Гриша ағайдың қазаққа жаны ашыған емес және ашымайды да
Г.Марченко жағы талмай, көптен берi әйелдердiң зейнеткерлiк жасын ұлғайту мәселесiн көтерiп жүр. Есеп-қисапқа сүйенiп, ел бюджетiн үнемдеу жағынан сараптаса, бәлкiм, бұл ұсыныс дұрыс та шығар. Алайда халық қазынасын үнемдеудiң басқа жолдары барын басқа емес, дәл осы Марченко бiзден жақсы бiледi. Сөйте тұрып, ұлтқа бағытталған өлшеусiз қиянатты жасауға құлшынатынын қайтерсiз.
Зейнет жасын ұзартудың көптеген кемшiлiктерi күнi бүгiнге дейiн айтылып та, жазылып та келедi. Соған қарамастан, бас банкир өз ұстанымынан бас тартар емес. Оның себебiн iшiмiз сезедi де. Тек тiлiмiз қысқа. Әйтпесе, неге басқа өзiмiздiң қазақ азаматтары осындай ұсыныспен жұртты даурықтырып, есiн шығармайды? Шындап келгенде, қазақтың өсiп-өнуiне кiмдердiң мүдделi, ал кiмдердiң қаламайтынын осыдан-ақ бiлуге болады.

Қазiр салыстырмалы түрде алып қарасақ, отыздан асқан қазақ әйелдерiнiң денсаулығы сын көтермейдi. Тiптi тұрмыс құрмаған отыз жастағы қыздарымыздан жүрек-қан тамырлары жүйесiмен ауыратындары, гинекологиялық түрлi дертке және сүт бездерiнiң рак ауруына шалдыққандары өте көп. Бұрынғы апалары сияқты сапалы тамақ тұтынбаған, экологияның ластануы, әлеуметтiк жағдайының жетiспеуi жастарымыздың жүйкесiн жұқартып, мiнезiне сына қаққан. Ал ендi осы ұрпақтың буынын алпыс үш жаста зейнетке шығару қаншалықты қисынды? Көз алдыңызға елестетiп көрiңiзшi, ауру-сырқау, жүдеп-жадаған, әбден қажыған кемпiрдiң iлiнiп салынып жұмысқа келiп-кеткенi қалай болмақ? Кемпiр деп кемсiткенiм емес, бiрақ дәл қазiргi күнкөрiсi қиын жағдаймен алпысқа жетпей, кемпiрге айналған әйелдер көбейген. Ақша табу үшiн арпалысып, жанталасқан қыз-келiншектерiмiздiң жеке өмiрiне көңiл бөлуге уақыты да жетпейдi қазiр. Күнi-түнi жұмыс деп жүрiп, дұрыс тамақтануы да неғайбыл. Сөйткен әйелдерiмiздi жұмыс iстетуге тағы мәжбүрлеп, зейнетке шығу жасын ұлғайтсақ не болмақ? Мұндай апаларымыз үйдегi және жұмысындағы жастардың көз күйiгiне айналмай ма? Үйiндегi келiнi баласын енесiне тастап, жұмысқа шыққысы келедi. Ал өзге жастарға орнын босатпай, алпыс үшке дейiн қалт-құлт етiп жүрген апаның сүйкiмдi көрiнбесi анық. Қарап отырсаңыз, Марченко қоғамда осындай келеңсiздiк тудыруға, азаматтардың отбасылық, қызметтiк араздығын тудыруға белсенiп отырғандай. Қазақы менталитет бойынша, ата-әже келiнi мен баласының табыс тауып, аяқтарынан тұруы үшiн немерелерiн бағып жәрдем еткен. Егер Гриша ағайдың ұсынысы қабылданар болса, тiкелей қазақ ұлтының менталитетiне бiрiншi болып сына қағылады. Өзiмен енесi жарысып жұмыс iстеп жүрсе, қай келiн бала санын көбейтiп, үйде отырады? Осыдан келiп, демографияның да ахуалы ушықпай ма? Г.Марченко осыны көздеген болса, онда жағдайымыз мүшкiл болмақ.
Г.Марченконың айтқанына немқұрайды қарамай, бұған қоғам болып тойтарыс беретiн уақыт жеттi. Өзi өмiр сүрген мемлекеттiң ерекшелiгiн, қазақ халқының жағдайы мен менталитетiн ескермей, ессiз ұсыныс жасағыштарды жауапты қызметтерге жолатпау керек.
Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ
Алматы қаласы.
«Жас Алаш» газеті