Министр: «Келген орыстан кеткен орыс көп»
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанға келіп жатқандарға қарағанда кетіп жатқан ресейліктердің көп екендігін айтты.
"Ескі өмір салтына қайта оралдық. Бүгінде Ресейден келіп, елге орналасып жатқандарға қарағанда ел аумағынан тысқары кетіп жатқандардың саны артты. Күн сайын елге 8-9 мың адам келеді, 10-11 мың адам ел аумағынан шығып кетеді, - деп мәлімдеді министр.
Ал, Ресейде Якутия мен Тваның мобилизацияға ұрынған отбасыларына әкімдік орамжапырақ, пияз, сәбіз, тіпті, қой беріп, көңілдерін көншітпек. Бұл туралы "Политика сегодня" порталы жазды.
Әлеуметтік желідегі қауымды дүрліктірген хабарда қазан соңына дейін тұрғындарға тегін көкөніс таратылатыны айтылады. Ерекше "сыйлықтың" ішінде орамжапырақ, картоп, сәбіз, қызылша мен пияз бар екен. Әкімдік мұндай бастамалар арқылы ер адамдары мобилизацияға кеткен отбасыларды қолдауға тырыспақ.
Тывалықтар да мобилизацияға кеткендердің отбасыларына көрсеткен ерекше қамқорлығымен көзге түсті. Олар ұн, көмір, каптоп, тіпті, тұрғындарға қой берген. Әкімдік бұл әрекетке қатысты:
"Ұсақ малға қараған адам соғыста жүрген ет жақынына алаңдамайды, тұрмыстық мәселенің төңірегінен шыға алмай, ойы бөлінеді", - деп анықтама берді.
Украина ақпарат құралдары бұл жайтты сынға алып: "Енді тек олардың банктегі қарыздарын жабу үшін пияз, сәбіз, каптоп тасығанын күту қана қалды" деп жазуда.
Abai.kz