады»,-дейді.
" Alatau Creative Hub Қазақстандағы ерекше жоба. Себебі, мұндай аналогтар әлі жасалмаған. Бұл мультимедиялық кеңістік. Яғни, мұнда бәрі digital-өнермен, осы саладағы біліммен байланысты болып келеді. Мұнда қазір виртуалды кеңістіктегі барлық нәрсе – анимация, бейне-арт, 3D-проекциялар, VR-технологиялар бар", - деп атап өтті "Еуразиялық мәдени альянс" қоғамдық ұйымының басшысы Игорь Слуцкий.
Алматы мегаполисі халқына, әсерсе жас ұрпақтың болашағына арналған керемет мүмкіндіктер беруден шаршамақ емес.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында бәсекеге төтеп бере алатын ел боламыз десек, Қазақстандағы білімді, ғылымды жетілдіру керектігі туралы баса айтылған. Жолдауда көрсетілген ел экономикасын және ел басқаруды түбегейлі өзгертудің қажеттілігін өмірдің өзі талап еткендігін айта келе, Президент біздің болашақ дамуымыз жан -жақты сарапталған өзгерістер жасауға байланысты деп көрсетті. Соңғы жарты жылдағы әлемдегі індет, дағдарыс біздің әлсіз жақтарымызды ашық көрсетті. Жолдауда соның орнын толықтыруды ұсына отырып, жас ұрпақтың оқуына, үздіксіз білім алу және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына ерекше тоқталған болатын.
Алматы қаласы Президенттің тапсырмасын бүгінде мүлтіксіз орындап келеді деп сеніммен айта аламыз.
Abai.kz